Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.06.2020

Қызметтер

«Мақат аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық ақпарат

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 1,5 тармақтарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы  19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес «Мақат аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) жанынан құрылған жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізді:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімше: «Мақат аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2)Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін Мекеме басшысының 2020 жылғы 10 қаңтардағы №3 бұйрығына сәйкес жұмыс тобы құрылды.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:       2019 жылғы 2 жарты жылдық.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Гумаров Мырзабек Степанович – мекеме басшысы, жұмыс тобының жетекшісі.

«Мақат аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі Мақат кенті, Ағайынды Мұнайшы Телішевтер көшесі,140 тел: 8/71239 / 3-23-45;

1) бөлімнің қызметіне әсер ететін нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Мақат аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Әрі қарай -Бөлім) өз қызметін аудан әкімдігінің 2017 жылғы 19 қазандағы  «Қайта ұйымдастыру (қосу,бөлу) жолымен кейбір мемлекеттік мекемелерді қайта құру туралы» №191 қаулысымен құрылған, Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Еңбек тәртібінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы  29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қатаң сақталады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері қатаң сақталуға үздіксіз міндеттелген.

Штат саны -2, оның ішінде 1 басшы, 1 бас маман ветеринар, азаматтық қызметшілер -3. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Мақат аудан әкімдігінің 2018 жылғы 02 ақпандағы №22 қаулысымен «Мақат аудандық ветеринария бөлімінің аудандық ветеринариялық стансасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны етіп қайта құрылды.

Аудандық ветеринариялық стансаның штат саны барлығы -14, оның ішінде ветстанса -1 директор, 3- ветврач, 1 есепші, 2 көлік жүргізуші, 1- ветфельдшер, 3- ветсанитар, 1- оператор, 2- күзетші. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

2019 жылғы Жеке және заңды тұлғалардан ІI жартыжылдық бойынша аталмыш бөлімге келіп түскен өтініштер жоқ; ветеринария саласы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер саны-74, оның ішінде ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіру саны-714, ветеринариялық анықтама саны-31

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.

Сыбайлас жемқорлық бойынша аудандық ветеринария бөлімінің қызметіне байланысты мақалалар жариялануда. Сыни материалдар орын алған жоқ.

Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 3-23-45 бекітілген.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша төмендегідей Ұсыныс береміз:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1). көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) www.egov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Бөлімнің кеңсесі арқылы көрсетілетіндігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына жол береді.

Осыған орай, көрсетілген стандарттарға өтініштерді қабылдау мен нәтижесін беру тек «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүргізілсін деген ұсыныс береміз.


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 17:47

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 17:47

Қаралым саны: 167