Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.05.2020

Қызметтер

«Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 1,5 тармақтарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімінің (бұдан әрі - Бөлім) жанынан құрылған жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізді:

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімше: «Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлім басшысының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №77 бұйрығына сәйкес жұмыс тобы құрылды.

4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2019 жылғы 2 жарты жылдық.

5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Сарбалиева Светлана Ризаевна – бөлім басшысы, жұмыс тобының жетекшісі.

«Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ, Атырау облысы Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ.Сатпаев көшесі, 1 ғимаратта орналасқан.

Тел. 8/71239/3-01-47

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі: 2019 жылғы II жарты жылдық

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтыұ актілеріне және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мақат аудандық тұрғын-үй инспекциясы бөлімінің штат саны-11

(1 басшы, 1-басшының орынбасары, 1 –сектор меңгерушісі, 4-бас маман, 1-инспектор маман, 1-архивист, 1-хатшы, 1-жүргізуші) адам.

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі өз қызметін «Бюджет кодексі» 2010 жылғы 02 сәуірдегі №263-IV Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүзеге асырады. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлім қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің негізгі міндеттері:

1) ауданның бюджетін жоспарлау және орындалуы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

2) аудан бюджетінің жобасын жасау және үш жылдық мерзімге бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін дайындау, тиісті заңнамаларға сәйкес уәкілетті органға бекітуге ұсыну;

3) ағымдағы қаржы жылы ішінде аудандық бюджетке өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу үшін тиісті заңнамаларға сәйкес бюджетті бекіту шараларын алу;

4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте салықтық, ақша-кредит саясатымен өзара іс-қимыл жасай отырып, мемлекеттік бюджет саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысу;

5) бюджеттік бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізу және бюджеттің орындалуы жөнінде ұсыныстар беру;

6) жергілікті бюджеттің кіріс түсімдеріне талдау жасау;

7) бағдарламалар әкімшілері бойынша бюджеттің орындалуына қорытынды дайындау және талдамалық есеп беру;

8) аудандық коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің мемлекеттік саясатын іске асыру.

Экономика және қаржы бөлімінің негізгі өкілеттігіне:

1) ауданда стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу және үш жылдық кезеңге арналған аудандық бюджет, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы мәслихат шешімдерін іске асыру туралы аудандық әкімдіктің қаулыларының жобаларын әзірлеу;

2) аудандық аймақтық даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруын бақылауды жүзеге асыруға және аудандық әкімдігіне ауданның аймақтық даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына түзету жөніндегі ұсыныстар енгізу;

3) аудандық аймақтық даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын өзге жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен әзірлеу және оның орындалу мониторингін жүзеге асыру;

4) аудандық бюджеттің бекітілуіне, нақтылауына және түзетілуіне байланысты бағдарламалар әкімгерлерінен бюджеттік өтінімдер қабылдау;

5) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;

6) міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту, өзгерістер енгізу және жергілікті бюджет бойынша түсімдердің жиынтық жоспарын жүргізу;

7) бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке төленетін төлемдер түсімдерінің мерзімін, бюджетке өткен жылдары түскен төлемдер түсімдерінің динамикасын, мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық динамикасын талдау және бағалы қағаздар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстар деңгейін, кредиттік шарттардың, қарыз шарттарының, байланысты гранттар туралы келісімдердің талаптарын негізге ала отырып, бюджет түсімдері сыныптамасының топтама кодтарының толық көлемін жасау;

8) бюджет ақшасын басқару;

Бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2019 жылы II жартыжылдықта өтініш түскен жоқ.

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынамалар ілінген.

Бөлімде сенім телефоны ретінде 3-01-47 нөмірі бекітілген.

Аудандық экономика және қаржы бөлімі Облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының және Облыстық Қаржы басқармасының ауданды орындалуын қамтамасыз етеді.

Аудандық «Мақат тынысы» газетіне 1 сенім телефоны орнатылғандығы туралы жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдай туғызытын сын материалдар жарияланған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 17:32

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 17:32

Қаралым саны: 159