Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.05.2020

Қызметтер

«Мақат ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 1,5 тармақтарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Мақат аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) жанынан құрылған жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізді:

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімше: «Мақат ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлім басшысының 2020 жылғы 10 қаңтардағы №1 бұйрығына сәйкес жұмыс тобы құрылды.

4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2019 жылғы 2 жарты жылдық.

5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Саламатов Маулен Батырбекұлы – аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының м.у.а., жұмыс тобының жетекшісі.

«Мақат ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Ағайынды Мұнайшы Телішевтер көшесі, 140 ғимаратта орналасқан. Тел.: 8/71239/ 3-02-52;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілеріне және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мақат ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімінің штат саны – 5 (1 басшы, 1- бас маман, 1- инспектор маман, 1- есепші, 1- жүргізуші) адам.

2019 жылдың 01 тамыз айында Ермуканова Гулназым Куспановна аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бөлім есепшісі болып тағайындалды. 2019 жылдың 01 қазан айында Қарсақов Данияр аудандық

тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жүргізушісі болып тағайындалды. 2020 жылғы 06 қаңтарда Айтанов Самат Жанболатұлы аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің инспектор маманы болып тағайындалды. Бөлім қызметкерлерінің арасында мүдделер қақтығысы, теріс түсінік деректері анықталған жоқ.

2019 жылдың 6 айында бөлімге 30 арыз-шағым түсті, 30 жеке тұлғадан. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес өтініштер уақытылы қаралып, түсіндірме беру арқылы жауаптары берілді.

Бөлімде 2019 жылдың 6 айында 18 бұйрық рәсімделді.

Бөлім өз қызметін «Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 514 бұйрығына сәйкес жүзеге асырады. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлім қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

- Тұрғын үй инспекциясының міндеті тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

- Тұрғын үй инспекциясының негізгі функциясы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне тұрғын үй инспекциясының лауазымды тұлғаларының тексеру жүргізуі болып табылады.

Бөлімнің негізгі өкілеттігіне:

1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;

2) кондоминиум объектісінің тізбесін ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің, мерзімділігін және кезектілігін айқындау;

3) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардын сметасын келісу;

4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу.

5) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және олар туралы істерді қарау;

6) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 1-1-тармағында көзделген жағдайда қызмет көрсететін ұйымды айқындау;

7) кондоминиум объектісінің үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару жөнінде есептің бар-жоғын тексеру жатады.

Бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынамалар ілінген.

Бөлімде сенім телефоны ретінде 3-02-52 нөмірі бекітілген.

Аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімі Облыстық Энергетика және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ауданды орындалуын қамтамасыз етеді.

Аудандық «Мақат тынысы» газетіне 1 сенім телефоны орнатылғандығы туралы жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Электронды пошта: Zhilinspekciamakat@gmail.com

Сенім телефоны: 8/71239/3-02-52


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 17:39

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 17:39

Қаралым саны: 155