Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.04.2020

Қызметтер

Атырау облысы әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Атырау қаласы 2020 жылғы 31 қаңтар

Атырау облысы әкімі аппараты (әрі қарай – Аппарат) басшысының 2020 жылғы 15 қаңтардағы №1-НҚ бұйрығы негізінде 2020 жылдың 15-31 қаңтар аралығында Атырау облысы әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы (әрі қарай – Хатшылық) жұмысына ішкі талдау жүргізілді.

Талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

1) Хатшылықтың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Хатшылықтың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Хатшылықтың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 «Бюджеттік өтінімдерді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №284 «Қоғамдық келісім» КММ құру туралы» қаулысы, Атырау облысы әкімі аппараты басшысының 2018 жылғы 29 мамырдағы №191 бұйрығы зерделенді.

Көрсетілген құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмаған.

Сонымен қатар, Хатшылықтың, оның қызметкерлерінің және оған қарасты «Қоғамдық келісім» КММ функцияларын зерттеу барысында Қазақстан Республикасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын Атырау облысы бойынша іс-шаралар жоспары жасақталып, бекітілетіні анықталды.

Осылай, 2019 жылдың 18 қаңтарында 112-тармақтан тұратын, жалпы сомасы 23 миллион тенгені құрайтын 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген.

Алайда, бүгінгі күнге, мәдени және спорт шараларын жобалау бойынша бюджет әкімшілеріне арналған нұсқаулықтар бекітілмеген. Мәдени және спорт шараларын қаржыландыруды реттейтін заң нормаларының болмауы оларды өткізу бойынша бағаның негізсіз көтерілуі бөлігінде әлеуетті сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудырады.

Хатшылықтың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында мынадай мәселелер қарастырылды:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

2) мүдделер қақтығысын реттеу;

3) мемлекеттік қызмет көрсету;

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

5) бақылау функцияларын іске асыру;

6) Хатшылықтың ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Персоналды басқару бойынша:

Хатшылықта 2 штаттық бірлік қарастырылған (Басшы, бас-инспектор), сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша қызметкерлерді жауапкершілікке тарту жағдайлары болмаған, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған.

Мүдделер қақтығысын реттеу бойынша аффилиирленген тұлғалар анықталмаған.

Хатшылықпен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсетілмейді, бақылау және рұқсат функциялары атқарылмайды.

Хатшылықты талдау кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды:

Facebook – 267, Instagram – 251, Интернет ресурстарда (assembly.kz, atyrau.gov.kz, atyraukelisim.kz) – 279, БАҚ – 209, теледидар – 70.

Хатшылыққа қатысты талдау кезеңінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері түспеген.

Атырау облысы әкімі аппаратының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жұмысын талдау нәтижесінде мәдени және спорт шараларын қаржыландыруды реттейтін заң нормаларының жоқтығы анықталды.

Осыған орай, 2020 жылдың 29 мамырына дейін «Қоғамдық келісім» КММ-не тиісті нұсқаулықтарды әзірлеу бойынша уәкілетті органға ұсыныс енгізу ұсынылады.

 

 

Жұмыс тобының жетекшісі Е.Ғалиев

Жұмыс тобының мүшелері: Е.Жұмабай 

                                                А.Көпжанов

 

Таныстырылды:

Атырау облысы әкімі аппаратының

Қазақстан халқы Ассамблеясы

хатшылығының басшысы

Г.Шәкірова

 

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы

Л.Джылқышиева


Мақаланың шыққан күні: 07.02.2020 12:14

Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.02.2020 12:30

Қаралым саны: 140