Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.04.2020

Қызметтер

«Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылдың екінші жарты жылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2018 жылдың екінші жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында округ әкімшілігі өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар,құқықтық актілер нормативті құқықтық актілер, қарастырылды.

Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары аппарат қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер (Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 21 ақпандағы №58 бұйрығы «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, аппаратқа келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, аппарат бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша жасалды.

Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша 2018 жылдың екінші жартыжылдығына барлығы 55 мемлекеттік қызмет көрсетілді, олар:

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою -55;

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мерзімінен кешіктіру және қызмет алушылар тарапынан қызмет көрсету сапасына арыз шағымдар болған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппарат қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.

2018 жылы аппарат қызметкерлері арасындағы 2 жиналыс өткізілді. Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және болдырмау мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын- алу» тақырыбында округ тұрғындарымен 2 жиналыс өткізілді. Қоғамдық бақылау картасы жобасы аясында халыққа парақшалар таратылды.

Мәдениет үйі ғимараты маңына «Саll-сenter 1424» баннер орнатылды.

Есептік кезеңде Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

 

 «Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі


Мақаланың шыққан күні: 24.01.2019 11:40

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.01.2019 11:40

Қаралым саны: 687