Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.04.2020

Қызметтер

«Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2019 жылдың ІІ жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы талдамалық анықтама

«Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі  Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, С.Көшекбаев көшесі 25 үй, 8(71233) 2-03-34, факс 2-06-90. эл.пошта: org_otdel_akimat@mail.ru

  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес аудан әкімі аппараты басшысының 2020 жылдың  9 қантардағы №6 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы бекітілді. Аталған бұйрық негізінде аудан әкімі аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу аудан әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің бас маманы А.Тухтаровқа жүктелді.

 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2020 жылдың қантар айының 10-16 күндері аралығында жүргізілді.

 Талдау кезінде аудан әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

Аудан әкімі аппараты өз қызметін жүзеге асыру кезінде келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады.

- «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы 30 тамыздағы;

-  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Қазақстан Республикасының Заңы;

-  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы №416 Қазақстан Республикасының Заңы;

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі;

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағымен №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі баршаға көрнекі жерде ілінген. Аудан бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдің міндеті 2017 жылғы 28 маусымдағы №357-ө өкімімен аудан әкімі аппапатының басшысына жүктелді.

Аппараттың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау кезінде мүдделер қақтығысы, басшымен аффилиирленген аппарат қызметкерлер анықталған жоқ, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салулардың бұзушылықтар орын алмады.

Кадрлардың ауысуына және штат саны мен бос лауазымдарға талдау жүргізілді. «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің штат саны бойынша 22 мемлекеттік қызметші. Есепті кезеңдегі мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 20. Бос лауазымдардың жалпы саны 2. (бас маман-есепші 1 тұрақты орын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы 1 тұрақты орын). Есепті кезеңде жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлердің саны-2. (аудан әкімі аппаратының бас маман-есепшісі А.Сахипов өз өтініші бойынша жұмыстан босатылған, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы З.Муклесов зейнеткерлікке шығуына байланысты жұмыстан босатылған).

Аудан әкімінің 2017 жылғы 17 қантардағы №30-ө өкімімен мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай.

Жыл сайынғы еңбек демалысына барлық мемлекеттік қызметші жіберілген. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ. Ішкі талдау жүргізу кезінде Аппарат қызметкерлерінің арасында өздерінің лауазымдық өкілеттігін лайықсыз орындауға әкеп соғатын өзара жеке қызығушылықтарымен болған қарсылықтар фактісі анықталған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.

І. Нормативтік құқықтық актілерді шығару кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратында 2019 жылдың II жартыжылдығында аудан әкімдігімен –161 қаулы, аудан әкімімен – 19 шешім және –359-ө өкім қабылданды.

Сонымен қатар, аудан бойынша Әділет органдарында тіркелген нормативтік-құқықтық актілер бойынша – 23 қаулы күні бүгін қолданыста.

Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ. Прокуратура мен әділет органдары тарапынан аталған мәселеге байланысты қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түскен жоқ.

ІІ. Аппаратта рұқсат беру және бақылау – қадағалау  функцияларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша:

Аудан әкімі аппаратымен мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді және рұқсат беру функциясы жоқ. Аудан әкімдікке қарасты 10 дербес бөлімдер мен 19 ауылдық округ әкімі аппараттарымен көрсетілетін қызметтерге мониторинг жасап, бақылау жүргізеді, атап айтқанда бекітілген стандарттарына сәйкес уақытылы және сапалы көрсетілуін, рәсімделуін қадағалайды.

Жүргізілген талдау нәтижелері аудан әкімі аппараты лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады.  Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

ІІІ. Жалпы бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлімнің қызметін қозғайтын төмендегілер нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілер зерделенді:  

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы;

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңы;

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңы;

«Электрондық құжат айналым ережесi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі №430 қаулы;

«Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1196 қауылы;  

«Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi атқарушы органдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы                    4 қыркүйектегі № 974 қаулы.

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алу және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, қадағалап отыру аудан әкімі аппаратының жалпы бөліміне жүктелген.

Бөлім басшысы мен мамандардың міндетеріне қызметтік хат-хабарларын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, пайдалануы шектеулі құжаттарды есепке алу және бақылау кіреді. Хаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және жөнелту функциялары нормативтік құқықтық актілермен жеткілікті реттелген және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жасауға мүмкіндік бермейді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері хат-хабарларды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайтын  қызметкерлердің жеке кәсіби және этикалық қасиеттеріне байланысты болуы мүмкін. Осы қызметкерлер азаматтармен тікелей байланыста болады, оның өзі тәуекелге баруға себеп болуы мүмкін. Осыған байланысты бөлім қызметкерлері үшін кәсібилік, сабырлылық, даулы жағдайларда әрекет ете білу маңызды қасиет болып табылады.

Аудан әкімі аппаратында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңнаманың сақталуына 2019 жылғы қараша айында жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша берілген ескертулер жойылды.

Бөлім «Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін қолдануға рұқсат беру» және «Жер учаскеснің нысаналы мақсатын өзгертуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтері жөнінде «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы ұсынған құжаттарды алғашқы қабылдауға және тіркеуге қатысады. Есепті кезенде келіп түскен 4 өтініш орындалды. Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметінің алғашқы іс-қимылдарында бұзушылықтар анықталған жоқ.

2019 жылдың II жартыжылдығында Құрманғазы ауданы әкімі аппаратына барлығы – 233 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан– 212, заңды тұлғалардан – 21 өтініш.

Сондай-ақ, 2019 жылдың I жартыжылдығында жоғары тұрған органдардан: Облыс әкімі аппаратынан–8, электронды үкімет порталынан-27, «Нұр Отан» партиясынан – 2, облыстық білім басқармасынан-1 өтініштер түсті.

Есепті кезенде қаралған барлығы 233 өтініштің 52 оң шешіліп; 174-сіне заң шеңберінде тиісті жауаптары беріліп, 5 өтініш жоғарғы органдарға жолданды. Қайталама арыздар саны – 2 (қайта қаралу себебі- өтініш беруші өтініштің жауабына қанағаттанбауы).

Тұрғын үй бөлу және коммуналдық-шаруашылық – 47; еңбек және жұмыспен қамту – 16; әлеуметтік және зейнетақы-17; білім, оқу ақысын төлеу – 12; жер және жерді пайдалану – 88; денсаулық сақтау – 3; құрылыс – 15; қаржылай көмек – 4; шағым – 7; жол салу мәселесі-8; басқа да мәселелер –18 (кәріз жүйесін тазалауға көмек сұрау; отбасы жағдайы; картридждерді, интернет желісін, кілемдерді ұсыну және тағы да басқа мәселелер) қамтылды.

2019 жылдың II жартыжылдығының қорытындысы бойынша аудан әкімімен қабылданған азаматтардың саны – 69 адамды құрады, 68 азаматқа тиісті ауызша түсінік беріліп, 1 азаматтың өтініші қанағаттанды. Соның ішінде тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту, жер мәселесі және тағы басқа мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, есепті кезенде аудан әкімінің ресми сайтына келіп түскен  2 сұраққа заң шеңберінде түсінік берілді (жерге түскен өтініш бойынша, банк алдында өтелетін қарыздары жөнінде).

Аудан әкімі аппараты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің    Атырау облыстық басқармасына 2019 жылдың 1 шілдедегі №08-01-01/1313 санды хатымен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 19 ауылдық округтер, 10 дербес бөлімдер мен аудан әкімі аппаратының 2019 жылдың II жартыжылдық бойынша есебі жолданып және ай сайын салыстырмалы тексеру актісі тапсырылып отыр.

Заңға сәйкес, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бақыланады, яғни өтініштер қай тілде келіп түсті, сол тілде жауап беріледі, сондай-ақ екі тілде келіп түскен кезде жауап беріледі. Өтініштердің бірегей нөмерлері, ЖСН нөмерлері салынуы және дұрыс толтырылуы бақыланады.

2019 жылдың II жартыжылдық мерзімі ішінде прокуратура және сот органдарынан қадағалау немесе басқа да актілер мен ұсыныстар түскен жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мен регламентінде өтініш беру үшін қажетті құжаттардың толық тізбесі, құжаттарды қабылдаудан бас тарту және мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздердің тізбесі айқындалған. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелі аз. 

 ІV. Құқықтық қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін бөлімнің қызметін қозғайтын төмендегілер нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілер зерделенді:  

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы;

«Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі  Заңы;

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының  1999 жылғы 13 шілдедегі Заңы;

«Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының  2005 жылғы 18 ақпандағы Заңы;

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 жарлығы;

«Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы  28 тамыздағы № 876 қаулы;

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы  6 сәуірдегі № 480-V Заңы;

«Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының заң қызметтерi туралы үлгi ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашағы   № 1072 қаулы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы  №486 «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулы.

«Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы №569  қаулысы;

Өз қызметінің ерекшелігіне байланысты бөлім жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметі саласына қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық алуан түрлілігін жүйелі негізде зерделейді. Бөлімге сараптамаға ұсынылатын құқықтық актілер, шарттар, өзге де құқықтық сипаттағы құжаттар барынша әртүрлі сипатта болуы мүмкін: әлеуметтік сала, тұрғын үй құрылысы мен жолдар, көліктік қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, еңбек қатынастары, азаматтық қорғау, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, экономика және қаржы, мемлекеттік сатып алулар, табиғи ресурстар және т. б. Сонымен қатар, бөлім заңнаманың аталған салаларында құқық қолданушы болып табылмайды, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару салаларында саясатты іске асырмайды. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоқ.

Бөлім азаматтық құқықтық қатынастардың (азаматтық құқықтық қатынастардың тарапы ретінде) өзге де субъектілерімен теңдес, азаматтық материалдық және процессуалдық заңнаманың құқық қолданушысы болып табылады. Осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері заңнаманың жетілдірілмеуі себебінен емес, бөлім қызметкерлерінің  атқарушылық тәртіпті бұзу (сотқа талап арыз берудің, шағым берудің белгіленген мерзімдерін бұзу, шағым бойынша шаралар қабылдамау, өзге де процестік рәсімдер мен мерзімдерді бұзу) себебінен болуы мүмкін. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Азаматтық және Азаматтық процестік кодекстерінің нормалары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау тұрғысынан зерделенбеді.

Сонымен қатар, бөлім аудан тұрғындары арасында төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтық қорғаныс жөнінде ақпаратты насихат жұмыстары, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, құқық бұзушылықты алдын алу, мемлекеттік шекара қорғау, нашақорлыққа қарсы жұмыстары жүргізіледі.

Осы функцияларды жүзеге асыруы бөлім қызметкерлерінен жоғары кәсіби дайындықты, үнемі біліктілік деңгейін арттыруды талап етеді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қоғамдық реттеудің осы  немесе басқа салаларындағы әлсіз білім деңгейі, қорытындыны пысықтау кезіндегі төмен жеделдік деңгейі себебінен болуы мүмкін. Дегенмен, бөлім қызметкерлерінің іс-қимылдары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына негізделеді. Атап айтқанда, құқықтық сараптама   «қалаймын» - «қаламаймын», «мүмкін солай» - «мүмкін олай емес»  қағидаттарымен берілуі мүмкін емес. Қорытынды кез келген жағдайда сараптамаға ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, немесе сәйкес еместігіне негізделеді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болмайды. 

V. Аудан әкімінің бас инспекторы бойынша 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін инспектордың қызметін қозғайтын төмендегілер нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілер зерделенді:  

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын өткізуге байланысты жұмыстарды ұйымдастырады. Атап айтқанда округ әкіміне кандидаттардың өтінішін қабылдап, округтегі жергілікті қоғамдастың жиналысының келісімін алуды және аудан әкімінің ұсынысын аудандық сайлау комиссиясына ұсынуды ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Мемлекеттiк наградалары туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік наградаларға үміткерлердің құжаттарын жинақтап, аудандық комиссияға ұсынады. Көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградаларына құжаттар жинақтап, облыс әкімдігіне ұсынады.

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына сәйкес аудан бойынша сайлаушылар тізімін қалыптастырады. Аудан аумағында сайлау учаскелерін құру туралы, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы нормативтік-құқықтық актілерді жасақтайды.

Аудан әкімідігінің аппарат және әкімдік мәжілісінің жоспарын жасақтап, өткізілуін ұйымдастырады. Қызметтік міндеттеріне байланысты жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен қызметтік, еңбек және басқа атқарушылық өзара байланыс жүргізеді.

Аудан әкіміинспекторының қызметіне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 VІ. Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бойынша

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) іс-әрекетіін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында төмендегілер зерделенді:  

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексі;

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы;

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы;

«Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығы;

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы;

«Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 14 бұйрығы.

Әдеп жөніндегі уәкілдің атқарылған қызметі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне персоналды басқару қызметімен тоқсан сайын жолданады.

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің, дербес бөлімдері басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен Әдеп кодексіне қатысты 2019 жылы - 2 отырыс өткізіліп, мемлекеттік қызметшілер арасында мiндеттерiн атқару кезінде, қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтау, қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқару, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде киiм киюдiң iскерлiк стилiн ұстану сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер мiнез–құлық қағидаларын құрметтеп, жеке қабылдау, телефонмен сөйлесу, бір–бірімен сыпайы сәлемдесуге және дөрекiлiк, адамдық қадiр–қасиетiн кемсiту, жөнсiздiк фактiлерiне жол бермеуі сияқты қызметтiк этика нормаларын бұзу фактiлерiн болдырмауға, жолын кесу міндеттері түсіндірілді.

Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша персоналды басқару бірыңғай қызметі бөлімінің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік құқықтық актілерді өз бетімен түсіндіруге мүмкіндік беретін құқықтық олқылықтар анықталған жоқ. Дискрециялық  өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша бөлім қызметкерлерінің басшымен мүдделер шиеленісі, теріс түсінік деректері анықталған жоқ, бөлім қызметкерлері орнықты жұмыс істеуде, кадрлардың тұрақтамауы жоқ, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйымдарды бұзушылықтар анықталған жоқ.

Бөлім мемлекеттік қызметтер көрсетпейді. Бақылау функциясы аудан әкімі аппараты ұжымы ішінде қызметкерлердің еңбек тәртібін, этика нормаларын сақтауын бақылауға қатысты іске асады, бұл функция өзге жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғамайды. 

VІІ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімі бойынша 

Бөлім қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында төмендегілер зерделенді:  

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы;

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 35 бұйрығы;

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 126 бұйрығы.

Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша бөлімінің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешім қабылдауына ықпал ететін, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік құқықтық актілерді өз бетімен түсіндіруге мүмкіндік беретін құқықтық олқылықтар анықталған жоқ. Дискрециялық  өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.    

Бөлім қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуге қатыспайды. Сонымен бірге бөлім мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізу жолымен бақылау-қадағалау функцияларын іске асырады.    

 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 16 ақпандағы № 35 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларымен бақыланатын объектілерді іріктеу рәсімдері, тексеру жүргізу шешімдерін қабылдайтын лауызымдық тұлғалардың өкілеттіліктері, бақылау нәтижелерін ресімдеу тәртібі, бақылау іс-шаралары объектілері басшыларының бақылау қорытындысына келіспеген жағдайда жазбаша қарсылық жасауға  құқығы, бақылау объектісі көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мақсатында тексеру нәтижесі бойынша іс-шаралар жоспарын қабылдау мәселелері жеткілікті мөлшерде реттелген.

Қорытынды: Жоғарыда баяндалғандар негізінде «Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін нормалар анықталмады.


Мақаланың шыққан күні: 17.01.2020 18:11

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2020 18:11

Қаралым саны: 88