Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.06.2020

Қызметтер

«Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАЖ бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 1,5 тармақтарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАЖ бөлімінің (бұдан әрі - Бөлім) жанынан құрылған жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізді:

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімше: «Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАЖ бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлім басшысының 2020 жылғы 9 қаңтардағы №13 бұйрығына сәйкес жұмыс тобы құрылды.

4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2019 жылғы 2 жарты жылдық.

5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Айкашева Оксана Жанбырбаевна – аудан әкімі аппаратының басшысы, жұмыс тобының жетекшісі.

«Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі 36, тел: 8 (71239) 3-02-98.

Сыбайлес жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабы 5 тармағына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, келесі ақпаратты ұсынады:

Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (әрі қарай - Бөлім) өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі №95 қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің штат саны – 6 адам, азаматтық қызметшілер – 3 адам. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

2019 жылдың 01 тамызында Исмагамбетова Әйгерім Арыстанғалиқызы бөлімінің жұмыспен қамту мәселесі бойынша бас маманы (бала күтіміндегі негізгі қызметкердің орны) болып тағайындалды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

2019 жылғы 2 жарты жылдық.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқолық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімге қатысты сұрақтары бар барлық қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер іс жүзінде қолданылады.

Аудандық бөлім өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 09 сәуірдегі №319 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына, Атырау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 маусымдағы №191 «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің регламентін бекіту туралы қаулысына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына және Атырау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қыркүйектегі №293 «Атырау облысында көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №219 «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына және Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №391 «Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес бөлімде келесідей 27 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәукелдерін анықтау.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Сенім телефоны 3-02-98 нөмірі бекітілген.

Еңбек тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі қатаң сақталады.

Бөлімде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жадынамалар орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлық бойынша мақалалар жариялануда. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 01 қазандағы №190 қаулысымен «Атырау олблысы Мақат ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту туралы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» (Бұдан әрі - орталық) Ережесі бекітілді.

Орталықтың құрылтайшысы Мақат ауданы әкімі аппараты болып табылады. Уәкілетті органы «Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Орталықтың штат саны - 10, яғни директор-1, маман-4, есепші маман-1, атаулы әлеуметтік көмек жөніндегі консультант -1, ассистент-2, тазалықшы-1.

Орталықтың орналасқан жері Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, С.мұқашев 36, тел. 8 (71239) 3-01-46.

Орталық мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

Орталық қызметінің мәні халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету; қызметінің мақсаты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру және атаулы әлеуметтік көмек көрсету, халықты жұмыспен қамтудың жай-күйін бағалауды және дамуын болжауды, халықты еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар етуді жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қатысушылармен еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру жөнінде осы бұйрықпен бекітілген әлеуметтік келісімшартқа қол қояды,

оның орындалуына және шарттары орындалмаған кезде Заңға сәйкес санкциялардың қолданылуына мониторингті жүзеге асырады;

өтініш білдірген адамдарды жұмыс іздеуші және жұмыссыздар ретінде тіркейді;

жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу үшін жолдама береді;

жұмыссызды жұмысқа орналастырудың жеке картасын жүргізеді;

атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін құжаттарды қабылдауды,

әлеуметтік кәсіптік бағдарлау бойынша қызметтер көрсетеді;

жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға жолдама береді;

жұмыс берушілерде бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың) болуы туралы, сондай-ақ мүгедектерді, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелет жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру квоталарының орындалуы туралы есепке алуды жүргізеді;

Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

«Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесі арқылы Бағдарламаға қатысушылардың жұмысқа орналасуына және міндетті зейнетақы жарналарының болуына мониторингті жүзеге асырады;

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру мәселелері бойынша өзара iс-қимылды жүзеге асырады;

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама береді;

азаматтарды Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша хабардар етеді және оларға консультациялық қызметтер көрсетеді, құжаттарды дайындауға көмектеседі, үміткерлердің мұқтаждығын зерделеу мақсатында оларға консультация береді, үміткерлердің әлеуметтік қолдауға мұқтаждығын бағалауды, олардың құжаттарын қабылдауды жүргізеді.

Мақат ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қарашадағы №200 қаулысымен «Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Атырау облысы Мақат ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Орталық) Ережесі бекітілді.

Орталықтың құрылтайшысы Мақат ауданы әкімі аппараты болып табылады. Уәкілетті органы «Мақат аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Бұл орталықта штат саны - 24, яғни директор-1, бас есепші-1, шаруашылық меңгеруші-1, әлеуметтік қызмет жөніндегі маман-1, дәмдәбике-1, психолог-1, тәрбиеші-3, әлеуметтік қызметкер-12, санитар-1, аспаз-1, ыдыс жуушы-1.

Орталдықтың орналасқан жері Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, 42 бөлімше 27 үй, тел. 8 (71239) 3-09-79.

Күндізгі бөлімшеде мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

Орталық қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №165 «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы» бұйрығымен бекітілген стандарттағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді іске асыру болып табылады.

1) психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, психоневрологиялық ауруы бар ересек мүгедектерге, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, қартайған егде жасына байланысты өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын тұлғаларға үйден арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;

2) жартылай стационарлық жағдайда психоневрологиялық ауытқуы бар мүгедек балаларға, тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау;


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 17:41

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 17:41

Қаралым саны: 151