Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
09.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы Индер ауданы «Есбол ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы ІІ жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылы, Жамбыл көшесі, 22 үй.

Мекемеде 7 мемлекеттік қызметкер, оның ішінде: округ әкімі– Сабиров Ерболат Сағидоллаұлы, округ әкімінің орынбасары Әжгереев Аманат Орынғалиұлы округ әкімінің 2019 жылғы 04 қаңтардағы №2 өкімімен тағайындалды. Аппараттың бас мамандары – Әбілтаева Бейбіт Муфтоллақызы, бас маман – Қасанова Нәсіп Қабделқызы, бас маман – Азғалиева Гүлсара Себепқалиқызы, бас маман – Сұлтанғалиева Жаңылсын Қуанышқалиқызы, бас маман-есепші Гинаятов Нариман Тажиденұлы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында бөлім өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативті құқықтық актілер, құқықтық актілер қарастырылды.

Округ аппаратында мүдделер қақтығысы орын алмаған.

1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» бойынша 2018 жылдың ІІ жартыжылдығында мемлекеттік қызмет көрсетілген жоқ .

2. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» бойынша 2018 жылдың ІІ жартыжылдығында электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет- 25 көрсетілді.

3. 2018 жылдың ІІ жартыжылдығында заңды және жеке тұлғалардан арыздар мен өтініштер түскен жоқ .

Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмей, сыбайлас жемқорлықтың орын алуына жағдай жасайтын фактілерді болдырмау оларды жою шаралар жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген.

Есбол ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеліп, қосымшалар енгізілген.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша түрлі тақырыпта аппарат қызметкерлерімен 2 жиын, 4 дөңгелек үстел өткізілді. Есбол ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлық жағдайларының алдын алу мақсатында ауыл тұрғындары және мекеме қызметкерлеріне екі (қазақ, орыс) тілде брошюралар таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тақырыбында баннерлер орнатылған.

Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшік» жұмысын жалғастырылуда.

Есбол ауылдық округі әкімі аппаратында сенім телефоны ретінде 2-45-37 нөмірі бекітілген.


Мақаланың шыққан күні: 23.01.2019 09:49

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.01.2019 09:49

Қаралым саны: 863