Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.06.2020

Қызметтер

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық Анықтама

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 1,5 тармақтарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы  19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Мақат ауданы әкімдігінің (бұдан әрі - Әкімдік) жанынан құрылған  жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізді:

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімше: Мақат ауданының әкімдігі: Мақат кенті әкімінің аппараты, Доссор кенті әкімінің аппараты, Бәйгетөбе ауылдық округі әкімінің аппараты және дербес бөлімдер (Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Сәулет және қала құрылысы бөлімі, аудандық экономика және қаржы бөлімі, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, ветеринария бөлімі, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі,мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, денешынықтыру және спорт бөлімі, ішкі саясат бөлімі, тұрғын үй инспекциясы бөлімі ).

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты :

Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін аудан әкімінің 2017 жылғы 14 ақпандағы №44-ө өкіміне сәйкес жұмыс тобы құрылды.

4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2018 жылғы 2 жарты жылдық.

«Мақат кенті әкімінің аппараты» ММ, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі 36, тел: 8/71239/ 3-04-07;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 1,5 тармақтарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес «Мақат кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.  

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бағыттары:

  1. бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

3)Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізген Мақат кенті әкімі аппаратының бас маман заңгері – А.Аманғалиқызы.

4) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2018 жылдың II жарты жылдығы.

 5) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы:   Б.А.Сәрсен – Мақат кенті әкімінің міндетін уақытша атқарушы.

Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша:

Мақат кенті әкімінің аппараты (Әрі қарай - Аппарат) өз қызметін Мақат ауданы әкімінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы №4 қаулысымен бекітілген «Мақат кенті әкімінің аппраты туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады.

Аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ. Аппарат қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша:

персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:

Мақат кенті әкімі аппаратының штат бірлігі – 12 мемлекеттік қызметшілерден, 15- азаматтық қызметшілерді құрайды. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысқа орналасуы конкурстық тәртіппен  аудандық персоналды басқару және кадр қызметі бөлімі арқылы іске асады.

мүдделер қақтығысын реттеу:

Мүдделер қақтығысын реттейтін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51 бабының және аппараттың кейбір қызметшілерінің қосымша жұмыс атқару ерекшеліктерін реттейтін Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің  111- баптарының талаптарыны бойынша құқық бұзушылық фактілері орын алған жоқ.

мемлекеттік қызмет көрсету:

2018 жылдың 2 жарты жылдығында: жеке тұлғалардан – 108 өтініш, заңды тұлғалардан – 4 өтініш түскен.

  • жеке меншік тұрғын үй құрылысн салу үшін -5,
  • жеке кәсіпкерлік үшін (дүкен, автокөліктерге техникалық қызмет орнын ашу) -5,
  • қосымша жер учаскесін бөлуді сұраған – 25,
  • жер учаскесін игеріп, меншік құқығын беру – 4,
  • нысаналы мақсатын өзгерту – 5,
  • қосалқы шаруашылық жүргізу үшін – 1, біржолғы қаржылай көмек – 5,
  • тазалыққа қатысты және көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлесін тазарту туралы - 3 және қалғандары әр түрлі бағыттағы өтініштер.

         Қаралған барлығы 112 өтініштің 35-і толықтай қанағаттандырылды. Қалған    77 өтінішке заң талабына сәйкес тиісті жауаптар берілді.

         2018 жылдың 2 жарты жылдығы бойынша кент әкімімен қабылданған азаматтардың саны - 240 , ал олардың ішінде 20  азаматтың мәселесі оң шешімін тапты. Қалған  220 азаматқа заң шеңберінде түсінік берілді. 352 жеке тұлға жер учаскесін алу үшін кезекте тұр.

         2018 жылдың 2 жарты жылдығы бойынша барлығы – 231 шешім, 266 өкім қабылданған.

         Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» - 1 адамға берілген.

         Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.

Сонымен қатар «Мақат кенті әкімі аппараты» ММ бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған ағымдағы жылдың жұмыстары туралы тоқталып кетейік. Аппаратта сенім телефоны ретінде 3-04-07 нөмірі бекітілген. Жалпы тоқсан сайын сенім телефондары, БАҚ-на жарияланып тұр. III тоқсан бойынша – 09 тамыз 2018 жылы,  IV тоқсан бойынша 29 қараша 2018 жылы жарияланды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау үшін I, II жартыжылдыққа арнайы 200 дана кітапшалар шығарылып, халық арасында және бизнес субъектілеріне таратылды (бұл жөнінде қараша айында фейзбук интернет желісінде жарияланды), кент әкімінің авторлық мақаласы интернет ресурсына және «Мақат тынысы» газетіне 2018 жылдың 13 қыркүйегінде №37 баспа санында жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Мақат кентінің көшелеріне баннерлер орнатылған. Атап айтсақ, Е.Аманбердиеа көшесі бойында «Не проходи мимо, Разорви цепь коррупции», С.Мұқашев көшесі бойында «Параға емес, биікке ұмтыл», Қ.Сәтбаев көшесі бойында «Өз елінің патриоты сыбайлас жемқорлықты жасырмады» тақырыбында орналастырылған. Халықпен жұмыс жасау қызметін жетілдіру жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, кент әкімінің аппаратында жасалған барлық жұмыстар БАҚ-на және түрлі ақпараттар мен хабарландырулар, мақалалар фейзбук интернет желісіне орналастырылып, қамтамасыз етілуде. Жалпы сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытындағы шаралар жыл бойы жалғасын таба беретін болады. Тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшік» орнатылған.

рұқсат беру функцияларын іске асыру :

2018 жылдың 2 жарты жылдығы бойынша Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнен 153 адамға әскер қатарына шақырту қағазы таратылды. Мақат кенті бойынша - 6 адам әскер қатарына аттанды. Мақат кенті бойынша шақыру учаскесіне мүлдем келмеген азаматтармен және олардың ата-аналарымен заңды тұрғыда түсінік жұмыстары ішкі істер органдарымен бірігіп жүргізілді.

 

бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:

Бұдан басқа, «Мақат кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау бағытында аудан әкімінен келіп түскен тапсырмалар орындалып жатыр. Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелер, орын алып жатқан құқық бұзушылықтар, оның себептері мен жою амалдары қамтылып, алдын ала болдырмау, себептерін жою бойынша мекемедегі қызметкерлермен  тиісті жиналыстар өткізіліп, хаттамалармен жасақталған.

        «Доссор кенті әкімінің аппараты» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті, Ғ.Сүлейменова көш-сі, 100 үй.

          1) Нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Доссор кенті әкімінің аппараты (Әрі қарай – Аппарат) өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің  2018 жылғы 15 қаңтардағы №05 қаулысымен бекітілген «Доссор кенті әкімінің аппараты туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады.

Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Аппараттың қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

2) Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         Аппараттың штат саны-12, техникалық персонал қызметкерлері-12, азаматтық қызметкерлер-9, оның ішінде 1 қызметкер әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, 4 әлеуметтік қызметкерлер жалғыз басты қарттарға қызмет көрсетеді, 4 әлеуметтік қызметкерлер мүмкіндігі шектеулі балаларды үйінен оқытады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтінішетерін қарау тәртібінің №1-ОЛ формалы есебі күн сайын қағаз және электрондық жүзінде тапсырылып келеді.

2018 жылдың ІІ жарты жылдығында Аппаратқа барлығы - 102 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан түскені -102, заңды тұлғалардан түскен жоқ.

2018  жылдың ІІ жарты жылдығында қаралған  барлығы 102  өтініш, оның ішінде өтініштердің басым копшілігі жер учаскесін бөлу, жер және жерді пайдалану туралы-76, материалдық көмек көрсету- 12, тазалық және тағы басқа мәселер-14 қамтылды.

         2018 жылдың соңғы 6 айының қорытындысы бойынша кент әкімімен қабылданған азаматтардың саны 31 адамды құрады, оларға заң шеңберінде түсініктер берілді.

2018 жылдың ІІ-жарты жылдығында барлығы -72 шешім, 228- өкім қабылданған.

          Аппаратта сенім телефоны ретінде 2-11-33 нөмірі бекітілген. Ғимаратының сыртында ұсыныс-пікірлерді, арыз-шағымдарды қабылдау үшін орнатылған жәшік апта сайын тексерліп тұрады, күні бүгінге дейін ешқандай арыз-шағым, ұсыныс –пікір түспеген.

Аппараттың ғимаратында Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынама ілінген.

         Аппараттың қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыйбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеліп, қосымшалар енгізілген.

          Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің  әдеп кодексі орналастырылған.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әллеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Доссор кентінің көшелеріне баннерлер орнатылған.

         Сыбайлас жемқорлық бойынша Доссор кенті әкімі аппаратынан мақалалар жариялануда. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

 «Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылы.

1) Нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бәйгетөбе ауылдық округі әкімінің аппараты (Әрі қарай – Аппарат) өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 6 маусымдағы №174 қаулысымен бекітілген «Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады.

Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Аппараттың қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

2) Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         Аппараттың штат саны – 5 адам, оның ішінде: округ әкімі – З.Н.Каиров, бас маман – Ж.М.Елеусинова (конкурс арқылы келген), бас маман-есепші – Д.Сәндешова(конкурс арқылы келген), бас маман міндетін уақытша атқарушы –А.Кунбаева (конкурс арқылы келген), жетекші маман – К.Х.Ибатова (ауысу тәртібімен келген).  Азаматтық қызметшілер саны – 3 адам, техникалық персонал – 9 адам. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

2018 жылдың 19 маусымына жеке тұлғалардан – 52 өтініш, 3 өтініш жер учаскесін пайдалану мерзімін ұзарту, 1 өтініш нысаналы мақсатын өзгерту,         1 өтініш қосалқы шаруашылық жүргізуге,  5 өтініш пайдаланып отырған жер учаскесіне қосымша жер сұраған, 2 өтініш жер учаскесіне меншік құқын беру, 40 өтініш тұрғын үй құрылысын салу үшін жер кезегіне қоюды сұраған. Өтініштерге заңға сәйкес уақытылы жауаптар жолданған.

  1. жылдың 19 маусымына –65 өкім; 19 шешім қабылданған.

2018 жылдың 19 маусымы бойынша ауылдық округ әкімімен қабылданған азаматтардың саны 23 адамды құрады, барлық азаматтың мәселесі оң шешімін тапты.

Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі З.Каировтың «Өзіңнен баста» акциясы аясында 2018 жылдың 5 айына табысы, мүлкі, жер учаскесі және көлік құралдары жөнінде ақпарат жарияланған.

Бәйгетөбе ауылдық округі әкімінің аппаратының қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеліп, қосымшалар енгізілген.

Бәйгетөбе мектеп балабақша кешені ғимаратының дәлізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлық бойынша мақалалар жариялануда. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Бәйгетөбе ауылдық округі әкімінің аппаратында тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшік» орнатылған.

Бәйгетөбе ауылдық округі әкімінің аппаратында сенім телефоны ретінде 3-12-15 нөмірі бекітілген.

 «Мақат  аудандық  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық, жолаушылар  көлігі және автомобиль жолдары бөліміне» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ.Сәтпаев көшесі, 1 үй мекен-жайы бойынша орналасқан.

Жұмыс телефоны: 8/71239/ 3-15-12.

Электронды поша: Zhkh-aftoh@mail.ru

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі тадау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

«Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жоодары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Әрі қарай -Бөлім) өз қызметін аудан әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы                                №49 қаулысымен бекітілген, Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Еңбек тәртібінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы                   29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қатаң сақталады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері қатаң сақталуға үздіксіз міндеттелген.

Бөлімнің штат саны 3, азаматтық қызметшілер 5. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

2018 жылдың 2-ші жартыжылдығында 70 бұйрық және                                         10 қаулы қабылданған.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының                     1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 Заңының (бұдан әрі- Заң) 71 бабының                              5 тармақшасына «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» тізімін түгендеу жұмыстары барысында Мақат әкімдігі жанынан құрылған тұрғын үй комиссиясының 12 отырысы өтті. Нәтижесінде 278 азамат тұрғын  үй кезегінен шығарылды және Бөлім теңгеріміндегі 2 тұрғын үй жекешелендірілді.

2019 жылдың жоспары бойынша 2 жобаға атап айтқанда, Мақат кентіне 5,6 шақырым күрделі жөндеу және Доссор кентіне  5,8 шақырым автокөлік жолдарына қайта жаңғырту жұмыстарына облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, конкурсқа жарияланды. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін аталған жоба бойынша жұмыстар басталады.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.

Сыбайлас жемқорлық бойынша  2018 жылдың 6 айында «Мақат тынысы» газетіне «Жемқорлық дәрімен жазылмайды» атты мақала жарияланды. Сыни материалдар орын алған жоқ.

«Мақат аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ.Сәтбаев көшесі 2 үйде орналасқан. Тел: 8(71239) 3-01-24;

 «Аудандық  сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, Мақат кенті,  С.Мұқашев көшесі 47, тел: 8 /71239/3-00-67;

1) Нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аудандық  сәулет және қала құрылысы бөлімі (Әрі қарай – Бөлім) өз қызметін «Аудандық сәулет және қала құрылысы туралы Ереже» туралы Мақат ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы №28 қаулысы негізінде жүзеге асырады.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Еңбек тәртібінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы        29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қатаң сақталады.

Қазақстан республикасының қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері қатаң сақталуға үздіксіз міндеттелген.

Штат саны -2, мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

2018 жылғы Жеке және заңды тұлғалардан  ІІ жартыжылдық бойынша аталмыш бөлімге келіп түскен өтініштер саны – 147 ;

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы келіп түскен өтініштер саны –  101, оның ішінде мекен-жай тіркелімі бойынша халыққа қызмет көрсету арқылы анықтама алғандар саны – 47, сәулеттік жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) халыққа қызмет көресту орталығы арқылы алғандар саны – 35,  тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім берудің  халыққа қызмет көрсету арқылы алғандар саны –  6, Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу – 18.

Бөлімге тікелей жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны –  0, оның ішінде сәулеттік жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) алғандар саны –  0, мекен-жай тіркелімі бойынша анықтама алғандар саны – 0, тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беруді алғандар саны -  0 , Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу -   0, өтініштерін қараусыз қалдыру туралы өтініш саны – 0.

Е-лицензия арқылы сәулеттік жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) алғандар саны –  15.

Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызыметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен  еңбек шарттарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес  жауаптылық қөзделген.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.

Сыбайлас жемқорлық бойынша Сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметіне байланысты мақалалар жариялануда. Сыни материалдар орын алған жоқ.

Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны бекітілген.

Қазіргі уақытта аудан тұрғындарына жер телімдерін беру жұмыстары жүргізілуде.

2009-2018 жылдар аралығында Мақат кенті бойынша жер теліміне кезекке тұрғандар саны – 304

Инфрақұрылым жүргізілген жер телімі – 349.

Бос тұрған жер телімі саны – 244.

Жері бар тұрғындар -22.

Жер телімінен бас тартқан тұрғындар – 7.

Жер алған тұрғындар саны – 28.

Оралмандарға бөлінген жер телімі – 16.

Жеке меншікке шыққан жер телімі – 61.

Кезек бойынша картаға орналастырылған тұрғындар саны – 238.

2009-2018 жылдар аралығында Доссор кенті бойынша жер теліміне кезекке тұрғандар саны – 415.

Инфрақұрылым жүргізілген жер телімі – 240.

Жеке меншікке шыққан жер телімі – 211.

Бос тұрған жер телімі саны – 29.

Кезек бойынша картаға орналастырылған тұрғындар саны – 29.

Аудан тұрғындарының барлығына жер телімдерінің беріліп жатырғандығы жөнінде Қазпочта арқылы  хат жолданған. Жер телімдерін беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 «Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ.Сәтбаев көшесі 1 үйде орналасқан.

Тел: 8(71239) 3-01- 47;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілеріне және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін аңықтау.

Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімінің штат саны – 7 (1 басшы, 1 басшының орынбасары, 1 сектор меңгеруші, 4 бас маман) адам, азаматтық қызметшілер саны – 3 (1 мұрағатшы, 1 хатшы, 1 жүргізуші) адам.

2013 жылдан бастап Сарбалиева Светлана Ризаевна аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарады, 2014 жылдан бастап Джангабылова Акмарал Жаксылыковна экономика және қаржы бөлімінің басшысының орынбасары, 2018 жылдың 16 мамырдағы №73 аудан әкімнің қаулысымен 1 сектор меңгеруші штат беріліп күні бүгінгі дейін вакансия,     2009 жылдан бастап Келдибаева Ермек Аманкосовна бас маманы, 2014 жылдан бастап Кулбаева Гулмира Ахметовна бас маманы, 2016 жылдан бастап Кужбанова Базаргуль Адиловна бас маманы, 2016 жылдан бастап Суюншалиева Алмагуль Жадигеровна бас маманы қызметін атқаруда. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі №109 қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқолық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлім қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

Ауданда стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу және үш жылдық кезеңге арналған аудандық бюджет, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы мәслихат шешімдерін іске асыру туралы аудандық әкімдіктің қаулыларының жобаларын әзірлейді. 2018 жылдың 6 айында бюджетті 2 нақтылау болды.

Аудандық аймақтық даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруын бақылауды жүзеге асыруға және аудандық әкімдігіне ауданның аймақтық даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына түзету жөніндегі ұсыныстар енгізеді. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №816 қаулысына сәйкес ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша 15 маман тіркелген. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2018 жылдың 6 айында отырыс жоспарланбаған.

Аудандық бюджеттің бекітілуіне, нақтылауына және түзетілуіне байланысты бағдарламалар әкімгерлерінен бюджеттік өтінімдер қабылдау және бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді.Міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту, өзгерістер енгізу және жергілікті бюджет бойынша түсімдердің жиынтық жоспарын жүргізеді.

Аудандық коммуналдық мүліктің жекешелендіруін жүзеге асырады, коммуналдық мүліктің жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындайды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеліп, қосымшалар енгізілген.

2018 жылдың 6 айында өтініш түскен жоқ.

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынамалар ілінген.

Бөлімде сенім телефоны ретінде 3-01-47 нөмірі бекітілген.

Аудандық экономика және қаржы бөлімі Облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының және Қаржы басқармасының жұмыстарының ауданда орындалуын қамтамасыз етеді.

Аудандық «Мақат тынысы» газетіне 1 мақала жарияланды.Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Электронды пошта: raifo.makat@mail.ru

Телефон нөмір: 8/71239/ 3 01 47, 8/71239/ 3 00 14

Сенім телефоны: 8/71239/ 3 01 47

«Мақат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36, тел: 8(71239)3-01-39.

1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқолық тәуекелдерін анықтау.

2.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

2018 жылғы 2 жарты жылдық.

3.Нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мақат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (әрі қарай -Бөлім) өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 95 қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

4.Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәукелдерін анықтау.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Бөлімнің штат саны – 2 адам, азаматтық қызметшілер – 4 адам. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Бөлімде тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшік» орнатылған. Күні бүгінге дейін ешқандай арыз-шағым, ұсыныс-пікір түскен жоқ. Сенім телефоны 3-01-39 нөмірі бекітілген. Сенім телефоны тоқсан сайын аудандық газетте жарияланады.

Еңбек тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы

29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі қатаң сақталады.

Бөлімде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жадынамалар орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлық бойынша мақалалар жариялануда. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Бөлімнің ұйымдастыруымен жыл басынан бері 71 мәдени шара өткізіліп, оған  3 млн 681 000 теңге бөлінді, аудан көркемөнерпаздары республика, облыс көлемінде өткен  байқауларға қатысып, оған 2 млн 047 210 теңге қаражат бөлінді, барлығы  5 млн  728 210 теңге. Бөлінген қаражат толықтай игерілді.

Бөлімге қарасты Мақат аудандық мәдениет үйі, Доссор мәдениет үйі, Аудандық орталық кітапханасы жұмыс жасайды.

Мақат ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қарашадағы №237-қаулысымен «Мақат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Мақат аудандық мәдениет үйі» коммуналдық қазыналық кәсіпорынның Ережесі бекітілді.

Аудандық мәдениет үйінің штат саны – 50 адам.

Кәсіпорын өз мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес төмендегідей қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) тұрғындар арасында түрлі мәдени- көпшілік жұмыстар жүргізу арқылы, олардың бс уақыттарын тиімді пайдалануына жағдай жасау;

2) халық арасында ұлттық өнер мен салт-дәстүрді насихаттау, ақыл-ойы дамыған ұрпақты тәрбиелеуге қажетті әдістер мен тәсілдерді пайдалана отырып,Кәсіп орынның әлеуметтік-экономикалық статусын көтеру;

3) тұрғындардың әртүрлі топтарының тілек-мүдделері мен рухани қажеттілектерінің сұраныстарына байланысты жаңа мәдени қызметтерді ұйымдастыру жұмыстарының әдістері мен нормаларын енгізу . Жас ұрпақты мәдени шараларға белсенді қатыстыру;

4) Қазақстан Республикасынң заңнамаларына сәйкес тұрғындарды ақылы қызмет түрлерімен қамту және ақылы қызметтен түскен қаржыны мақсатына пайдалану, түскен қаржыны Мемлекеттік мекеменің есеп-шотына жинақталады және Мемлекеттік мекеменің ішкі қызметіне ,ауданның мәдени өміріне жұмсалады.

Мақат аудан әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі №99-қаулысымен «Мақат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Доссор мәдениет үйі» коммуналдық мемелекеттік қазыналық кәсіпорынның Ережесі бекітілді.

Доссор мәдениет үйінің штат саны- 32 адам.

Кәсіпорын өз мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес төмендегідей қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1)тұрғындар арасында түрлі мәдени- көпшілік жұмыстар жүргізу арқылы, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына жағдай жасау;

2) халық арасында ұлттық өнер мен салт-дәстүрді насихаттау, ақыл-ойы дамыған ұрпақты тәрбиелеуге қажетті әдістер мен тәсілдерді пайдалана отырып,Кәсіп орынның әлеуметтік-экономикалық статусын көтеру;

3) тұрғындардың әртүрлі топтарының тілек-мүдделері мен рухани қажеттілектерінің сұраныстарына байланысты жаңа мәдени қызметтерді ұйымдастыру жұмыстарының әдістері мен нормаларын енгізу . Жас ұрпақты мәдени шараларға белсенді қатыстыру;

Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 20 маусымдағы №183- қаулысымен «Мақат аудандық мәднеиет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық орталық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілді.

Аудандық орталық кітапханасының штат саны-48 адам.

1) Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарының мәдени, кәсіби жалпылама білім дәрежелерін көтеруге ықпал ету болып табылады;

2) Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) барлық жүйенің негізгі орталық кітапханасының қызметін атқарады;

2) барлық кітапханалардың қызметіне басшылық етеді;

3) жаңа әдебиеттерді толықтыру мен өңдеуді бір орталықтан жүзеге асырады;

4) оқырмандардың сұранысын зерттеп, қанағаттандырады.

«Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36,  тел: 8(71239) 3-02-98.

Сыбайлес жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Мақат аудандық жұмыспен  қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабы 5 тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының                       2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде,  келесі ақпаратты ұсынады:

Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (әрі қарай - Бөлім) өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 95 қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің штат саны – 6 адам, азаматтық қызметшілер – 4 адам. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Аудандық бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» жарлығы;

- Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы №1787-ХII «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі №2247 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 16 сәуірдегі №482-V «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі №246-II «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39-III «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы №63-III «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы №114-ІV «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту» қаулысы;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №219 «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №754 «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» қаулысы;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы №64 «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін (2012 - 2013 жылдар) бекіту туралы» қаулысы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» заңы;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы  09 сәуірдегі №319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы                        11 желтоқсандағы    №648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

2018 жылғы 2 жарты жылдық.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқолық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімге қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 09 сәуірдегі №319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына, Атырау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы №191 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы қаулысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына және Атырау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі №293 «Атырау облысында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №219 «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына және  Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы                     30 желтоқсандағы  №391 «Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес бөлімде келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1) «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»;

2) «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;

3) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»;

4) «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;

5) «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;

6) «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»;

7) «Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету»;

8) «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;

9) «Мүгедектерге кресло-арбалар беру»;

10) «Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету»;

11) «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;

12) «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»;

13) «Тұрғын үй көмегін тағайындау»

14) «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»;

15) «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру»;

16) «Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»;

17) «Ақталған адамға куәлік беру»;

18) Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау;

19) Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

20) Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

21) Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты ) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

22) Некені (ерлі-зайыптылықты ) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

23) Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

24) Т.А.Ә.А өзгертуді тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу енгізу;

25) Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;

26) Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктер немесе анықтамалар беру;

27) Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.

Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәукелдерін анықтау.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Сенім телефоны 3-02-98 нөмірі бекітілген.

Еңбек    тәртібінде    Қазақстан    Республикасы    Президентінің           2015    жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі қатаң сақталады.

Бөлімде  мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жадынамалар орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлық бойынша мақалалар жариялануда. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 01 қазандағы №190 қаулысымен «Атырау олблысы Мақат ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту туралы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» (Бұдан әрі - орталық) Ережесі бекітілді.

Орталықтың құрылтайшысы Мақат ауданы әкімі аппараты болып табылады. Уәкілетті органы «Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі  болып табылады.

Орталықтың штат саны - 10, яғни директор-1, маман-4, атаулы әлеуметтік көмек жөніндегі консультант -1, ассистент-2, бағдарламашы-1, тазалықшы-1.

Орталықтың орналасқан жері Атырау облысы,  Мақат ауданы,  Мақат кенті, С.мұқашев 36, тел. 8 (71239) 3-01-46.

Орталық мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

Орталық қызметінің мәні халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету; қызметінің мақсаты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру және атаулы әлеуметтік көмек көрсету, халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы                                     №919 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысушылармен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөнінде осы бұйрықпен бекітілген әлеуметтік келісімшартқа қол қояды, оның орындалуына және шарттары орындалмаған кезде Заңға сәйкес санкциялардың қолданылуына мониторингті жүзеге асырады;

 өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;

жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;

жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;

атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды қабылдауды,әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;

жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жолдама береді;

жұмыс берушілерде бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы, сондай-ақ мүгедектерді, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелет жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарының орындалуы туралы есепке алуды жүргізеді;

Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

«Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесі арқылы Бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуына және міндетті зейнетақы жарналарының болуына мониторингті жүзеге асырады;

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама береді;

азаматтарды Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша хабардар етеді және оларға консультациялық қызметтер көрсетеді, құжаттарды дайындауға көмектеседі, үміткерлердің мұқтаждығын зерделеу мақсатында оларға консультация береді, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын бағалауды, олардың құжаттарын қабылдауды жүргізеді.

Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 01 қарашадағы №199 қаулысымен «Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы»Ережесі бекітілді, 2018 жылдың ақпан айынан бастап «Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (Бұдан әрі –Күндізгі бөлімше) өз қызметтерін атқара бастады.

Күндізгі бөлімшенің құрылтайшысы Мақат ауданы әкімі аппараты болып табылады. Уәкілетті органы «Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі  болып табылады.

Бұл күндізгі бөлімшеде штат саны - 8, яғни директор-1, заңгер-консультант-1, әлеуметтік қызметкер-4, есепші-1, тазалықшы-1.

Күндізгі бөлімшенің орналасқан жері Атырау облысы,  Мақат ауданы,  Мақат кенті, 42 бөлімше 27 үй, тел. 8 (71239) 3-09-79.

Күндізгі бөлімшеде мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға (бұдан әрі – балалар) және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға  арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету. Қазақстан Республиксының  денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы» бұйрығымен бекітілген стандарттағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді іске асыру болып табылады.

1) жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектердің, оның ішінде бір жарым жастан тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар;

2) осы Ережеде белгіленген көлемдерге сәйкес жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;

3) қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму деңгейін арттыруға, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағдарланған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету;

4) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда қолайлы моральдық психологиялық жағдай жасау;

5) қызмет алушыларға осы Ережеге сәйкес сауықтыру және әлеуметтік-оңалту іс-шараларын өткізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы жан-жақты көмек көрсету;

6) мүгедектерге әлеуметтік, медициналық және кәсіптік оңалту жүргізу.

«Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі,  Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, ағ.мұнайшы Телішевтер көшесі, 140 ғимарат, тел.: 8/71239/3-02-99.

«Мақат аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Әрі қарай -Бөлім) өз қызметін аудан әкімдігінің                2017 жылғы 19 қазандағы №191 қаулысымен бекітілген, Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Еңбек тәртібінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы               29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қатаң сақталады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері қатаң сақталуға үздіксіз міндеттелген.

Бөлімнің штат саны 4, азаматтық қызметшілер 12. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Аудан бойынша кәсіпкерлермен және шаруа қожалықтарымен 5 кездесу өтіп, мемлекеттік бағдарламалар бойынша көрсетілетін жеңілдіктер мен ұйымдастыру заңдылықтар жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламалар арқылы 10 кәсіпкер 63 млн. 800 мың теңге несие алды.

Жыл басынан бері 61 бұйрық қабылданған.Техникалық инспекция саласы бойынша машиналарды жүргізу құқығына 7 куәлік берілді, жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын және мемлекеттік нөмерлік белгі беру 11 дана, берілген техникалық паспорт саны 11. Арнайы машиналардың кепілін тіркеу жеке және заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша аудандық «Мақат тынысы» газетіне 6 мақала берілді. 

Мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алу мақсатында жыл басынан бері 14 кәсіпкерден арыз келіп түсіп, аудан әкімінің қолдау хатымен                      14 кәсіпкерлердің ұсынысы облыстық әкімдікке жолданды.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.

Сыбайлас жемқорлық бойынша кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметіне байланысты 1 мақала жарияланды. Сыни материалдар орын алған жоқ.

Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 3-02-99 бекітілген.

«Мақат ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Мақат  кенті, Ағайынды Мұнайшы Телішевтер көшесі, 140 тел: 8/71239/3-02-52;

1) бөлімнің қызметіне әсер ететін нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мақат ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі (әрі қарай -Бөлім) өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 134 қаулысымен бекітілген «Мақат ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Еңбек тәртібінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы             29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қатаң сақталады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері қатаң сақталуға үздіксіз міндеттелген.

Штат саны -2, оның ішінде 1 басшы, 1 бас маман, азаматтық қызметші - 1.  Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.

Сыбайлас жемқорлық бойынша аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметіне байланысты мақалалар жариялануда. Сыни материалдар орын алған жоқ.

Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны  3-02-52  бекітілген.

«Мақат аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі 36, тел: 8/71239/ 3-15-11;

«Мақат аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Әрі қарай -Бөлім) өз қызметін аудан әкімдігінің 2016 жылғы                1 шілдедегі №122 қаулысымен бекітілген, Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

Бөлім өз жұмысында Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі №228 – V Заңын басшылыққа алады.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері қатаң сақталуға үздіксіз міндеттелген.

Бөлімнің штат саны 2, азаматтық қызметшілер 3. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Аудан әкімінің 19.03.2018 жылғы №86-ө өкімімен бөлім басшысының уақытша міндетін атқаруға Е.Мақсотов қабылданды.

Бөлімде тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшік» орнатылған. Күні бүгінге дейін ешқандай арыз – шағымдар, ұсыныс – пікір түскен жоқ. Сенім телефоны 3-15-11 нөмірі бекітілген. Сенім телефоны тоқсан сайын аудандық газетте жарияланады.

Еңбек тәртібінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы               29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қатаң сақталады.

Бөлімде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін регламенті мен стандарты стенді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жадынамалар орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлық бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бөлімнің қызметіне байланысты мақалалар жариялануда. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы»   2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 35 бабы негізінде спорттық разрядтар мен санаттарын беру туралы мемлекеттік қызмет көрсетіледі.  09.01.2018 жылы        1 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Күнтізбелік жоспар бойынша жарыстар өткізіледі және аудан спортшыларының Республикамыздың басқа аудан, қалаларында өткізілетін жарыстарға белсенді қатысуы қамтамасыз етіледі.

Бөлімнің ұйымдастыруымен жыл басынан бері 29 жарыс өткізіліп, оған 839350 теңге бөлінді, аудан спортшылары облыс көлемінде өткен  жарысқа қатысты, оған 2644421 теңге қаражат бөлінді, барлығы 3483771 теңге.   

Бөлінген қаражат толықтай игерілді.

«Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ.Сәтбаев көшесі 1 үйде орналасқан. Тел: 8(71239) 3-02-77;

Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінің штат саны –2 (1 басшы, 1 бас маман) адам, азаматтық қызметшілер саны – 2 (1 есепші, 1 әдіскер) адам.

2013 жылдан бастап Хамидуллина Салтанат Жұлдызбайқызы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін, 2010 жылдан бастап Кеуелова Алмагуль Куатбаевна аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы қызметін атқаруда.

Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 07 сәуірдегі №62 қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады.

2018 жылдың 6 айында өтініш түскен жоқ.

2018 жылдың 6 айы бойынша барлығы – 1 қаулы, 2 өкім қабылданған.

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынамалар ілінген.

Бөлімде сенім телефоны ретінде 3-02-77 нөмірі бекітілген.

Аудандық ішкі саясат бөлімі Облыс әкімі аппараты, облыстық Ішкі саясат басқармасы, облыстық Жастар саясаты басқармасы, облыстық Дін істері басқармасы, облыс әкімі жанындағы Әйелдері істері және демографиялық саясат жөніндегі комиссия, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыстарының ауданда орындалуын қамтамасыз етеді.

Бөлімде аудан әкімдігі жанындағы Мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау жөніндегі комиссия, аудан әкімі жанындағы Жастар істері жөніндегі Кеңес, аудан әкімі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес, аудан әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық саясат жөніндегі комиссия, аудан әкімі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі Кеңес, аудан әкімі жанындағы Қоғамдық Келісім кеңесі, Аналар кеңесі барлығы 5 кеңес, 2 комиссия жұмыс жасайды.

Мақат аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 1 ақпан күні  сағат 11.00-де М.Баймұханов орта мектебінде жоғарғы сынып оқушыларына «Сыбайлас жемқорлық түп-тамырымен жойылуы тиіс» тақырыбында түсінік жүмыстары жүргізілді. Оқушыларға арнайы дайындалған сауалнамалар мен видео роликтер көрсетілді.

Аудан жастарының бойында жемқорлыққа жол бермеу түсінігін қалыптастыру мақсатында 10 сәуір күні сағат 15.00-де Х.Санбаев орта мектебінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жасөспірімдердің көзқарасы» атты іс-шара өткізілді. Оқушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес түсінігіне тоқталып, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалар мен нормативтік құқықтық актілер жайында баяндау жасады.

4 мамыр күні «Нұр Отан» ғимаратының алдындағы алаңда Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жастар арасында флешмоб биі ұйымдастырылды.

25 мамыр күні «Сыбайлас жемқорлық-құқықтық және әлеуметтік теріс құбылыс» дебаттық турнир «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жиырмажылдық қалыптасуы» тақырыбында Эссе байқауы өткізілді. Дебат барысында 2 командаға бөлініп пікір таластырды. Сыбайлас жемқорлықты қалай болдырмауға болатындығы жөнінде өз ойларымен бөлісіп, сөз таластырды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жиырмажылдық қалыптасуы» тақырыбында Эссе байқауында берілген 1.30 сағат ішінде эссе жазып, бақ сынасты. Нәтижесінде: I орынды 9 сынып оқушысы Сәлімгереева Гүлназ иеленсе, II орынды 8 сынып оқушысы Боздақова Асылайға бұйырды.     III орынды Жолдасова Бибігүл жеңіп алды. Қатысушыларға дипломдар табыс етілді.

Агенттікпен бекітілген кешенді жоспар шеңберінде қоғамның жемқорлыққа төзбеушілік ұстанымын қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 1 бейнеролик және вайндарды әлеуметтік желілерде түсіріп таратылды.

Ағымдағы жылдың 6 айында «Мақат тынысы» газетіне 32 мақала жарияланды.Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

«Мақат аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі Мақат  кенті, Ағайынды Мұнайшы Телішевтер көшесі,140  тел: 8/71239 / 3-23-45;

1) бөлімнің қызметіне әсер ететін нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Мақат аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі  (Әрі қарай -Бөлім) өз қызметін аудан әкімдігінің 2017 жылғы 19 қазандағы                              «Қайта ұйымдастыру (қосу,бөлу) жолымен кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта құру туралы» №191 қаулысымен құрылған, Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Еңбек тәртібінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы             29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қатаң сақталады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері қатаң сақталуға үздіксіз міндеттелген.

Штат саны -3, оның ішінде 1 басшы, 2 бас маман ветеринар, азаматтық қызметшілер -4.  Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Мақат аудан әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы                            №294 қаулысымен «Мақат аудандық ветеринария бөлімінің аудандық ветеринариялық стансасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны құрылды.

Аудандық ветеринариялық стансаның штат саны барлығы -10, оның ішінде ветстанса -1 директор, 1- ветврач, 1 есепші, 2 көлік жүргізуші,                                     1- іс қағаздарын жүргізуші, ветеринариялық пунктте – 4 адам,  оның ішінде: 1- ветврач, 1- вет пункт меңгерушісі,  1- ветфельдшер, 1- ветсанитар  мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

2018 жылғы Жеке және заңды тұлғалардан І жартыжылдық бойынша аталмыш бөлімге келіп түскен өтініштер жоқ; оның ішінде  ветеринария саласы бойынша  жеке және заңды тұлғалардан түскен  өтініштер саны-856, оның ішінде ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіру саны-814, ветеринариялық анықтама саны-42.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.

Сыбайлас жемқорлық бойынша аудандық ветеринария бөлімінің қызметіне байланысты мақалалар жариялануда. Сыни материалдар орын алған жоқ.

Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны  3-23-45  бекітілген.

2017 жылғы 11 қарашада Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының уақытша міндетін атқарушы А.Құмаровтың  №11-10-09/1374-7-Т тапсырмасына сәйкес, 2014-2016 жылдары аралығында жергілікті бюджет қаражатының пайдалануына, жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер түрінде бөлінген қаражатқа сәйкестік аудиті және мемлекеттік аудит объектісінің қызметінің тиімділігін бағалау мақсатында тексеру жүргізілді.

«Мақат ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы аудандық ветеринариялық стансасы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры Н.Жаңабергеновке жалпы сомасы 251,3 мың теңге басқару органының келісімінсіз сыйлықақы алғаны анықталып, бөлім басшысының 2018 жылдың 22 қаңтарында №6 бұйрығымен өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау барысында салғырттық танытқаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза берілді.

Атырау облысы тексеру комиссиясының аудиторлық тесеру барысында 101201 кодына 2,9 мың теңге және 206109 кодына 347,7 мың теңге бюджетке өтеліп, кемшіліктер жойылды.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша төмендегідей Ұсыныс береміз:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1). көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) www.egov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Бөлімнің кеңсесі арқылы көрсетілетіндігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына жол береді.

Осыған орай, көрсетілген стандарттарға өтініштерді қабылдау мен нәтижесін беру тек «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүргізілсін деген ұсыныс береміз.


Мақаланың шыққан күні: 30.07.2019 09:16

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.07.2019 09:16

Қаралым саны: 591