Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.07.2020

Қызметтер

«Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2019 жыл сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

«Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Индер ауданы Көктоғай ауылы, С.Сейфуллин көшесісі 17 үй, 8(71234) 28-4-84, факс 28-6-47.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2019 жыл бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында округ әкімшілігі өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар,құқықтық актілер нормативті құқықтық актілер, қарастырылды.

Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары аппарат қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер (Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, аппаратқа келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, аппарат бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша жасалды.

Аппаратпен барлығы 22 өтініш қаралып 8-і қанағаттандырылды, 14-іне түсінік берілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында аппарат қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.

2019 жылы аппарат қызметкерлері арасындағы 2 жиналыс өткізілді. Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және болдырмау мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын- алу» тақырыбында округ тұрғындарымен 1 жиналыс өткізілді, 200 дана жаднама таратылды. Мәдениет үйі ғимараты маңына «Саll-сenter 1424» баннер орнатылды.

Есептік кезеңде Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппараты қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

 

«Көктоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі


Мақаланың шыққан күні: 14.01.2020 12:33

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.01.2020 12:33

Қаралым саны: 201