Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының «Аққала -Мәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында 2019 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

«Аққала -Мәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Индер ауданы Аққала ауылы, Жұмалиев көшесі 24/2 үй. Тел, факс 8(71234) 2-91-17

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Индер ауданы Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының «Аққала -Мәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында 2019 жыл бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мәдениет үйі әкімшілігі өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер қарастырылды.

Кәсіпорны бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары төмендегідей нормативтік-құқықтық актілер: Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, мекемеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, мекеме бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша жасалды.

Кәсіпорнында 2019 жылғы штат саны – 11. Мүдделер қақтығысы болған жоқ. Кәсіпорынның Жарғысы негізінде халыққа қызмет көрсетіледі. Жыл ішінде 30 шара ұйымдастырылып, 3070 көрермен қамтылды. Ақылы қызметтен жылға 90000 тенге қаржы түсірілді. Өтініштер болған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарына кәсіпорын қызметкерлеріне қатысты теріс материалдарды анықтауға мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.

2019 жылы қызметкерлермен 5 жиналыс өткізілді. Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және болдырмау мақсатында «Біз сыбайластыққа қарсымыз» тақырыбында қызметкерлермен 2 жиналыс өткізілді. Қоғамдық бақылау картасы жобасы аясында халыққа парақшалар таратылды.

Есептік кезеңде «Аққала -Мәдениет» МКҚ кәсіпорнында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

 

 

 «Аққала -Мәдениет» МКҚК


Мақаланың шыққан күні: 03.02.2020 13:03

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.02.2020 13:03

Қаралым саны: 137