Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.07.2020

Қызметтер

2017 жылдың 9 айында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев көшесі №14 «А» тел: 8(71234) 2-18-26;

2017 жылдың 9 айында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама.

Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде Индербор кенті әкімінің аппараты-мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Индербор кенті әкімінің аппараты-мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны-12 бірлікті құрайды, бүгінгі таңда тақты саны-9 бірлік. Атап айтсақ, 1 басшы мен 8 бас маман қызмет атқарады. Индербор кенті әкімінің міндетін атқарушы Тұрабаев Рулан Жамбылұлы аудан әкімінің 2017 жылғы 14 маусымдағы №46-к өкімімен тағайындалды. Аппаратың бас мамандары С.Кашкинов, А.Габдуллин, М.Нугманов, Г.Ибрашева, Э.Саркенова, Э.Уразбаева, Г.Кенжебаева, және Е.Осипян қызметтерін атқарады. Бас маман А.Хамзина-жүктілікке және бала тууға байланысты демалыс күндеріне шыққан. Жыл сайынғы еңбек демалысына бас мамандардың барлығы шығып келген. «Кенттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша мүдделер қақтығысы, басшымен қызметкерлер арасында келіспеушілік болған жоқ, аппарат қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде аппаратта 1 бірлік кент әкімінің міндетін атқарушы мен 8 бірлік бас маман болды. Кадрлар тұрақсыздығы жоқ.

2017 жылғы аттестаттау нәтижелері бойынша округтің барлық мамандары лауазымдарына лайық деп танылды.

Индербор кенті әкімінің аппараты өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414 «Еңбек кодексі»;

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 «Жер кодексі»;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375 «Кәсіпкерлік кодексі»;

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы №99 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі;

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413 «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 21 ақпандағы №58 бұйрығы «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №15 бұйрығы «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты мен басқа да нормативтік құқықтық актілерімен жұмыс жасайды.

Аппаратта мемлекеттік қызмет көрсету түрлері:

1.«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» бойынша 2017 жылдың 9 айында барлығы 290 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» бойынша 2017 жылдың 9 айында барлығы 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

3.2017 жылдың 9 айында заңды және жеке тұлғалардың 541 арыздар мен өтініштер түсіп, уақытылы жауап берілді.

Жергілікті басылымға аппараттың қызметіне қатысты мақалалар жарияланып тұрады.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі жерге орнатылып, 2-09-97 сенім телефоны орнатылған.

Аппаратта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге арнайы стенд жасақталып, көрнекті жерге ілінді. Ғимаратта сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Пара беру бас бостандығынан айырады», «Парақорлық-балалардың арманын ұрлау» атты жадынамалар ілінді.

Баннер, бильбордтар орнатылды. Есептік кезеңде Индербор кенті әкімінің аппараты қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

 

«Индербор кенті әкімінің аппараты» ММ


Мақаланың шыққан күні: 06.10.2017 01:24

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.10.2017 01:24

Қаралым саны: 1222