Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

«Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

2019 жылғы 19 шілде Аққыстау ауылы

 

«Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы» Бөлім басшысының 2019 жылғы 19-шілдедегі №53 бұйрығына сәйкес жүргізілді.

Көрсетілен бұйрықтың 1-тармағына сәйкес Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты маман болып – Ж.Шаяхмет бекітілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2019 жылдың 19-20 шілде аралығы.

Талданатын мерзім: 2019 жылдың 1-жартыжылдығы.

Талданатын объект туралы мәлімет:

«Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Елорда көшесі, №54А үй, телефон: 8(71231) 7-91-91.

«Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Исатай аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 15-қарашадағы №206 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес атқарады және өкілетті аймағында автокөлік жолдарының күрделі жөндеу, салу, қайта өңдеу жұмыстарына мемлекеттік қадағалау жасау және қабылдау. Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, коммуналдық саланың нысандарын жөндеу, күрделі жөндеу іс-шараларын жасау және жүзеге асыру, автокөлік жолдары, елді мекендердегі көшелер, жалпы пайдаланымдағы жергілікті дәрежедегі автокөлік жолдары жүйесі саласындағы өкілетті органмен байланысты іске асыру,аудан көлеміндегі қысқа дайындық жұмыстарына бақылау жасау. Коммуналдық нысандардың құрылысы мен күрделі жөндеуіне бюджет қаржысының бөлінуіне қатысу және ұсыныстар беру. Ауылішілік, селоішілік жолаушылар және жүк тасымалын ұйымдастыру, маршруттарын бекіту, қозғалыс кестесін бекіту, жолаушылар тасымалына конкурстар өткізу сияқты қызметтерді жүзеге асырады.

«Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:

«Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің штаттық саны бойынша – 3 мемлекеттік қызметші.

Есепті кезеңдегі мемлекеттік қызметкердің нақты саны - 3.

Есепті кезеңде жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметкер -1.

Есепті кезеңде бөлімде жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкер саны -1.

Есепті кезеңде бөлімде лауазымы жоғарылатылған мемлекеттік қызметкерлер болған жоқ.

Мүдделер қақтығысын реттеу:

Ішкі талдау жүргізу кезінде Бөлім қызметкерлерінің арасында өздерінің лауазымдық өкілеттілігін лайықсыз орындауға әкеп соғатын өзара жеке қызығушылықтармен болған қарсылықтар анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету:

«Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру;

- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне қою,

- Мемлекеттік кәсіпорынның не мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру,

Есепті кезеңде аталған қызмет түрінен келіп түскен өтініштер.

Оның ішінде,

- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру-0;

- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы жалдаған тұрғын үйге мұқтаждар кезегіне қою-17 өтініш келіп түскен, 17 өтініш қанағаттандырылды,

Рұқсат беру функцияларын іске асыру:

«Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.

Бақылау функцияларын іске асыру:

«Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бақылау функцияларын іске асырмайды.

Мемлекеттік органдардың жүргізген тексеру нәтижелері:

Есепті кезеңде мемлекеттік органдардан тексеріс жүргізілді.

Талдау кезінде анықталған өзге де мәселелер:

Бөлім қызметкерлері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында сын жарияланымдар болған жоқ.

Қорытынды: Талдау жүргізу кезінде «Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жемқорлық тәуелділігі анықталған жоқ.

 

Бөлім басшысы А.Зиноллаев

Бөлімнің бас маманы Ж.Шаяхмет

Бөлімнің бас маман-есепші Д.Болат


Мақаланың шыққан күні: 29.07.2019 15:57

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.07.2019 15:57

Қаралым саны: 668