Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.06.2020

Қызметтер

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 1,5 тармақтарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Мақат ауданы әкімдігінің (бұдан әрі - Әкімдік) жанынан құрылған жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізді:

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімше: Мақат ауданының әкімдігі: Мақат кенті әкімінің аппараты, Доссор кенті әкімінің аппараты, Бәйгетөбе ауылдық округі әкімінің аппараты және дербес бөлімдер (Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі, аудандық экономика және аудандық қаржы бөлімі, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, ветеринария бөлімі, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі, мәдениет ,тілдерді дамыту, спорт және дана шынықтыру бөлімі, ішкі саясат бөлімі, тұрғын үй инспекциясы бөлімі, ішкі саясат бөлімі).

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты :

1) Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін аудан әкімінің 2019 жылғы 19 маусымдағы №184-ө өкіміне сәйкес жұмыс тобы құрылды.

4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2019 жылғы 1 жарты жылдық.

5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Айкашева Оксана Жаңбырбайқызы – аудан әкімі аппаратының басшысы, жұмыс тобының жетекшісі

«Мақат кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі 36, тел: 8/71239/3-04-07.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бағыттары:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

3)Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізген Мақат кенті әкімі аппаратының бас маман заңгері – А.Аманғалиқызы.

4)Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2019 жылдың I жарты жылдығы.

5)Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы: Б.А.Сәрсен – Мақат кенті әкімі.

Мақат кенті әкімінің аппараты (Әрі қарай - Аппарат) өз қызметін Мақат ауданы әкімінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы №4 қаулысымен бекітілген «Мақат кенті әкімінің аппараты туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады.

Аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ. Аппарат

қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

Мақат кенті әкімі аппаратының штат бірлігі – 12 мемлекеттік қызметшілерден, 16 - азаматтық қызметшілерді құрайды. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысқа орналасуы конкурстық тәртіппен аудандық персоналды басқару және кадр қызметі бөлімі арқылы іске асады.

Мүдделер қақтығысын реттейтін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51 бабының және аппараттың кейбір қызметшілерінің қосымша жұмыс атқару ерекшеліктерін реттейтін Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 111 - баптарының талаптарыны бойынша құқық бұзушылық фактілері орын алған жоқ.

2019 жылдың 1 жарты жылдығында: жеке тұлғалардан – 74 өтініш, заңды тұлғалардан – 9 өтініш түскен.

- жеке меншік тұрғын үй құрылысн салу үшін - 0,

- жеке кәсіпкерлік үшін (дүкен, автокөліктерге техникалық қызмет орнын ашу) -2,

- қосымша жер учаскесін бөлуді сұраған – 20,

- жер учаскесін игеріп, меншік құқығын беру – 10,

- нысаналы мақсатын өзгерту – 6,

- қосалқы шаруашылық жүргізу үшін – 3, біржолғы қаржылай көмек – 12,

- тазалыққа қатысты және көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлесін тазарту туралы - 0 және қалғандары әр түрлі бағыттағы өтініштер.

Қаралған барлығы 83 өтініштің 38-і толықтай қанағаттандырылды. Қалған 45 өтінішке заң талабына сәйкес тиісті жауаптар берілді.

2019 жылдың 1 жарты жылдығы бойынша кент әкімімен қабылданған азаматтардың саны - 230 , ал олардың ішінде 25 азаматтың мәселесі оң шешімін тапты. Қалған 205 азаматқа заң шеңберінде түсінік берілді. 378 жеке тұлға жер учаскесін алу үшін кезекте тұр. Оның ішінде 45 жеке тұлғаға жер учаскесі берілді.

2019 жылдың 1 жарты жылдығы бойынша барлығы – 217 шешім, 175 өкім қабылданған.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» - 1 адамға берілген.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.

Сонымен қатар «Мақат кенті әкімі аппараты» ММ бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған ағымдағы жылдың жұмыстары туралы тоқталып кетейік. Аппаратта сенім телефоны ретінде 3-04-07 нөмірі бекітілген. Жалпы тоқсан сайын сенім телефондары, БАҚ-на жарияланып тұр. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау үшін I, II жартыжылдыққа арнайы 200 данакітапшалар шығарылып, халық арасында және бизнес субъектілеріне таратылды (бұл жөнінде қараша айында фейзбук интернет желісінде жарияланды), кент әкімінің авторлық мақаласы интернет ресурсына және «Мақат тынысы» газетіне 2019 жылдың 12 сәуірінде мамырында №15 баспа санында жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Мақат кентінің көшелеріне баннерлер орнатылған. Атап айтсақ, Е.Аманбердиев көшесі бойында «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, С.Мұқашев көшесі бойында «Параға емес, биікке ұмтыл», Қ.Сәтбаев көшесі бойында «Өз елінің патриоты сыбайлас жемқорлықты жасырмады» тақырыбында орналастырылған. Халықпен жұмыс жасау қызметін жетілдіру жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, кент әкімінің аппаратында жасалған барлық жұмыстар БАҚ-на және түрлі ақпараттар мен хабарландырулар, мақалалар фейзбук интернет желісіне орналастырылып, қамтамасыз етілуде. Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы шаралар жыл бойы жалғасын таба беретін болады. Тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшік» орнатылған.

2019 жылдың 1 жарты жылдығы бойынша Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнен 170 адамға әскер қатарына шақырту қағазы таратылды. Мақат кенті бойынша - 19 адам әскер қатарына аттанды. Мақат кенті бойынша шақыру учаскесіне мүлдем келмеген

азаматтармен және олардың ата-аналарымен заңды тұрғыда түсінік жұмыстары ішкі істер органдарымен бірігіп жүргізілді.

Бұдан басқа, «Мақат кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау бағытында аудан әкімінен келіп түскен тапсырмалар орындалып жатыр. Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелер, орын алып жатқан құқық бұзушылықтар, оның себептері мен жою амалдары қамтылып, алдын ала болдырмау, себептерін жою бойынша мекемедегі қызметкерлермен тиісті жиналыстар өткізіліп, хаттамалармен жасақталған.

«Доссор кенті әкімінің аппараты» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті, Ғ.Сүлейменова көш-сі, 100 үй.

1) Нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Доссор кенті әкімінің аппараты (Әрі қарай – Аппарат) өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы №05 қаулысымен бекітілген «Доссор кенті әкімінің аппараты туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады.

Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Аппараттың қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

2) Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппараттың штат саны-12, техникалық персонал қызметкерлері-8, азаматтық қызметкерлер-9, оның ішінде 1 қызметкер әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, 4 әлеуметтік қызметкерлер жалғыз басты қарттарға қызмет көрсетеді, 4 әлеуметтік қызметкерлер мүмкіндігі шектеулі балаларды үйінен оқытады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтінішетерін қарау тәртібінің №1-ОЛ формалы есебі күн сайын қағаз және электрондық жүзінде тапсырылып келеді.

2019 жылдың І жарты жылдығында Аппаратқа барлығы - 101 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан түскені -100, заңды тұлғалардан түскені-1.

2019 жылдың І жарты жылдығында қаралған барлығы 101 өтініш, оның ішінде өтініштердің басым копшілігі жер учаскесін бөлу, жер және жерді пайдалану туралы-95, материалдық көмек көрсету- 2, тазалық және тағы басқа мәселер-4 қамтылды.

2019 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша кент әкімімен қабылданған азаматтардың саны 31 адамды құрады, оларға заң шеңберінде түсініктер берілді.

2019 жылдың І-жарты жылдығында барлығы -60 шешім, 306- өкім қабылданған.

Аппаратта сенім телефоны ретінде 2-11-33 нөмірі бекітілген. Ғимаратының сыртында ұсыныс-пікірлерді, арыз-шағымдарды қабылдау үшін орнатылған жәшік апта сайын тексерліп тұрады, күні бүгінге дейін ешқандай арыз-шағым, ұсыныс –пікір түспеген.

Аппараттың ғимаратында Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынама ілінген.

Аппараттың қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеліп, қосымшалар енгізілген.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әллеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Доссор кентінің көшелеріне баннерлер орнатылған.

«Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылы.

Қазіргі таңда «Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде 4 мемлекеттік қызметкер, оның ішінде: округ әкімінің у.м.а. бас маман–Ж.Елеусинова (конкурс арқылы келген), бас маман-есепшінің у.м.а.–Т.Сәдуақасова (конкурс арқылы

келген), бас маман–А.Кунбаева (конкурс арқылы келген), жетекші маман – З.Длекеева (конкурс арқылы келген).

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2019 жылғы 1 жарты жылдық.

Штаттан тыс 7 қызметкер бар. Барлығы еңбек шартнамасы негізінде қызмет атқаруда.

Бәйгетөбе ауылдық округі бойынша еңбек шартын жасаспай қызметкерлердің еңбегін пайдалану фактілері орын алған жоқ. Бәйгетөбе ауылдық округі аппаратында мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі Д.Тастаев ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Instagram желісі арқылы тұрғындармен тікелей байланысқа шықты. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

2019 жылдың 15 сәуірінде «Адалдық, адамгершілік» тақырыбында ауыл тұрғындарымен дөңгелек үстел өткізілді. Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж.Елеусинованың «Өтініштер аяқсыз қалмайды» тақырыбында аудандық «Мақат тынысы» қоғамдық-саяси газетінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі №17 (923) санында мақала жарияланды.

Ағымдағы жылдың 14 мамырында «Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес Төрағасы Жұмағұлов Тоқтамыс Кадошұлының қатысуымен жиналыс өтті. Т.Жұмағұлов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында профилактикалық шараларды көбірек жүргізу керектігін айтып өтті.

Жыл басынан осы күнге дейін–74 өкім; 9 шешім қабылданды.

Бәйгетөбе ауылдық округі бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезектіліктің бірыңғай тізілімі енгізілді.

Округ әкімі атына 2019 жылдың 6 айында жеке тұлғалардан – 18 өтініш, заңды тұлғалардан 3 өтініш келіп түсті. Жеке меншік тұрғын үй құрылысын салуға-2, жеке кәсіпкерлік ашуға (дүкен, автокөліктерге техникалық қызмет орнын ашу)-2, қосымша жер учаскесін бөлуді сұраған-5, нысаналы мақсатын өзгерту-1, қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскесін бөлу үшін-3 және 5 әртүрлі бағыттағы өтініштер.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарының орындалуы, бұл мәселенің жай-күйі, азаматтардың арыз-шағымдарының уақытылы қаралуы, берілетін жауаптардың мерзімді және дұрыстығы ауылдық округ мамандарымен үнемі қаралып отырады. Округ әкімі атына келіп түскен арыз-шағымдар үнемі «Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін біріңғай есепке алу «Айқын» деректер қорына» тіркеліп тұрады. Өтініштерге заңға сәйкес уақытылы жауаптар жолданды. Шағымдар келіп түскен жоқ.

«Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің дәлізінде адалдық,парасаттылық, адамгершілік жөнінде ақпараттық стенд, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі ілініп тұр. Тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшік» орнатылды.

Азаматтардың құқықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, болдырмау мақсатында ауылдық округ аппаратында, «сенім телефоны» (3-12-15, 3-06-45) жұмыс жасайды.

«Мақат аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі Мақат кенті, Ағайынды Мұнайшы Телішевтер көшесі,140 тел: 8/71239 / 3-23-45;

1) бөлімнің қызметіне әсер ететін нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Мақат аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Әрі қарай -Бөлім) өз қызметін аудан әкімдігінің 2017 жылғы 19 қазандағы «Қайта ұйымдастыру (қосу,бөлу) жолымен кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта құру туралы» №191 қаулысымен құрылған, Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

2019 жылғы 1 жарты жылдық.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Еңбек тәртібінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қатаң сақталады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері қатаң сақталуға үздіксіз міндеттелген.

Штат саны -2, оның ішінде 1 басшы, 1 бас маман ветеринар, азаматтық қызметшілер -3. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Мақат аудан әкімдігінің 2018 жылғы 02 ақпандағы №22 қаулысымен «Мақат аудандық ветеринария бөлімінің аудандық ветеринариялық стансасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны етіп қайта құрылды.

Аудандық ветеринариялық стансаның штат саны барлығы -11, оның ішінде ветстанса-1 директор, 1-есепші, 3-ветврач, 1-ветфельдшер, 3-ветсанитар, 2 көлік жүргізуші. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

2019 жылғы Жеке және заңды тұлғалардан І жартыжылдық бойынша аталмыш бөлімге келіп түскен өтініштер саны - 2; оның ішінде ветеринария саласы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер саны-2256, оның ішінде ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіру саны-2232, ветеринариялық анықтама саны-24

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.

Сыбайлас жемқорлық бойынша аудандық ветеринария бөлімінің қызметіне байланысты мақалалар жариялануда. Сыни материалдар орын алған жоқ.

Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 3-23-45 бекітілген.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша төмендегідей Ұсыныс береміз:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1). көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Бөлімнің кеңсесі арқылы көрсетілетіндігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына жол береді.

Осыған орай, көрсетілген стандарттарға өтініштерді қабылдау мен нәтижесін беру тек «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүргізілсін деген ұсыныс береміз.

«Мақат аудандық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

«Мақат аудандық тұрғын үй –коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ.Сәтпаев көшесі, №1 ғимаратта орналасқан.

Тел.: 8/71239/ 3-01-24

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2019 жылғы 1 жарты жылдық.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілеріне және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің штат саны – 8 (1 басшы, 3- бас маман, 2- инспектор маман, 1- есепші, 1- жүргізуші) адам.

2019 жылдың 11 сәуірінде Сабиров Альсеит Амангельдиевич аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. 2019 жылдың 19 сәуірінен Хайрушева Гульжанат Таушановна аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маман-есепшісі болып тағайындалды.

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өз қызметін «Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 514 бұйрығына сәйкес жүзеге асырады. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлім қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің негізгі міндеттері:

1) коммуналдық меншікке объектілер сатып алу;

2) коммуналдық меншік күрделі жөндеудің ережелері мен нормаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау;

3) өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы нысандарды азаматтық және коммуналдық құрылысы аяқталған нысандарды қабылдауға белгіленген тәртіппен қатысу;

4) тиісті аумақ шегінде жергілікті маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, елді мекендердегі көшелерді дамыту жоспарлы мен бағдарламаларын әзірлеп, іске асыру;

5) автомобиль жолдары жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасай отырып аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, елді мекендер көшелері жолдарын басқару;

6)жолаушыларды және қолжүктерін ауданаралық тұрақты тасымалдауларды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекіту, оларға қызмет көрсету құқықтарына конкурстарды ұйымдастырып, өткізу және маршруттар бойынша қозғалыс кестелерін бекіту;

7) жолаушыларды және қолжүктерді ауданішілік тасымалдауды дамыту бағдарламасын жасақтау;

8) азаматтардан бұзушылықтар туралы шағымдар мен құжаттарды қабылдайды, олар бойынша тексерулер ұйымдастырады және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қабылдайды;

Бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2019 жылғы 6 айында 71 өтініш түсті.

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынамалар ілінген.

Бөлімде сенім телефоны ретінде 3-01-24 нөмірі бекітілген.

Аудандық Облыстық Энергетика және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ауданды орындалуын қамтамасыз етеді.

Аудандық «Мақат тынысы» газетіне 1 сенім телефоны орнатылғандығы туралы жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Электронды пошта: Zhkh-aftoh@mail.ru

Сенім телефоны: 8/71239/3-01-24.

«Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Мақат кенті, Ағайынды Мұнайшы Телешевтер көшесі 140, тел: 8/71239/3-23-15;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

2019 жылғы 1 жарты жылдық.

1) Қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлім.

Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі (ары қарай білім бөлімі) өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 04 ақпандағы қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің ережесіне» сәйкес жүзеге асырады.

«Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша бөлім қызметкерлерінің мүдделер қақтығысы, теріс түсінік деректері анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық акт бекітілген ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі

сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің штатында 3 мемлекеттік қызметкер, 4 азаматтық қызметші. Бөлім қызметкерлерінің арасында мүдделер қақтығысы, теріс түсінік деректері анықталған жоқ.

2019 жылдың 6 айында бөлімге 4 арыз-шағым түсті. 4 жеке тұлғадан. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес өтініштер уақытылы қаралып, түсіндірме беру арқылы жауаптары берілді.

Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінде 2019 жылдың 6 айында 30 бұйрық рәсімделді.

Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы ұйымының қызметкерлерімен жасалған келісім шартта және функционалдық қызмет бөлінісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жауаптылық қызметкердің тікелей өз жауапкершілігіне жүктелген.

Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің көрнекі жерлерінде Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы хабарламалармен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі ілінген.

Мақат аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі бойынша сенім телефоны 3-23-15.

«Мақат аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Ағайынды Мұнайшы Телішевтер көшесі, 140 ғимаратта орналасқан. Тел.: 8/71239/ 3-02-52

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

2019 жылғы 1 жарты жылдық.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілеріне және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мақат аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің штат саны – 5 (1 басшы, 1- бас маман, 1- инспектор маман, 1- есепші, 1- жүргізуші) адам.

2019 жылдың 02 ақпанда Хайруллин Орынбасар Сағындықұлы аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің инспектор маманы болып тағайындалды. 2019 жылдың 20 мамырда Артыкбаев Аскарбек Сагидуллаевич аудандық тұрғын үй инспекция бөлімінің жүргізушісі болып тағайындалды.

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Мақат аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімі өз қызметін «Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 514 бұйрығына сәйкес жүзеге асырады. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлім қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

Аудандық тұрғын үй инспекция бөлімінің негізгі міндеттері:

- Тұрғын үй инспекциясының міндеті тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

- Тұрғын үй инспекциясының негізгі функциясы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне тұрғын үй инспекциясының лауазымды тұлғаларының тексеру жүргізуі болып табылады.

Тұрғын үй инспекциясының негізгі өкілеттігіне:

1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;

2) кондоминиум объектісінің тізбесін ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің, мерзімділігін және кезектілігін айқындау;

3) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;

4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу.

5) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және олар туралы істерді қарау;

6) «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 42-бабының 1-1-тармағындакөзделген жағдайда қызмет көрсететін ұйымды айқындау;

7) кондоминиум объектісінің үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару жөнінде есептің бар-жоғын тексеру жатады.

Бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2019 жылғы 6 айында 7 өтініш түсті.

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынамалар ілінген.

Бөлімде сенім телефоны ретінде 3-02-52 нөмірі бекітілген.

Аудандық тұрғын үй инспекция бөлімі Облыстық Энергетика және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ауданды орындалуын қамтамасыз етеді.

Аудандық «Мақат тынысы» газетіне 1 сенім телефоны орнатылғандығы туралы жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ. Электронды пошта: Zhilinspekciamakat@gmail.com

Сенім телефоны: 8/71239/3-02-52

«Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ.Сәтбаев көшесі 1 үйде орналасқан. Тел: 8(71239) 3-02-77;

Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінің штат саны –2 (1 басшы, 1 бас маман) адам, азаматтық қызметшілер саны – 3 (1 есепші, 1 әдіскер, 1 іс жүргізуші) адам.

2019 жылдың 3 қаңтарынан бастап Кеуелова Алмагуль Куатбаевна аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы.

Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 07 сәуірдегі №62 қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады.

2016 жылдың 11 ақпанында №25 қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінің Мақат аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Мақат аудандық жастар ресурстық орталығында штат саны –6 (1 басшы, 1маман, 1 заңгер, 1 есепші, 1 инспектор, 1 жүргізуші) адам.

2019 жылдың бірінші жартыжылдығына 2 өтініш түскен .

2019 жылдың бірінші жартыжылдығына барлығы – 3 өкім қабылданған.

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынамалар ілінген.

Бөлімде сенім телефоны ретінде 3-02-77 нөмірі бекітілген.

Аудандық ішкі саясат бөлімі Облыс әкімі аппараты, облыстық Ішкі саясат басқармасы, облыстық Жастар саясаты басқармасы, облыстық Дін істері басқармасы, облыс әкімі жанындағы Әйелдері істері және демографиялық саясат жөніндегі комиссия, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыстарының ауданда орындалуын қамтамасыз етеді.

Бөлімде аудан әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау жөніндегі комиссия, аудан әкімі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес, аудан әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық саясат жөніндегі комиссия, аудан әкімі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі Кеңес барлығы 2 кеңес, 2 комиссия жұмыс жасайды.

Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен 2019 жылдың 17 сәуір күні Мақат мұнай газ технологиялық колледжінде студенттер арасында «Біз жастар, сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты дебат өткізілді. Мақсаты: Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Дебатта ситуациялық сұрақтар беріліп пікір талас жүргізілді.

Өткен жылдың екінші жарты жылдығы бойынша «Мақат тынысы» газетіне 36 мақала жарияланды.Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

«Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Әрі қарай -Бөлім) өз қызметін аудан әкімдігінің 2017 жылғы 19 қазандағы №191 қаулысымен бекітілген, Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2019 жылғы 1 жарты жылдық.

Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Еңбек тәртібінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қатаң сақталады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері қатаң сақталуға үздіксіз міндеттелген.

Бөлімнің штат саны 4, азаматтық қызметшілер 8. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Аудан бойынша кәсіпкерлермен және шаруа қожалықтарымен 8 кездесу өтіп, мемлекеттік бағдарламалар бойынша көрсетілетін жеңілдіктер мен ұйымдастыру заңдылықтар жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламалар арқылы 20 кәсіпкер 395 млн. 400 мың теңге несие алды.

2019 жылдың 1-ші жартыжылдығында 57 бұйрық қабылданған.

Техникалық инспекция саласы бойынша машиналарды жүргізу құқығына 16 куәлік берілді, жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын және мемлекеттік нөмерлік белгі беру 12 дана, берілген техникалық паспорт саны 12, мемлекеттік техникалық байқаудан өткен техника саны 36 дана.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша аудандық «Мақат тынысы» газетіне 7 мақала берілді.

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алу мақсатында жыл басынан бері 18 кәсіпкерден арыз келіп түсіп, аудан әкімінің қолдау хатымен 18 кәсіпкерлердің ұсынысы облыстық әкімдікке жолданды.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.

Сыбайлас жемқорлық бойынша кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметіне байланысты «Парақорлар тәрбиесі төмендерден шығады» атты 1 мақала 06 маусым №23 санды нөмерінде жарияланды. Сыни материалдар орын алған жоқ.

Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 3-02-99 бекітілген.

«Мақат аудандық құрылыс бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Ағайынды Мұнайшы Телішевтер көшесі, 140 ғимаратта орналасқан.Тел.: 8/71239/ 3-10-83

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі тадауды жүргізу туралы ақпарат. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілеріне және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мақат аудандық құрылыс бөлімінің штат саны – 5 (1 басшы, 1 бас маман, 1 заңгер, 1 есепші-бас маман, 1 жүргізуші) адам.

2019 жылдың 15 наурызда Нұрғалиева Қарлығаш Бағытжановна аудандық құрылыс бөлімінің бас маман-есепшісінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. 2019 жылдың 1 сәуірден Сағидоллаев Азамат Ақылбекұлы аудандық құрылыс бөлімінің жүргізушісі болып тағайындалды.

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Мақат аудандық құрылыс бөлімі өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы №53 қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық құрылыс бөлімі туралы Ережесіне» сәйкес жүзеге асырады. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық т әуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлім қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

Аудандық құрылыс бөлімінің негізгі міндеттері:

1) бюджеттен қаржыландырылатын, аудан көлемінде жүргізілетін құрылыс жұмыстары бойынша жұмыс қажеттіліктері мен жұмыс көлемдерін, жұмыстың сапалы жүргізілуін қадағалау;

2) құрылыс жұмыстары бойынша жұмыс қажеттіліктері мен жұмыс көлемдерін, өндірістік және тұрғын үй объектілерінің жыл бойғы және болашақтағы құрылыс жұмыстарының қажеттіліктерін анықтайды;

3) кәсіпорын мен мекемелердің жобалау-сметалық құжаттамаларының дұрыстығын және сенімділігін, аудан көлеміндегі тиісті ғимараттар мен құрылғылардың құрылыс жұмыстарын тексереді;

4) аяқталған құрылыс және объектілерді жөндеудің техникалық орындау құжаттамаларын ресімдеуге, сондай-ақ объектілерді эксплуатацияға қабылдау жұмыстарын жүргізу.

Жобалау-сметалық құжаттама жасақтау бойынша бірнеше жобалар уақытылы және толық көлемде тапсырылмауына байланысты Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолданды. 2018 жылдың 22 қазанында Атырау облыстық ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының №2310-18-00-2/3874-іс шешіміне сәйкес жобалаушы мекеме аударылған қаражатын кері қайтаруы тиіс болатын. Жобалаушы мекеме бірнеше рет аппеляциялық шағым берді. Алайда, соттың бірінші шыққан шешімі өзгеріссіз заңды күйінде қалдырылды. Қазіргі уақытта қаражаттары бюджетке кері қайтарылуда.

Бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2019 жылғы 6 айында өтініш түскен жоқ.

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынамалар ілінген.

Бөлімде сенім телефоны ретінде 3-10-83 нөмірі бекітілген.

Аудандық құрылыс бөлімі Облыстық Құрылыс басқармасының ауданды орындалуын қамтамасыз етеді.

Аудандық «Мақат тынысы» газетіне 1 сенім телефоны орнатылғандығы туралы жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ. Электронды пошта: otdelstroy85@mail.ru

Сенім телефоны: 8/71239/3-10-83.

«Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі 36 тел: 8(71239) 3-02-98.

Қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлім.

Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (әрі қарай - Бөлім) өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 95 қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің штат саны – 6 адам, азаматтық қызметшілер – 4 адам. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2019 жылғы 1 жарты жылдық.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімге қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 09 сәуірдегі №319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына, Атырау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы №191 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы қаулысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 «Халықты әлеуметтік қорғау

саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына және Атырау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі №293 «Атырау облысында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №219 «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына және Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №391 «Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес бөлімде келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1) «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»;

2) «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;

3) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;

4) «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;

5) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;

6) «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»;

7) «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»;

8) «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;

9) «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»;

10) «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»;

11) «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;

12) «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»;

13) «Тұрғын үй көмегін тағайындау»

14) «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»;

15) «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру»;

16) «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»;

17) «Ақталған адамға куәлік беру»;

18) Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау;

19) Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

20) Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

21) Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты ) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

22) Некені (ерлі-зайыптылықты ) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

23) Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

24) Т.А.Ә.А өзгертуді тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу енгізу;

25) Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;

26) Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер немесе анықтамалар беру;

27) Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.

Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәукелдерін анықтау.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Сенім телефоны 3-02-98 нөмірі бекітілген.

Еңбек тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі қатаң сақталады.

Бөлімде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жадынамалар орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлық бойынша мақалалар жариялануда. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 01 қазандағы №190 қаулысымен «Атырау олблысы Мақат ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту туралы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» (Бұдан әрі - орталық) Ережесі бекітілді.

Орталықтың құрылтайшысы Мақат ауданы әкімі аппараты болып табылады. Уәкілетті органы «Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Орталықтың штат саны - 10, яғни директор-1, маман-4, атаулы әлеуметтік көмек жөніндегі консультант -1, ассистент-2, бағдарламашы-1, тазалықшы-1.

Орталықтың орналасқан жері Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, С.мұқашев 36, тел. 8 (71239) 3-01-46.

Орталық мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

Орталық қызметінің мәні халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету; қызметінің мақсаты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру және атаулы әлеуметтік көмек көрсету, халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысушылармен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөнінде осы бұйрықпен бекітілген әлеуметтік келісімшартқа қол қояды, оның орындалуына және шарттары орындалмаған кезде Заңға сәйкес санкциялардың қолданылуына мониторингті жүзеге асырады;

өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;

жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;

жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;

атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды қабылдауды,

әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;

жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жолдама береді;

жұмыс берушілерде бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы, сондай-ақ мүгедектерді, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелет жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарының орындалуы туралы есепке алуды жүргізеді;

Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

«Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесі арқылы Бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуына және міндетті зейнетақы жарналарының болуына мониторингті жүзеге асырады;

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама береді;

азаматтарды Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша хабардар етеді және оларға консультациялық қызметтер көрсетеді, құжаттарды дайындауға көмектеседі, үміткерлердің мұқтаждығын зерделеу мақсатында оларға консультация береді, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын бағалауды, олардың құжаттарын қабылдауды жүргізеді.

Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 01 қарашадағы №199 қаулысымен «Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Ережесі бекітілді, 2018 жылдың ақпан айынан бастап «Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Бұдан әрі –Күндізгі бөлімше) өз қызметтерін атқара бастады.

Күндізгі бөлімшенің құрылтайшысы Мақат ауданы әкімі аппараты болып табылады. Уәкілетті органы «Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Бұл күндізгі бөлімшеде штат саны - 12, яғни директор-1, тәрбиеші -3, аспазшы-1, мейірбике-1, шаруашылық меңгеруші -1, психолог-1, әлеуметтік қызметкер-1, есепші-1, тазалықшы-1.

Күндізгі бөлімшенің орналасқан жері Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, 42 бөлімше 27 үй, тел. 8 (71239) 3-09-79.

Күндізгі бөлімшеде мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға (бұдан әрі – балалар) және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету. Қазақстан Республиксының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы» бұйрығымен бекітілген стандарттағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді іске асыру болып табылады.

1) жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектердің, оның ішінде бір жарым жастан тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар;

2) осы Ережеде белгіленген көлемдерге сәйкес жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;

3) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;

4) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қолайлы моральдық психологиялық жағдай жасау;

5) қызмет алушыларға осы Ережеге сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсету;

6) мүгедектерге әлеуметтік, медициналық және кәсіптік оңалту жүргізу.

«Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ.Сатпаев көшесі, 1 ғимаратта орналасқан.

Тел.: 8/71239/ 3-01-47

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

2019 жылғы 1 жарты жылдық.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілеріне және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мақат аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің штат саны – 11 (1 басшы, 1- басшының орынбасары, 1- сектор меңгерушісі, 4- бас маман, 1- инспектор маман, 1- архивит, 1- хатшы, 1- жүргізуші) адам.

2019 жылдың 04 ақпанда Демегенова Мейрамгуль Мұратқызы аудандық экономика және қаржы бөлімінің инспектор маманы болып тағайындалды.

Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі өз қызметін «Бюджет кодексі» 2010 жылғы 02 сәуірдегі №263-IV Қазақстан Республикасы Занына сәйкес жүзеге асырады. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлім қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

Аудандық экономика және қаржы бөлімінің негізгі міндеттері:

1) ауданның бюджетін жоспарлау және орындалуы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

2) аудан бюджетінің жобасын жасау және үш жылдық мерзімге бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін дайындау, тиісті заңнамаларға сәйкес уәкілетті органға бекітуге ұсыну;

3) ағымдағы қаржы жылы ішінде аудандық бюджетке өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу үшін тиісті заңнамаларға сәйкес бюджетті бекіту шараларын алу;

4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте салықтық, ақша-кредит саясатымен өзара іс-қимыл жасай отырып, мемлекеттік бюджет саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысу;

5) бюджеттік бағдарламалардың орындалуына мониторинг жүргізу және бюджеттің орындалуы жөнінде ұсыныстар беру;

6) жергілікті бюджеттің кіріс түсімдеріне талдау жасау;

7) бағдарламалар әкімшілері бойынша бюджеттің орындалуына қорытынды дайындау және талдамалық есеп беру;

8) аудандық коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің мемлекеттік саясатын іске асыру.

Экономика және қаржы бөлімінің негізгі өкілеттігіне:

1) ауданда стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу және үш жылдық кезеңге арналған аудандық бюджет, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихатшешімдерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы мәслихат шешімдерін іске асыру туралы аудандық әкімдіктің қаулыларының жобаларын әзірлеу;

2) аудандық аймақтық даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруын бақылауды жүзеге асыруға және аудандық әкімдігіне ауданның аймақтық даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына түзету жөніндегі ұсыныстар енгізу;

3) аудандық аймақтық даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын өзге жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен әзірлеу және оның орындалу мониторингін жүзеге асыру;

4) аудандық бюджеттің бекітілуіне, нақтылауына және түзетілуіне байланысты бағдарламалар әкімгерлерінен бюджеттік өтінімдер қабылдау;

5) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;

6) міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту, өзгерістер енгізу және жергілікті бюджет бойынша түсімдердің жиынтық жоспарын жүргізу;

7) бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке төленетін төлемдер түсімдерінің мерзімін, бюджетке өткен жылдары түскен төлемдер түсімдерінің динамикасын, мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық динамикасын талдау және бағалы қағаздар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстар деңгейін, кредиттік шарттардың, қарыз шарттарының, байланысты гранттар туралы келісімдердің талаптарын негізге ала отырып, бюджет түсімдері сыныптамасының топтама кодтарының толық көлемін жасау;

8) бюджет ақшасын басқару;

Бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

2019 жылғы 6 айында өтініш түсткен жоқ.

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынамалар ілінген.

Бөлімде сенім телефоны ретінде 3-01-47 нөмірі бекітілген.

Аудандық экономика және қаржы бөлімі Облыстық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының және Облыстық Қаржы басқармасының ауданды орындалуын қамтамасыз етеді.

Аудандық «Мақат тынысы» газетіне 1 сенім телефоны орнатылғандығы туралы жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ. Электронды пошта: raifo.makat@mail.ru

Сенім телефоны: 8/71239/3-01-47

«Мақат аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі 47, тел: 8/71239/3-23-91;

Қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлім.

Мақат аудандық білім беру бөлімі (ары қарай білім бөлімі) өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 02 мамырдағы қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық білім беру бөлімінің ережесіне» сәйкес жүзеге асырады.

«Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша бөлім қызметкерлерінің мүдделер қақтығысы, теріс түсінік деректері анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық акт бекітілген ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2019 жылдың I жарты жылдығы.

Мақат аудандық білім беру бөлімінің штатында 4 мемлекеттік қызметкер, 16 азаматтық қызметші. Бөлім қызметкерлерінің арасында мүдделер қақтығысы, теріс түсінік деректері анықталған жоқ.

2019 жылдың 6 айында бөлімге 18 арыз-шағым түсті. 15 жеке тұлғадан. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес өтініштер уақытылы қаралып, түсіндірме беру арқылы жауаптары берілді.

Заңды тұлғадан 3 арыз электронды портал арқылы түсті және уақытылы жауаптары жолданды.

Білім бөлімінде 2019 жылдың 6 айында 368 бұйрық рәсімделді.

Білім беру ұйымдарында «Адалдық дүкендері» ашылып, жұмыс жүргізуде. Мектеп директорлары халықпен «Ашық есік» күндерін өткізді. Білім беру ұйымының

қызметкерлерімен жасалған келісім шартта және функционалдық қызмет бөлінісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жауаптылық қызметкердің тікелей өз жауапкершілігіне жүктелген.

Мақат аудандық білім беру бөлімінің көрнекі жерлерінде Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы хабарламалармен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі ілінген.

Білім беру бөлімінің қол жетімді кіре берісінде арыз-шағымдарды қабылдау жәшігі орналастырылған. Мақат аудандық білім беру бөлімі бойынша сенім телефоны 3-23-91.


Мақаланың шыққан күні: 01.08.2019 15:19

Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.08.2019 15:19

Қаралым саны: 583