Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы Индер ауданы «Есбол ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылғы 10 айы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылы, Жамбыл көшесі, 22 үй.

Мекемеде 5 мемлекеттік қызметкер, оның ішінде: округ әкімінің міндетін атқарушы – Сабиров Ерболат Сағидоллаұлы аудан әкімінің 2017 жылғы 15 тамыздағы №85-к өкімімен тағайындалды. Аппараттың бас мамандары – Әбілтаева Бейбіт Муфтоллақызы, бас маман – Қасанова Нәсіп Қабделқызы, бас маман – Азғалиева Гүлсара Себепқалиқызы, бас маман – Сұлтанғалиева Жаңылсын Қуанышқалиқызы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында бөлім өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативті құқықтық актілер, құқықтық актілер қарастырылды.

Округ аппаратында мүдделер қақтығысы орын алмаған. Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша 2017 жылдың 10 айында барлығы 392 мемлекеттік қызмет көрсетілді, олар:

1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» бойынша 2017 жылдың қараша айына дейін 51 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» бойынша 2017 жылдың қараша айына дейін 161 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

3. 2017 жылдың қараша айына дейін заңды және жеке тұлғалардың 180 арыздар мен өтініштер түсіп, уақытылы жауап берілді.

Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмей, сыбайлас жемқорлықтың орын алуына жағдай жасайтын фактілерді болдырмау оларды жою шаралар жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген.

Есбол ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеліп, қосымшалар енгізілген.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша түрлі тақырыпта жиын, дөңгелек үстел өткізіліп тұрады. Есбол ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлық жағдайларының алдын алу мақсатында ауыл тұрғындары және мекеме қызметкерлеріне екі (қазақ, орыс) тілде брошюралар таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тақырыбында баннер орнату үшін қаражатқа сұраныс берілді.

Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшік» жұмысын жалғастырылуда.

Есбол ауылдық округі әкімі аппаратында сенім телефоны ретінде 2-45-37 нөмірі бекітілген.

«Есбол ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 


Мақаланың шыққан күні: 12.11.2017 23:09

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.11.2017 23:09

Қаралым саны: 1403