Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.04.2020

Қызметтер

«Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

2019 жылғы 19 шілде Аққыстау ауылы

«Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – Бөлім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы» Бөлім басшысының 2019 жылғы 19-шілдедегі №17 бұйрығына сәйкес жүргізілді.

Көрсетілен бұйрықтың 1-тармағына сәйкес Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты маман болып – Е.Есмағила бекітілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2019 жылдың 19-20 шілде аралығы.

Талданатын мерзім: 2019 жылдың 1-жартыжылдығы.

Талданатын объект туралы мәлімет:

«Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, №12 үй, телефон: 8(71231) 7-91-97.

«Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Исатай аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 29-қаңтардағы №14 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес атқарады және аудан көлемінде аймақтарды ұйымдастыру, аумақтар мен елді мекендерді дамыту мен аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру, көгалдандыру, объектінің ішкі-сыртқы келбетін жасақтау, қала құрылысы кеңістігін қалыптастыру жөніндегі жобалар жасақтау, жасалған жобаларға қатысу, авторлық қадағалау жүргізу, аудан көлеміндегі меншік нысанына қарамастан құрылыс жүргізуші заңды және жеке тұлғаларға округтердің әкімдерімен келісе отырып жер учаскелерін белгілеу, объектілерді нақты орналастыру, тұрғын үй құрылысын салуға рұқсат беру жөнінде құжаттар дайындау, аудан көлемінде қала құрылысы кадастрын жүргізуді ұйымдастыру және сәулет-қала құрылысы қызметі саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау сияқты қызметтерді жүзеге асырады.

«Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:

«Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің штаттық саны бойынша – 4 мемлекеттік қызметші. Есепті кезеңдегі мемлекеттік қызметшілердің нақты саны - 4.

Есепті кезеңде жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметкерлер жоқ.

Есепті кезеңде бөлімде жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлер саны - 1.

Есепті кезеңде бөлімде лауазымы жоғарылатылған мемлекеттік қызметкерлер болған жоқ.

Мүдделер қақтығысын реттеу:

Ішкі талдау жүргізу кезінде Бөлім қызметкерлерінің арасында өздерінің лауазымдық өкілеттілігін лайықсыз орындауға әкеп соғатын өзара жеке қызығушылықтармен болған қарсылықтар анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету:

«Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 10 мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:

- Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

- Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру;

- Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту;

- Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

- Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру;

- Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;

- ҚР-ның аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру;

- Эскиздік жобаларды бекіту;

- Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру;

- «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материялдарды ұсыну»;

Есепті кезеңде аталған 10 қызмет түрінен 428 өтініш келіп түскен.

Оның ішінде,

- Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту – 9;

- Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру - 0;

- Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту – 68;

- Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру – 0;

- Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау – 2;

- Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру – 0;

- ҚР-ның аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру – 271;

- Эскиздік жобаларды бекіту - 64;

- Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген

бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру – 2;

- Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материялдарды ұсыну - 12;

Рұқсат беру функцияларын іске асыру:

«Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ҚР-ның Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 30-қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген қағидалардың негізінде, тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру фунуциясын іске асырады.

Есепті кезең аралығында, аталған қызмет түрі бойынша 2 өтініш келіп түсіп, барлығы бірдей қанағаттандырылды.

Бақылау функцияларын іске асыру:

«Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бақылау функцияларын іске асырмайды.

Мемлекеттік органдардың жүргізген тексеру нәтижелері:

Есепті кезеңде мемлекеттік органдардан тексеріс жүргізілген жоқ.

Талдау кезінде анықталған өзге де мәселелер:

Бөлім қызметкерлері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында сын жарияланымдар болған жоқ.

Қорытынды: Талдау жүргізу кезінде «Исатай аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жемқорлық тәуелділігі анықталған жоқ.

 

Бөлім басшысы Д.Бекмұхамбет

Бөлімнің бас маманы Е.Есмағила

Бөлімнің бас маманы Н.Қыстаубай


Мақаланың шыққан күні: 26.07.2019 15:08

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.07.2019 15:08

Қаралым саны: 411