Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Атырау облысы Индер ауданы «Есбол ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы І жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылы, Жамбыл көшесі, 22 үй.

Мекемеде 5 мемлекеттік қызметкер, оның ішінде: округ әкімі– Сабиров Ерболат Сағидоллаұлы аудан әкімінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 10-к өкімімен тағайындалды. Аппараттың бас мамандары – Әбілтаева Бейбіт Муфтоллақызы, бас маман – Қасанова Нәсіп Қабделқызы, бас маман – Азғалиева Гүлсара Себепқалиқызы, бас маман – Сұлтанғалиева Жаңылсын Қуанышқалиқызы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында бөлім өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативті құқықтық актілер, құқықтық актілер қарастырылды.

Округ аппаратында мүдделер қақтығысы орын алмаған.

1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» бойынша 2017 жылдың ІІ жартыжылдығында 32 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» бойынша 2018 жылдың І жартыжылдығында 59 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

3. 2018 жылдың І жартыжылдығында заңды және жеке тұлғалардың 4 арыздар мен өтініштер түсіп, уақытылы жауап берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмей, сыбайлас жемқорлықтың орын алуына жағдай жасайтын фактілерді болдырмау оларды жою шаралар жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген.

Есбол ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеліп, қосымшалар енгізілген.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша түрлі тақырыпта жиын, дөңгелек үстел өткізіліп тұрады. Есбол ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлық жағдайларының алдын алу мақсатында ауыл тұрғындары және мекеме қызметкерлеріне екі (қазақ, орыс) тілде брошюралар таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы баннер Жамбыл көшесінде орнатылды.

Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшік» жұмысын жалғастырылуда.

Есбол ауылдық округі әкімі аппаратында сенім телефоны ретінде 2-45-37 нөмірі бекітілген.

 

Округ әкімі: Е.Сабиров


Мақаланың шыққан күні: 25.06.2018 06:46

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.06.2018 06:46

Қаралым саны: 1055