Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

Миялы орта мектебінің 2019 жылғы қантар –желтоқсан аралығындағысыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Миялы орта мектебінің жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1) Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) Бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) Бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) Прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) Ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

«Миялы орта мектебінің» мемлекеттік мекемесі округ әкімдігінің 2015 жылғы 29қыркүйектегі №9 шешіміменалынған 2017 жылғы 09 ақпандағы №48-1915-06-ММ Жарғысы негізінде жұмыс атқарады.

1. Миялы орта мектебінде педагогтар саны 62, техникалық қызметкерлер саны 43.

2. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар (Facebook әлеуметтік желісі, интернет желісіндегі мектепшілік жеке сайтта жарияланады);

3. Миялы орта мектебінде жеке тұлғалардан 80 өтініштер келіп түсті, өтініштер толықтай өз шешімін тапты;

4. Миялы орта мектебінде жекеленген әлеуметтік санаттағы және бастауыш сыныптар бойынша барлығы 178 оқушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығы бойынша тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр;

5. Миялы орта мектебі мектепшілік ағылшын тілін үйрету мақсатында ұйымдастырылған лагерге-20 оқушы, жекелеген санаттар бойынша қала сыртындағы лагерлерге 21 оқушы қатынастырылды;

6. Миялы орта мектебінде негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беріледі, 2018-2019 оқу жылында 9 сынып- 26, 11 сынып -26 ;

7. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау бойынша барлығы

8. Миялы орта мектебінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру

ұйымында педагог қызметкерлері мен олаға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын аттестаттаудан өткізуге 9 педагог мамандар құжаттарды тапсырды;

Миялы орта мектебіне бөлінген бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіледі.Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық түрде өткізіледі. Есептік кезеңде Миялы орта мектебінің қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

Миялы орта мектебінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады. Қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.


Мақаланың шыққан күні: 15.01.2020 17:35

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.01.2020 17:35

Қаралым саны: 98