Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.07.2020

Қызметтер

2017 жылдың І-жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелеріне талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2017 жылдың І-жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында бөлім өзінің қызметінде басшылыққа алатын кодекстер, заңдар, нормативті құқықтық актілер, құқықтық актілер қарастырылды.

Аудандық жер қатынастары бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары бөлім қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер (Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы және №271 «Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы, Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 182 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 792 "Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, прокурорлық қадағалау актiлерi, ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша жасалды.

Индер аудандық жер қатынастары бөлімі бойынша 2017 жылдың І-жартыжылдығында барлығы 129 мемлекеттік қызмет көрсетілді олар:

1) Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту-19;

2) Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту-77;

3) Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 32;

4) Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру-1;

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мерзімінен кешіктіру және қызмет алушылар тарапынан қызмет көрсету сапасына арыз шағымдар болған жоқ.

Бөлімге барлығы 38 өтініш келіп түсті (заңды тұлғадан 6, жеке тұлғадан 32).

Жер кодексінің 48 бабына сай, 2017 жылдың І-жартыжылдығында 1 конкурс, 1 аукцион өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша көлемі 10583,3 гектар 24 жер телімі, аукцион қорытындысы бойынша 1,9608 гектар 11 жер телімі конкурс және аукцион жеңімпаздарына уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен табысталды.

Округ әкімдерінің шешімдері және аудан әкімдігінің қаулысы негізінде 60 жер учаскесін жалға беру туралы және 56 жер учаскесін сату-сатып алу туралы келісім шарттар жасақталды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.

Прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ. Мемлекеттік сатып алулар бойынша заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы, мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

Бөлім бойынша қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын-алу мақсатында бөлім қызметкерлері арасындағы 2 жиналыс өткізіліп, «Дендер» газетіне 1 мақала жарияланды.

Есептік кезеңде Индер аудандық жер қатынастары бөлімі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

 

Индер аудандық жер қатынастары

бөлімінің басшысы Қ.Бағынов


Мақаланың шыққан күні: 05.10.2017 07:08

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.10.2017 07:08

Қаралым саны: 1191