Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.07.2020

Қызметтер

«Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылдың бірінші жарты жылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында округ әкімшіліг іөзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар,құқықтық актілер нормативті құқықтық актілер, қарастырылды.

Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары аппарат қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер (Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 21 ақпандағы №58 бұйрығы «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №15 бұйрығы «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, аппаратқа келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, аппарат бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша жасалды.

Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша 2017 жылдың бірінші жартыжылдығына барлығы 180 мемлекеттік қызмет көрсетілді олар:

1) Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою -13;

2) Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру -160;

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мерзімінен кешіктіру және қызмет алушылар тарапынан қызмет көрсету сапасына арыз шағымдар болған жоқ.

Аппаратпен барлығы 7 өтініш қаралып 3-еуі қанағаттандырылды, 4-еуіне түсінік берілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында аппарат қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.

Мемлекеттік сатып алулар бойынша заңбұзушылықтарға жол бергені үшін тәртіптік жаза ретінде бас-маман есепшіге ескерту берілді. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы бойынша бір бас-маман зейнеткерлік демалысқа кетуіне байланысты орынына конкурстық негізде бір бас-маман қызыметке орналасты .

2017 жылы аппарат қызметкерлері арасындағы 2 жиналыс өткізілді. Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және болдырмау мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын- алу» тақырыбында округ тұрғындарымен 1 жиналыс өткізілді.Мәдениет үйі ғимараты маңына «Саll-сenter 1424» баннер орнатылды.

Есептік кезеңде Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

 

«Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі


Мақаланың шыққан күні: 06.10.2017 01:19

Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.10.2017 01:19

Қаралым саны: 1119