2020 жылғы 13 шілде — Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылдың ІІ жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
13.07.2020

Қызметтер

«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылдың ІІ жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2017 жылдың ІІ жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында аппарат өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативті құқықтық актілер қарастырылды.

Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары аппарат қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер (Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 21 ақпандағы №58 бұйрығы «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №15 бұйрығы «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, аппаратқа келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, аппарат бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, прокурорлық тексерулердің актілері, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша жасалды.

Есепті кезеңде Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша барлығы 335 мемлекеттік қызмет көрсетілді олар:

1) Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою -7;

2) Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру -328;

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мерзімінен кешіктіру және қызмет алушылар тарапынан қызмет көрсету сапасына арыз шағымдар болған жоқ.

2017 жылдың ІІ жартыжылдығы бойынша барлығы 1 өтініш қаралды (оның ішінде жеке тұлғадан 1).

Жер кодексіне сай, 2017 жылдың ІІ жартыжылдығында жер мәселесі бойынша барлығы 30 өтініш түсті, 30-ы қаралып, 18-і қанағаттандырылып, 12-не түсінік берілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында аппарат қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.

Прокурорлық наразылық келіп түскен жоқ. Мемлекеттік сатып алулар бойынша заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Есепті кезеңде 1 бас маман конкурс негізінде қызметке тағайындалды, мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

Есепті кезеңде аппарат қызметкерлері арасында 2 жиналыс өткізілді. Тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және болдырмау мақсатында «Пара беру – бас бостандығыңнан және болашағыңнан айырады!» тақырыбында 170 жаднама таратылды. Округ әкімшілігі ғимараты маңына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет. Біздің міндет – халыққа қызмет!» баннері орнатылды. Мекеменің көрнекі жеріне арыз-шағымдар жәшігі қойылып, 27-410 сенім телефоны орнатылды.

Есептік кезеңде Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

 

«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі


Мақаланың шыққан күні: 16.02.2018 03:43

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.02.2018 03:43

Қаралым саны: 1133