Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.06.2020

Қызметтер

«Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 1,5 тармақтарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Мақат ауданы әкімі аппаратымен (бұдан әрі - Аппарат) құрылған жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізді:

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімше: «Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін аудан әкімінің 2020 жылғы 10 қаңтардағы №04-ө өкіміне сәйкес жұмыс тобы құрылды.

4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2019 жыл.

5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Айкашева Оксана Жанбырбаевна – аудан әкімі аппаратының басшысы, жұмыс тобының жетекшісі.

«Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 4 құрылымдық бөлімше бар:

1) Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімі;

2) Ұйымдастыру-бақылау және кеңсе бөлімі;

3) Мемлекеттік – құқықтық бөлім;

5) Азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығы бөлімі.

«Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірыңғай құжатайналым жүйесіне 2019 жылы жеке тұлғалардан әр-түрлі мәселелер бойынша 597 өтініштер тіркелді. Оның ішінде, арыздар – 564, шағымдар -2, өзге де өтініштер – 31. Қаралғаны – 592, қанағаттандырылғаны – 16, бас тартылғаны -0, түсінік берілгені – 574, тоқтатылғаны – 2. ЭҮП арқылы түскені – 36, жеке тұлғалардан – 569, заңды тұлғалардан – 28.

Жоғарыдағылар негізінде, «Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне келіп түскен арыз-шағымдар өз уақытында қаралып, көрсетілген бағыттары бойынша қанағаттандырылып келуде.

Аудан әкімімен апта сайын аудан тұрғындарын қабылдау өткізіліп отырады. 2019 жылы – 23 қабылдау өткізілді. Қабылданған азаматтардың саны – 271, оң шешілгені – 49, қаралуда – 9, заң шеңберінде түсінік берілгені – 213.

Қабылдауға келгендердің мәселелері:

тұрғын үй саласы бойынша – 118, оң шешілгені – 10, түсінік берілгені – 108;

жер бойынша – 15, оң шешілгені -2, түсінік берілгені – 13;

жол салу мәселесі – 8, оң шешілгені – 0, түсінік берілгені – 8;

әлеуметтік көмек – 20, оң шешілгені – 9, түсінік берілгені -11;

коммуналдық шаруашылық – 21, оң шешілгені – 5, түсінік берілгені -16;

денсаулық саласы б/ша – 3, оң шешілгені – 3, түсінік берілгені -0;

білім саласы б/ша – 8, оң шешілгені – 0, түсінік берілгені – 8;

кәсіпкерлік саласы б/ша – 3, оң шешілгені – 0, түсінік берілгені – 3;

жұмысқа орналасу б/ша – 46, оң шешілгені – 15, түсінік берілгені – 31;

ономастика б/ша – 3, оң шешілгені – 0, түсінік берілгені – 3;

мәдениет, өнер, спорт сала-ы б/ша – 1, оң шешілгені – 0, түсінік берілгені – 1;

т.б.мәселелер бойынша – 16, оң шешілгені – 5, түсінік берілгені – 11.

Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

Бос лауазымдарға конкурстар әкімшілік мемлекеттік бос орындарына конкурс өткізу Ережелері қатаң сақтала отырып жүргізіледі. Лауазымдарға үміткерлерді комиссия мүшелері әділ бекітеді, бөлім басшылығы тарапынан немесе басқа тұлғалардың араласуына және қысым жасауына жол жіберілмейді.

«Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Мақат ауданы әкімдігіне қарасты бос тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу, оларды конкурстық ережеге сәйкес іріктеу, еңбек өтілін белгілеу, тәртіптік жауапкершілігін қарау жөніндегі комиссиялардың жұмыстарын ұйымдастырады.

2019 жылғы жағдай бойынша Мақат ауданы бойынша штат бірлігі – 87.

Оның ішінде:

1) «Мақат ауданы әкімінің аппараты» ММ-де штат саны – 18, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 17, бос лауазымдар саны -1;

2) «Мақат кенті әкімінің аппараты» ММ-де штат саны – 12, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 11, бос лауазымдар саны -1;

3) «Доссор кенті әкімінің аппараты» ММ-де штат саны – 12, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 12, бос лауазымдар саны -0;

4) «Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-де штат саны – 5, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 5;

5) «Аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ-де штат саны – 2, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 2, бос лауазымдар саны -0;

6) «Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-де штат саны – 3, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 2, бос лауазымдар саны -1;

7) «Аудандық білім беру бөлімі» ММ-де штат саны – 4, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 4, бос лауазымдар саны -0;

8) «Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАЖ бөлімі» ММ-де штат саны – 6, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 6, бос лауазымдар саны -0;

9) «Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-де штат саны – 4, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 4, бос лауазымдар саны -0;

10) «Аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-де штат саны – 7, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 7, бос лауазымдар саны -0;

11) «Аудандық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де штат саны – 4, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 3, бос лауазымдар саны -1;

12) «Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де штат саны – 3, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 2, бос лауазымдар саны -1;

13) «Аудандық құрылыс бөлімі» ММ-де штат саны – 3, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 3, бос лауазымдар саны -0;

14) «Аудандық ветеринария бөлімі» ММ-де штат саны – 2, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 2, бос лауазымдар саны -0;

15) «Аудандық тұрғын үй инспекциясы» ММ-де штат саны – 2, мемлекеттік қызметшілердің нақты саны – 1, бос лауазымдар саны -1.

2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер -32. 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер -23. 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік органның ішінде жоғары лауазымға ауысқан мемлекеттік қызметшілер (ішкі конкурс арқылы, аттестацияның қорытындысымен)- 3. 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша конкурс бойынша және кадр резервінен тағайындалған мемлекеттік қызметшілер-31.

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Жергілікті атқарушы органдар ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.

2019 жылы 12 айында жергілікті атқарушы органдармен барлығы көрсетілген – 17 011 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде:

- Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1524

- «Электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 4262

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-2406

- Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 8752, оның ішінде:

-«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны-1923

-ақпараттық жүйе арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 6225

- «Е-лицензия» арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -604.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 3 қоғамдық кеңес, 4 жәрмеңке өткізілді.

Барлығы 1125 азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясында кеңестер мен ақпараттар беріліп, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» қызметкерлерімен азаматтарға «Электрондық үкімет», «Электрондық цифрлы қолтаңба» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алу туралы түсінік берілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы барлығы 1030 жадынамалар таратылды.

Мақат ауданы бойынша электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету бойынша Мақат ауданының бөлімшесімен бірігіп 44 жиналыстар өткізіліп, аудандық Мақат тынысы газетіне 65 мақалалар жарияланды.

Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік қызмет түрлерін көрсететін мемлекеттік органдардың ғимараттары ақпараттық стендтермен жабдықталған және де мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету жағдайы қарастырылған.

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінде аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия, аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия бар. Комиссия отырыстары уақытылы өткізіліп, тиісті тұлғаларға тапсырмалар беріліп отырады.

Аудан әкімінің және әкімдігінің қолданыстағы 22 (жиырма екі) нормативтік құқықтық актісі бар. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізіліп, әділет Департаментіне нәтижелері туралы ақпарат жолданып отыр. Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркелуге (IPGO) мемлекеттік органдардың интернет-порталы арқылы жолданады.

Аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығы бөлімі терроризмге қарсы комиссия қызметін ұйымдастырады, терроризмге қарсы іс – қимыл саласындағы жағдайға әсер ететін аудандағы қоғамдық - саяси, діни мәселелер туралы мониторинг жүргізеді, террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін әзірлейді, әскери-жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.

Аппараттың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Аудан әкімдігінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

«Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының біліктілік талаптарына қойылатын біліктілік талаптарының жинағындағы қызметшілердің біліктілік талаптарынан «басшының басқа да тікелей тапсырмаларын орындайды» деген сөздерді алып тастау.

 

Аппарат басшысы О.Айкашева

КЕЛІСІЛДІ:

Ұйымдастыру-бақылау және кеңсе

бөлімінің басшысы,

жұмыс тобының мүшесі Ж.Қиылов

Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің

басшысы, жұмыс тобының

мүшесі А.Муканова

жалпы бөлімінің бас маман-есепшісі,

жұмыс тобының мүшесі С.Сарбалина

персоналды басқару (кадр қызметі)

бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі Д.Китенбаева


Мақаланың шыққан күні: 23.01.2020 15:46

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.01.2020 17:56

Қаралым саны: 168