Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

2019 жылдың қорытындысы бойынша «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есебі

«Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты » мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылы, Жамбыл көшесі, 22 үй, 8 (712 34) 2-44-47.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2019 жыл бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында аппарат өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативті құқықтық актілер қарастырылды.

Округ аппаратында мүдделер қақтығысы орын алмаған.

Есепті мерзімде округ әкімі аппараты арқылы барлығы 93 қызмет көрсетілді.

1.Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою – 58.

2.Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру –11 .

3. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру –10 .

4. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну -14.

5. 2019 жыл бойынша заңды және жеке тұлғалардан арыздар мен өтініштер саны-7

Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмей, сыбайлас жемқорлықтың орын алуына жағдай жасайтын фактілерді болдырмау оларды жою шаралар жүргізілді.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы,мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген.

Есбол ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында,сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеліп, қосымшалар енгізілген.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша тұрғындармен мемлекеттік мекемелерге әр түрлі мәселелер бойынша мобильді топ қызмет көрсетті. Аппарат қызметкерлерімен 2 жиын 4 дөңгелек үстел өткізілді. Есбол ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлық жағдайларының алдын алу мақсатында ауыл тұрғындары және мекеме қызметкерлеріне екі (қазақ орыс) тілде брошюралар таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді.Сыбайлас жемқорлық тақырыбында баннерлер орнатылған.

Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшік» жұмысын жалғастырылуда.

Есбол ауылдық округі әкімі аппаратында сенім телефоны ретінде 24-5-37 нөмірі бекітілген.

 

 

Округ әкімінің

міндетін атқарушы: А.Рамазанов

        


Мақаланың шыққан күні: 17.01.2020 13:06

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2020 13:06

Қаралым саны: 170