Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.11.2017

Қызметтер

«Индер аудандық ішкі саясат бөлімі» КММ Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

«Индер аудандық ішкі саясат бөлімі» КММ

Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Қонаев көшесі, №18г үйде орналасқан. Тел:8(71234) 2-05-24, 2-00-27;

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Индер аудандық ішкі саясат бөлімінде бүгінгі таңда 4 қызметкер жұмыс жасайды. Атап айтсақ, 1 басшы, 1 бас маман, 1 есепші, 1 инспектор маман.

2014 жылдан бастап Мурзин Артур Табылдыұлы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін, 2011 жылдан бастап Дюсубалиева Анаргуль Бактыгалиевна аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы қызметін атқаруда.

Бөлімде арыз-шағым жәшігі орнатылып, 2-00-27 сенім телефон номері аудандық «Дендер» газетінің 2016 жылғы 13 қазандағы №41 номеріне жарияланды.

2015 жылғы 11 желтоқсан күні «Борат» мәдениет үйінде жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатын жүзеге асыру мақсатында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша 9-желтоқсан Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парызымыз» атты жастар форумы өткізілді. Шара аудан жастарының дайындаған бейнеролигімен жалғасын тауып, эстафеталық жолдау Исатай ауданына берілді.

Осы күні аудан жастары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында шығармалар және сурет байқауы өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды.

2016 жылғы 14 ақпан күні аудандық денешынықтыру-сауықтыру кешенінде аудандық ішкі саясат бөлімі, денешынықтыру және спорт бөлімі және Жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Жемқорлыққы жол жоқ» ұранымен аудан жастары арасында кіші аяқ доптан ашық біріншілік өткізілді.

11 наурыз күні Ш.Уалиханов орта мектебінің базасында аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен сыбайлас жемқорлыққа байланысты «Жемқорлықпен күресу–басты міндетіміз» тақырыбында жоғарғы сынып оқушылары мен жас мамандарға арналған дөңгелек үстел өткізілді. Шараға мектеп оқушылары, жас мамандар, құқық қорғау қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Шарада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына түсінік беріліп, қойылған сұрақтарға жауап айтылса, қатысушыларға арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, нұсқаулық материалдар таратылды.

Өткен жылы 6 шілде күні Индербор кенті «Жеңіс» саябағында Астана күні мерекесіне орай өткізілген мәдени көпшілік шарада Аудандық «Жастар ресурстық орталығы», «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ-ның Индер аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудан жастары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің «1494» номерлі сенім телефонын құрастырды. Шараның мақсаты аудан жастарын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық әрекеттерінен сақтандыру бағытында болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты аудандық «Дендер» газетінде 2015 жылы 12 мақала жарық көрсе, 2016 жылы 16 мақала, 2017 жылы 9 мақала жарияланды.

Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама аясында атқарылған жұмыстар және қаржылық тәртіпті сақтау, соның ішінде мемлекеттік сатып алу заңдылықтарының сақталуы мен ұйымдастырылуы бағытында заң бұзушылық фактілері болған жоқ.

Аудандық бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 «Еңбек кодексі»;

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 заңы;

«ҚР мерекелер туралы» ҚР 2001 жылғы 13 желтоқсандағы №267-ІІ заңы;

«ҚР кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» ҚР Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығы;

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» ҚР Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы №321 жарлығы;

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V заңы;

«Мемлекеттік органдардың атауы жазылған маңдайшаларды дайындау және оларды әкімшілік ғимараттарда орналастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы №1371 қаулысы;

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» ҚР 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 заңы;

«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 ақпандағы №269 қаулысы;

«Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» ҚР Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы №523 жарлығы;

«Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы №121 қаулысы;

«Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі №849 қаулысы;

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР 2011 жылғы 11 қазандағы №483-IV заңы;

«Жарнама туралы» ҚР 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №508 заңы;

«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» ҚР 2004 жылғы 9 шілдедегі №590 заңы;

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 жарлығы.


Мақаланың шыққан күні:: 10.07.2017 02:38
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 10.07.2017 02:38