Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

2019 жылғы 18 шілде Аққыстау ауылы

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі-Аппарат) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы» Исатай ауданы әкімінің 2019 жылғы 17 шілде №34 шешіміне сәйкес жүргізілді.

Көрсетілген шешімнің 1-тармағына сәйкес «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобының құрамы:

Гумаров Дархан Ізғалиұлы - аудан әкімі аппаратының басшысы, жұмыс тобының төрағасы.

Жұмыс тобының мүшелері:

Бозбалиев Нұрасбек Рахатұлы - аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы;

Құрасова Мейрамгүл Күнтуғанқызы - аудан әкімі аппаратының жалпы бөлім басшысы;

Рамазанова Ләззат Рамазанқызы - аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маман-заңгері

Сапарова Ақерке Қыдырғалиқызы - аудан әкімі аппаратының кадр қызметті және персоналды басқару бөлімі басшысының міндетін атқарушы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2019 жылдың 17-18 шілде аралығы.

Талданатын мерзім: 2019 жылдың бірінші жарты жылдығы.

Талданатын объект туралы мәлімет:

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі №12 үй, тел. 8-71-231-2-02-94, 2-04-87.

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әкім аппараты-жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда), әкімнің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.

Заңның 38-бабына сәйкес әкім аппараты жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Исатай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 15 қарашадағы №206 қаулысымен бекітілген «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды.

1) «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Есепті кезеңде Исатай ауданы әкімдігімен 153-қаулы, Исатай ауданы әкімімен 27-шешім, 155 өкім қабылданды.

Атырау облысы Әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткен қолданыстағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерден 1 (Исатай ауданында сайлау учаскелерін құру туралы аудан әкімінің 2019 жылғы 22 мамырдағы 23 шешімі, әділет органына тіркелу №4407, 2019 жылдың 23 мамыры.

Көрсетілген құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Атырау облысы Әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткен қолданыстағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге қатысты Прокуратура және Әділет органдары тарапынан ұсыныстар мен наразылықтар түскен жоқ.

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің штат саны бойынша 16 мемлекеттік қызметші. Есепті кезеңдегі мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 13. Бос лауазымдардың жалпы саны 3. (аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімі басшысы 1 тұрақты орын, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы 1 тұрақты орын, қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы 1 декреттік демалыстағы уақытша орын).

Есепті кезеңде жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметкерлердің саны-1. (Л.Рамазанова аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің 11.04.2019 ж. №98 ө., )

Есепті кезеңде лауазымы жоғарылатылған мемлекеттік қызметкерлердің саны-3. (А.Хамзина – аудандық ветеринариялық бөлімнің бас маманынан-аудан әкімі аппаратының қаржы шаруашылық бөлімінің басшысы лауазымына жоғарлатылған.01.03.2019 ж. №56 ө. Б.Сисатов-аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысынан-аудан әкімі орынбасары лауазымына жоғарылатылған. 01.04.2019 ж. №84 ө. Н.Утегенов-аудан

әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымынан босатыла отырып, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымына жоғарлатылған 01.07.2019 ж. №181ө.).

Есепті кезеңде жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлердің саны-2. (Ж.Қадыржанова-аудан әкімі аппаратының кадр қызыметі және персоналды басқару бөлімінің бас маманы лауазымынан, 03.05.2019 ж. №101 ө.,(бала күтімі демалысындағы негізгі қызметкердің орын) босатылған. О.Мусағалиев - аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы лауазымынан, 10.07.2019 ж. №198 ө. өз өтініші бойынша жұмыстан босатылған).

Кадрлардың ауысымына, орналасуына талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Жыл сайынғы еңбек демалысына барлық мемлекеттік қызметші жіберілген. Аудан әкімінің 2019 жылғы 6 наурыздағы №63 өкімімен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары келісілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ. Өз қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін І жартыжылдықта 2 мемлекеттік қызметшіге «ескерту» түрінде тәртіптік шара қолданылған 2019 жылдың 16 шілдедегі №203-204 өкімдерімен.

Ағымдағы жылдың 31 наурызға дейін мемлекеттік қызметшiлер мен олардың ерлі-зайыптыларының 2018 жылы алынған кiрiстер мен мүліктер туралы декларацияны тапсыру міндетті болып табылатындығы ескертілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.

Мүдделер қақтығысын реттеу:

Ішкі талдау жүргізу кезінде Аппарат қызметкерлерінің арасында өздерінің лауазымдық өкілеттігін лайықсыз орындауға әкеп соғатын өзара жеке қызығушылықтарымен болған қарсылықтар фактісі анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету:

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетпейді.

Рұқсат беру функцияларын іске асыру:

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.

Бақылау функцияларын іске асыру:

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бақылау функцияларын іске асырмайды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:

Есепті кезеңде Исатай ауданы әкімінің атына 46 өтініш келіп түскен. Барлық түскен өтініштер қанағаттандырылды. Исатай ауданы әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алу және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, қадағалап отыру аудан әкімі аппаратының жалпы бөліміне жүктелген.

Тұрғын үй мәселесі бойынша 17 өтінішке түсінік берілді, жер мәселесі бойынша 8 өтінішке түсінік берілді, әлеуметтік көмек мәселесі бойынша 3 өтінішке түсінік берілді, жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 2 өтінішке түсінік берілді, қаржылай көмек көрсету туралы 6 өтінішке түсінік берілді, тағыда басқа әр түрлі мәселелерге байланысты 10 өтінішке түсінік берілді.

Прокурорлық кадағалау актілері:

Есепті кезеңде прокурорлық қадағалау актілері түспеген.

Сот актілері:

Есепті кезеңде сот актілері түспеген.

Талдау кезінде анықталған өзге де мәселелер.

Аппарат қызметкерлері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында сын жарияланымдар болған жоқ.

Қорытынды: Талдау жүргізу кезінде «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жемқорлық тәуелділігі анықталған жоқ.

Аудан әкімі аппаратының басшысы, жұмыс тобының төрағасы Д.Гумаров

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық

жұмыстар және төтенше жағдайлардың алдын алу

бөлімінің басшысы

Н.Бозбалиев

 

Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлім

басшысы

М.Құрасова

 

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық

жұмыстар және төтенше жағдайлардың алдын алу

бөлімінің бас маман-заңгері

Л.Рамазанова

 

Аудан әкімі аппаратының кадр қызметті және

персоналды басқару бөлімі басшысының м.а.

А.Сапарова


Мақаланың шыққан күні: 22.07.2019 16:26

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.07.2019 16:26

Қаралым саны: 726