Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.12.2017

Қызметтер

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 1,5 тармақтарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Мақат ауданы әкімдігінің (бұдан әрі - Әкімдік) жанынан құрылған жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізді:

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімше: Мақат ауданының әкімдігі: Мақат кенті әкімінің аппараты, Доссор кенті әкімінің аппараты және дербес бөлімдер (Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Сәулет және қала құрылысы бөлімі, Құрылыс бөлімі).

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты :

1) Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін аудан әкімінің 2017 жылғы 14 ақпандағы №44-ө өкіміне сәйкес жұмыс тобы құрылды.

4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2017 жылғы 1 жарты жылдық.

5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Кулжанова Нургуль Газизовна – аудан әкімі аппараты басшысының міндетін уақытша атқарушы, жұмыс тобының жетекшісі.

«Мақат кенті әкімінің аппараты» ММ, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі 36, тел: 8/71239/ 3-04-07;

1) Нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мақат кенті әкімінің аппараты (Әрі қарай – Аппарат) өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы №35 қаулысымен бекітілген «Мақат кенті әкімінің аппараты туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады.

Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Аппараттың қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

2) Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мақат кенті әкімі аппаратының штат саны – 12 адам, азаматтық қызметшілер саны – 19 адам. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

2017 жылдың 1 жарты жылдығында Мақат кенті әкімі аппаратына барлығы – 122 өтініш түскен. Оның ішінде: жеке тұлғалардан – 101, заңды тұлғалардан – 21 арыз.

Сондай-ақ, 2017 жылдың 1 жарты жылдығында жоғары тұрған органдардан: аудан әкімі аппаратынан – 12, «Нұр Отан» партиясы Мақат аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінен – 0, Электронды үкімет порталынан – 0 өтініш түскен.

2017 жылдың 1 жарты жылдығында қаралған барлығы 122 өтініштің 29-ы оң шешіліп, 93 – не заң шеңберінде тиісті жауаптар берілген.

Оның ішінде, аудан әкімі аппаратымен қаралған арыздар (Мақат кенті әкімі аппаратына келіп түскен) – 14.

Өтініштердің басым көпшілігі жер учаскесін бөлу, жер және жерді пайдалану туралы - 80, бір жолғы қаржылай көмек – 5, тазалық және тағы басқа мәселелер қамтылды.

2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша кент әкімімен қабылданған азаматтардың саны 118 адамды құрады, олардың ішінде 16 азаматтың мәселесі оң шешімін тапты. Қалған 102 азаматқа заң шеңберінде түсініктер берілді.

2017 жылдың I-жарты жылдығы бойынша барлығы – 78 шешім, 17 өкім қабылданған.

Аппарат қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеліп, қосымшалар енгізілген.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әллеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Мақат кентінің көшелеріне баннерлер орнатылған.

Сыбайлас жемқорлық бойынша мақалалар жариялануда. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Аппаратта тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшік» орнатылған.

Аппаратта сенім телефоны ретінде 3-04-07 нөмірі бекітілген.

«Доссор кенті әкімінің аппараты» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор кенті, Ғ.Сүлейменова көш-сі, 100 үй.

1) Нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Доссор кенті әкімінің аппараты (Әрі қарай – Аппарат) өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы №33 қаулысымен бекітілген «Доссор кенті әкімінің аппараты туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады.

Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Аппараттың қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

2) Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппараттың штат саны-12, техникалық персонал қызметкерлері-15, азаматтық қызметкерлер-8, оның ішінде – 4 әлеуметтік қызметкерлер жалғыз басты қарттарға қызмет көрсетеді, 4 әлеуметтік қызметкерлер мүмкіндігі шектеулі балаларды үйінен оқытады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтінішетрін қарау тәртібінің №1-ОЛ формалы есебі күн сайын қағаз және электрондық жүзінде тапсырып келеді.

2017 жылдың І жарты жылдығында Аппаратқа барлығы - 77 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан түскені -77, заңды тұлғалардан түскен жоқ.

2017 жылдың І жарты жылдығында қаралған барлығы 77 өтініш, оның ішінде өтініштердің басым копшілігі жер учаскесін бөлу, жер және жерді пайдалану туралы-59, бір жолғы материалдық көмек көрсету- 3, тазалық және тағы басқа мәселер-15 қамтылды.

2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша кент әкімімен қабылданған азаматтардың саны 123 адамды құрады, олардың ішінде 23 азаматтың мәселесі оң шешімін тапты. Қалған 100 азаматқа заң шеңберінде түсініктер берілді.

2017 жылдың І-жарты жылдығында барлығы -78 шешім, 204- өкім қабылданған.

Аппаратта сенім телефоны ретінде 2-11-33 нөмірі бекітілген. Ғимаратының сыртында ұсыныс-пікірлерді, арыз-шағымдарды қабылдау үшін орнатылған жәшік апта сайын тексерліп тұрады, күні бүгінге дейін ешқандай арыз-шағым, ұсыныс –пікір түспеген.

Аппараттың ғимаратында Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынама ілінген.

Аппараттың қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеліп, қосымшалар енгізілген.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әллеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Доссор кентінің көшелеріне баннерлер орнатылған.

Сыбайлас жемқорлық бойынша Доссор кенті әкімі аппаратынан мақалалар жариялануда. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

«Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Бәйгетөбе ауылы.

1) Нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бәйгетөбе ауылдық округі әкімінің аппараты (Әрі қарай – Аппарат) өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 6 маусымдағы №174 қаулысымен бекітілген «Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппараты туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады.

Аппараттың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Аппараттың қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

2) Аппараттың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аппараттың штат саны – 5 адам. азаматтық қызметшілер саны – 2 адам. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Бәйгетөбе ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 30 наурыздағы №27-ө өкімімен ауылдық округ әкімі аппартының бас маманы Ж.Елеусинованың бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалыстан шығып, оның орнындағы А.Джумашева 2017 жылғы 30 наурыздағы №28-ө өкімімен атқаратын қызметінен босатылды.

2017 жылдың 1 жарты жылдығында жеке тұлғалардан – 21 өтініш түсті, оның ішінде, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша қосымша жер сұраған - 3, уақытша өтеулі жер пайдалану құқығының мерзімін ұзарту бойынша-1, тұрғын үй құрылысын салу үшін жер сұраған-1, бау-бақша өнімдерін егу үшін пайдаланып отырған жер учаскесіне қосымша жер сұраған – 2, жер учаскесіне жеке меншік құқығын табыстау туралы - 1, мал шаруашылығымен айналысу және жылыжай салу қосалқы жер телімін беру туралы - 9, жер учаскелерін қосып біріктіріп беру жөнінде - 2, тұрғын үй құрылысын салу үшін жер теліміне кезекке қою туралы – 2 өтініш. Өтініштерге заңға сәйкес уақытылы жауаптар жолданған.

2017 жылдың 1 жарты жылдығында – 50 өкім; 10 шешім қабылданған. 2017 жыл басынан бері мал басы туралы 1 анықтама берілген.

2017 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша ауылдық округ әкімімен қабылданған азаматтардың саны 20 адамды құрады, барлық азаматтың мәселесі оң шешімін тапқан.

Бәйгетөбе ауылдық округі әкімінің аппаратының қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеліп, қосымшалар енгізілген.

Бәйгетөбе мектеп балабақша кешені ғимаратының дәлізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлық бойынша мақалалар жариялануда. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Бәйгетөбе ауылдық округі әкімінің аппаратында тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшік» орнатылған.

Бәйгетөбе ауылдық округі әкімінің аппаратында сенім телефоны ретінде 3-12-15 нөмірі бекітілген.

«Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, Мақат кенті, Қ.Сатпаев көшесі 1, тел: 8 /71239/3-15-12;

1) Нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (Әрі қарай – Бөлім) өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 5 наурыздағы №49 қаулысымен бекітілген «Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Бөлімнің штат саны – 3 адам. Азаматтық қызметшілер – 4 адам. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою» жұмыстарын ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес және аталған қызметтің стандарты мен регламенттеріне сәйкес тұрғын үй кезегіне тұрғындар қабылданып жұмыстар атқарылуда.

Сонымен қатар, «Электрондық Үкіметтің аймақтық порталы» арқылы тұрғын үй кезегінде 884 азамат тіркеуде, 2017 жылдан бері тұрғын үй кезегіндегі тіркелген азаматтарға пәтер берілмеген, алайда 2017 жылдың ІІ

жарты жылдығына, туберкулезбен ауыратын, арнайы оқшау тұруға жататын азаматтарға 6 пәтер беру және Доссор кентінен салынып жатырған 60 пәтерлік тұрғын үйді тұрғын үй кезегінде тіркелген азаматтарға беру жоспарлануда.

Ауданда маусым айынан бастап бір реконструкциялау жұмысы басталды.

1.Мақат ауданы Доссор кентіндегі 5 шақырым кентішілік және айналма жолдарын реконструкциялау» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары басталды, бөлінген қаражаты 436 млн 500 мың теңге, мердігер мекеме «АИС» ЖШС-і, мамыр айында 50,0 млн. теңге қаражаты игерілді.

2017 жылдың 6 айында бөлімге 53 арыз келіп түсіп, уақытылы жауаптары жолданған.

Мақат ауданының прокуратурасынан 2017 жылғы 23 қаңтарда №2-0507-17-00062 санды шығыс хатымен Заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыныс түсіп, аталған Ұсыныс негізінде Бөлім басшысы М.Қостанбековке иесі жоқ мүлікті коммуналдық мүлікке уақытылы өткізбегендігі үшін тәртіптік шара қолданылды. Кемшіліктер жойылды.

2017 жылғы 21 маусымда аудандық соттың 2017 жылғы 28 наурыздағы №235222-17-00-2/86 Жеке ұйғарымы келіп түсті. Жеке ұйғарым «Аудан әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қарауында.

Бөлімде тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «кітапша» жұмысын жалғастыруда. Сенім телефоны 3-15-12 нөмері бекітілген.

«Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, Мақат кенті, Теміржолшылар көшесі 2, тел: 8 /71239/3-00-67;

1) Нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі (Әрі қарай – Бөлім) өз қызметін «Аудандық сәулет және қала құрылысы туралы Ереже» туралы Мақат ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы №28 қаулысы негізінде жүзеге асырады.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Еңбек тәртібінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қатаң сақталады.

Қазақстан республикасының қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері қатаң сақталуға үздіксіз міндеттелген.

Штат саны -2, оның ішінде бос орын -1 (бөлім басшысы), мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

2017 жылғы Жеке және заңды тұлғалардан І жартыжылдық бойынша аталмыш бөлімге келіп түскен өтініштер саны – 152;

Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы келіп түскен өтініштер саны – 136, оның ішінде мекен-жай тіркелімі бойынша халыққа қызмет көресту арқылы анықтама алғандар саны – 116, сәулеттік жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) халыққа қызмет көресту орталығы арқылы алғандар саны – 11, тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім берудің халыққа қызмет көрсету арқылы алғандар саны – 9 , Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу – 0.

Бөлімге тікелей жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер саны – 8, оның ішінде сәулеттік жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) алғандар саны – 1, мекен-жай тіркелімі бойынша анықтама алғандар саны – 0, тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беруді алғандар саны - 2, Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу - 5, өтініштерін қараусыз қалдыру туралы өтініш саны – 0.

Е-лицензия арқылы сәулеттік жоспарлау тапсырмасын (СЖТ) алғандар саны – 8.

Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызыметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық қөзделген.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.

Сыбайлас жемқорлық бойынша Сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметіне байланысты мақалалар жариялануда. Сыни материалдар орын алған жоқ.

Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны бекітілген.

Қазіргі уақытта аудан тұрғындарына жер телімдерін беру жұмыстары жүргізілуде.

2009-2017 жылдар аралығында Мақат кенті бойынша жер теліміне кезекке тұрғандар саны – 295.

Инфрақұрылым жүргізілген жер телімі – 349.

Бос тұрған жер телімі саны – 244.

Жері бар тұрғындар -22.

Жер телімінен бас тартқан тұрғындар – 7.

Жер алған тұрғындар саны – 28.

Оралмандарға бөлінген жер телімі – 16.

Жеке меншікке шыққан жер телімі – 61.

Кезек бойынша картаға орналастырылған тұрғындар саны – 238.

2009-2017 жылдар аралығында Доссор кенті бойынша жер теліміне кезекке тұрғандар саны – 415.

Инфрақұрылым жүргізілген жер телімі – 240.

Жеке меншікке шыққан жер телімі – 211.

Бос тұрған жер телімі саны – 29.

Кезек бойынша картаға орналастырылған тұрғындар саны – 29.

Аудан тұрғындарының барлығына жер телімдерінің беріліп жатырғандығы жөнінде Қазпочта арқылы хат жолданған. Жер телімдерін беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2017 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2017 жылғы 22 мамырдағы №64 бұйрығы негізінде Бөлімге 2016 жылдың 01 қаңтарынан 2017 жылдың 15 мамыр аралығындағы кезеңге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының және осы Заңға тәуелді актілерінің талаптарының сақталуына тексеру жүргізілген.

Тексеріс барысында жылжымайтын мүлік объектісінің мекен-жайын нақтылау, мекен-жай беру және мекен-жайын жою бойынша анықтама алу үшін 2016 жылы 158 және 2017 жылы 67 қызмет алушыға жылжымайтын мүлікке құқықтары (ауыртпашылықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы болмаса да мемлекеттік қызмет көрсетілгендігі анықталған. Кемшіліктер жойылуда.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша төмендегідей Ұсыныс береміз:

1. «"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын айқындау бойынша анықтама беру" "Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру" және "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР-ның Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №257 бұйрығына сәйкес:

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1)көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).

Сонымен қатар, "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 17 наурыздағы №137 бұйрығына сәйкес «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Бөлімнің кеңсесі арқылы көрсетілетіндігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына жол береді.

Осыған орай, көрсетілген стандарттарға өтініштерді қабылдау мен нәтижесін беру тек «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүргізілсін деген ұсыныс береміз.

«Мақат аудандық құрылыс бөлімі» ММ, Мақат кенті, Қ.Сәтпаев көш-і, 1, тел.:8/71239/3-10-83.

1) Нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мақат аудандық құрылыс бөлімі (Әрі қарай – Бөлім) өз қызметін «Мақат аудандық құрылыс бөлімі туралы Ереже» туралы Мақат ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 21 ақпандағы №53 қаулысы негізінде жүзеге асырады.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімнің штат саны – 2 адам, азаматтық қызметшілер саны – 3 адам. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Аудан әкімінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі №91-Ө өкімі негізінде конкурс арқылы Қ.С.Адамбаев бөлім басшысы лауазымына тағайындалды. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Ауданда маусым айынан бастап 3 құрылыс жұмыстары басталған.

1. «Мақат ауданы Доссор кентіндегі 10,5 шақырым көше жарығы» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары басталды, бөлінген қаражаты 51,872 млн.теңге, мердігер мекеме «ТемірТранспорт Сервисес» ЖШС-і.

2. «Мақат кентінен 5 шақырым көше жарығы» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары басталды, бөлінген қаражаты 52,809 млн.теңге, мердігер мекеме «ТемірТранспортСервисес» ЖШС.

3. «Мақат ауданы Бәйгетөбе ауылдық округі әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратының» нысаны бойынша құрылыс жұмыстары басталды, 65,911 млн.теңге, мердігер мекеме «ТемірТранспортСервисес» ЖШС-і.

Бөлім қызметкерлерінің іс-сапарға жіберілуіне ҚР-ның заңнамаларына сәйкес 42 бұйрық шығарылған.

Бөлімде мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.

Жергілікті басылымға бөлімнің қызметіне қатысты мақалалар жарияланып тұрады. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Бөлімде тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «кітапша» жұмысын жалғастыруда. Сенім телефоны ретінде 3-10-83 нөмері бекітілген.

 

Аппарат басшысының Міндетін уақытша атқарушы Н.Кулжанова

 

КЕЛІСІЛДІ:

Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, жұмыс тобының мүшесі Г.Атабаева

Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің басшысы, жұмыс тобының мүшесі Н.Құлжанова

Персоналды басқару және кадр қызметі бөлімінің басшысы, жұмыс тобының мүшесі Ж.Джумагалиева

Жалпы бөлімінің бас маман-есепшісі С.Сарбалина

 

ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Мақат кентінің әкімі Б.Сәрсен

Доссор кентінің әкімі Ж.Исмагулов Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі З.Қайров

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Қостанбеков

Сәулет және қала құрылысы бөлімі Басшысының міндетін уақытша атқарушы А.Надырбаева

Құрылыс бөлімінің басшысы Қ.Адамбаев


Мақаланың шыққан күні:: 05.07.2017 07:04
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.07.2017 07:04