Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.05.2020

Қызметтер

Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 1,5 тармақтарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Доссор кенті әкімі аппаратының (бұдан әрі - Аппарат) жанынан құрылған жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізді: 1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімше: «Доссор кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі. 2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты: 1) Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. 3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін кент әкімінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы №533-ө өкіміне сәйкес жұмыс тобы құрылды. 4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2019 жылғы 2 жарты жылдық. 5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Абилгазиев Асылбек Кондратович – кент әкімі аппаратының басшысы, жұмыс тобының жетекшісі.

«Доссор кенті әкімінің аппараты» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті, Ғ.Сүлейменова көш-сі, 100 үй.

1) Нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Доссор кенті әкімінің аппараты (Әрі қарай – Аппарат) өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы №05 қаулысымен бекітілген «Доссор кенті әкімінің аппараты туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады.

Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Аппараттың қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

2) Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппараттың штат саны-12, техникалық персонал қызметкерлері-8, азаматтық қызметкерлер-9, оның ішінде 1 қызметкер әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, 4 әлеуметтік қызметкерлер жалғыз басты қарттарға қызмет көрсетеді, 4 әлеуметтік қызметкерлер мүмкіндігі шектеулі балаларды үйінен оқытады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтінішетерін қарау тәртібінің №1-ОЛ формалы есебі күн сайын қағаз және электрондық жүзінде тапсырылып келеді.

2019 жылдың ІІ жарты жылдығында Аппаратқа барлығы - 80 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан түскені -80, заңды тұлғалардан түскені-0.

2019 жылдың ІІ жарты жылдығында қаралған барлығы 80 өтініш, оның ішінде өтініштердің басым копшілігі жер учаскесін бөлу, жер және жерді пайдалану туралы-44, материалдық көмек көрсету- 1, тазалық және тағы басқа мәселер-34 қамтылды.

2019 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша кент әкімімен қабылданған азаматтардың саны 141 адамды құрады, оларға заң шеңберінде түсініктер берілді.

2019 жылдың ІІ жарты жылдығында барлығы -65 шешім, 225- өкім қабылданған.

Аппаратта сенім телефоны ретінде 2-11-33 нөмірі бекітілген. Ғимаратының сыртында ұсыныс-пікірлерді, арыз-шағымдарды қабылдау үшін орнатылған жәшік апта сайын тексерліп тұрады, күні бүгінге дейін ешқандай арыз-шағым, ұсыныс –пікір түспеген.

Аппараттың ғимаратында Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынама ілінген.

Аппараттың қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеліп, қосымшалар енгізілген.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әллеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Доссор кентінің көшелеріне баннерлер орнатылған.


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 17:45

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 17:45

Қаралым саны: 146