Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

2018 жылғы 22 маусым Аққыстау ауылы

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі-Аппарат) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы» Исатай ауданы әкімінің 2018 жылғы 20 маусымдағы №25 шешіміне сәйкес жүргізілді.

Көрсетілген шешімнің 1-тармағына сәйкес «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін жұмыс тобы құрылды.

Жұмыс тобының құрамы:

Құрманғали Асқар Құрманғалиұлы - аудан әкімі аппаратының басшысы, жұмыс тобының төрағасы.

Жұмыс тобының мүшелері:

Амиров Серік Ибрагимұлы - аудан әкімі аппаратының кадр қызметті және персоналды басқару бөлімінің басшысы;

Бозбалиев Нұрасбек Рахатұлы - аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің басшысы;

Құрасова Мейрамгүл Күнтуғанқызы - аудан әкімі аппаратының жалпы бөлім басшысы;

Мағазов Қуандық Сайфоллаұлы - аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар және төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бас маман-заңгері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі: 2018 жылдың 21-22 маусым аралығы.

Талданатын мерзім: 2018 жылдың бірінші жарты жылдығы.

Талданатын объект туралы мәлімет:

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі №12 үй, тел. 8-71-231-2-02-94, 2-04-87.

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әкім

аппараты-жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда), әкімнің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.

Заңның 38 бабына сәйкес әкім аппараты жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Исатай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 15 қарашадағы №206 қаулысымен бекітілген «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды.

1) «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Есепті кезеңде Исатай ауданы әкімдігімен 155-қаулы, Исатай ауданы әкімімен 25-шешім, 146 өкім қабылданды.

Атырау облысы Әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткен қолданыстағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны: Исатай ауданы әкімдігінің қаулысы-15, Исатай ауданы әкімінің шешімі -1, Исатай ауданы ауылдық округі әкімдерінің шешімдері-14.

Көрсетілген құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Атырау облысы Әділет департаментінен мемлекеттік тіркеуден өткен қолданыстағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге қатысты Прокуратура және Әділет органдары тарапынан ұсыныстар мен наразылықтар түскен жоқ.

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің штат саны бойынша 16 мемлекеттік қызметші. Есепті кезеңдегі мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 13. Бос лауазымдардың жалпы саны 3. (аудан әкімінің орынбасары 1 тұрақты орын, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы 2 тұрақты орын).

Есепті кезеңде жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметкерлердің саны-3. (А.Ғалымжанова- аудан әкімі аппараты қаржы - шаруашылық бөлімінің бас маман- есепшісі міндетін уақытша атқарушы, 05.02.2018 ж. №18 ө., Ж.Қадыржанова-аудан әкімі аппараты кадр және персоналды басқару бөлімінің бас маманы міндетін уақытша атқарушы, 05.02.2018 ж. №17 ө., С.Амиров-аудан әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды басқару бөлімінің басшысы, 24.05.2018 №121 ө.,).

Есепті кезеңде жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлердің саны-2. (Б.Мырзағалиев-аудан әкімінің орынбасары, 26.02.2018 ж. №42 ө., өз өтініші бойынша

жұмыстан босатылған. А.Елеубай ұлы- аудан әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды басқару бөлімінің басшысы, 13.04.2018 ж. №85 ө., басқа мемлекеттік мекемеге орналасуына байланысты жұмыстан босатылған.).

Есепті кезеңде лауазымы жоғарылатылған мемлекеттік қызметкерлердің саны-1. (Н.Утегенов- аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы лауазымынан, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымына жоғарылатылған. 05.05.2018 ж. №101 ө.).

Мүдделер қақтығысын реттеу:

Ішкі талдау жүргізу кезінде Аппарат қызметкерлерінің арасында өздерінің лауазымдық өкілеттігін лайықсыз орындауға әкеп соғатын өзара жеке қызығушылықтарымен болған қарсылықтар фактісі анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету:

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетпейді.

Рұқсат беру функцияларын іске асыру:

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.

Бақылау функцияларын іске асыру:

«Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бақылау функцияларын іске асырмайды.

Мемлекеттік органдардың жүргізген тексеру нәтижелері:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен 2018 жылдың мамыр айының 14-18 аралығында «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ішінара тексеру жүргізілді.

Тексеру қорытындысымен бірқатар бұзушылықтар анықталып, ұсыным берілді. Қазіргі уақытта ұсыным қаралуда.

Атырау облысы Әділет департаментімен 2018 жылдың мамыр айының 21-25 аралығында «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерінің қабылдау, қолдану, мемлекеттік тіркеу мен жариялануды реттейтін заңнаманың сақталуына жоспарлы тексеріс жүргізді.

Тексеру қорытындысымен бұзушылықтар анықталған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар:

Исатай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімімен «Исатай ауданы әкімдігі құрылымдық бөлімдері мен ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселері жөніндегі қызметінің 2017 жылғы есебі «Нарын таңы» газетінің 2018 жылғы 1 наурыздағы №9 санында жарияланды.

Исатай ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2017 жылғы жұмысы туралы ақпарат Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсына 2018 жылғы 3 наурызда жарияланды.

«Электрондық қызмет көрсетуді дамыта отырып, қағазбастылықтан құтылу қажет» аудандық мекемелер мен ауылдық округтердегі мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарына

жауапты мамандардың басын қосқан жиын өтті. Бұл туралы «Нарын таңы» газетінің 2018 жылғы 8 наурыздағы санында мәлімет жарияланды.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша:

Есепті кезеңде Исатай ауданы әкімінің атына 41 өтініш келіп түскен. Барлық түскен өтініштер қанағаттандырылды.

Тұрғын үй мәселесі бойынша 13 өтінішке түсінік берілді, жер мәселесі бойынша 1 өтініш оң шешілді, әлеуметтік көмек мәселесі бойынша 7 өтініштің 1 оң шешілді, 6 өтінішке түсінік берілді, білім беру мәселесі бойынша 1 өтінішке түсінік берілді, кәсіпкерлік мәселесі бойынша 2 өтініштің 1 оң шешілді, 1 өтінішке түсінік берілді, жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 2 өтінішке түсінік берілді, тағыда басқа әр түрлі мәселелерге байланысты 7 өтініш оң шешілді және 8 өтінішке түсінік берілді.

Прокурорлық кадағалау актілері:

Есепті кезеңде прокурорлық қадағалау актілері түспеген.

Сот актілері:

Есепті кезеңде сот актілері түспеген.

Талдау кезінде анықталған өзге де мәселелер.

Аппарат қызметкерлері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында сын жарияланымдар болған жоқ.

Қорытынды: Талдау жүргізу кезінде «Исатай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде жемқорлық тәуелділігі анықталған жоқ.

 

Аудан әкімі аппаратының басшысы, жұмыс тобының төрағасы А.Құрманғали

Аудан әкімі аппаратының кадр қызметті және

персоналды басқару бөлімінің басшысы

С.Амиров

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық

жұмыстар және төтенше жағдайлардың алдын алу

бөлімінің басшысы

Н.Бозбалиев

Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлім

басшысы

М.Құрасова

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық

жұмыстар және төтенше жағдайлардың алдын алу

бөлімінің бас маман-заңгері Қ.Мағазов


Мақаланың шыққан күні: 03.07.2018 03:15

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.07.2018 03:15

Қаралым саны: 1743