Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
09.04.2020

Қызметтер

Атырау облысы Қаржы басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша 2019 жылдың 8 қарашадағы жай-күйі туралы талдамалық анықтама

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау 2019 жылдың 16 қазанындағы №90 Атырау облысы Қаржы басқармасының коммуналдық коммуналдық меншікті басқару бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрығына сәйкес жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалы анықтама жұмыс тобымен жасақталды:

  1. Елеусинова Шынар Максутовна– басшы орынбасары;
  2. Демегенов Серик Жумажанович – басшы орынбасары;
  3. Исмагулова Саулеш Нуржановна – басшы орынбасары ;
  4. Джаксыгалиев Бактыгерей Конискалиевич – бөлім басшысы;
  5. Калиев Ринат Куанышкереевич – бас маман.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау кезеңі:

Талданатын кезең: 2019 жылғы 01 қаңтары мен 01 қазаны аралығы.

Ішкі талдау жүргізілетін бөлім атауы: Коммуналдық меншікті басқару бөлімі

  Коммуналдық меншікті басқару бөліміне қатысты 2019 жылғы 01 қаңтар мен 01 қазаны аралығында тексеру жүргізілген жоқ.

«Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:

 1) бөлімде штат кестесіне сәйкес 2 қызметкер жұмыс жасауда, кадрлардың тұрақтамауы орын алмаған.  

2) мүдделер қақтығысы – ағымдағы жылдың 01 қазаны жағдайы бойынша бөлім қызметкерлерінің басшымен мүдделер қақтығысы, теріс түсінік деректері анықталған жоқ;

3) бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;

4) коммуналдық мүлікті сату функциялары бойынша қызметтері автоматтандырылған. Қазіргі таңда, мүлікті сату тізілімнің веб-порталы www.gosreestr.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Мүлікті сату туралы ақпараттық хабарламалар мерзімді баспа басылымдарында және тізілімнің веб-порталында жарияланады.

www.gosreestr.kz сайты арқылы сатып алушыны айқындайды және онымен сатып-алу шартын жасақтайды.

5) бөліммен бақылау функциялары іске асырылмайды.

6) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер жоқ.

Қорытынды және ұсыныс:

www.gosreestr.kz сайты арқылы сауда-саттық өткізу туралы ақпараттық хабарлама автоматтандырылғандықтан, мерзімді баспа басылымдарына ақпараттық хабарлама жариялауды тоқтату жөнінде ҚР Ұлттық экономика министрлігіне ұсыныс беру ұсынылады.

 

Жұмыс тобы:

____________     Елеусинова Ш.М.

____________      Демегенов С.Ж.

____________   Исмагулова С.Н.

_____________   Джаксыгалиев Б.К.

_____________    Калиев Р.К.

Келісемін:    

_____________   Рахметкалиева К.Ж.


Мақаланың шыққан күні: 13.12.2019 15:28

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.01.2020 16:07

Қаралым саны: 189