Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы Индер ауданы «Өрлік ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы II жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық АНЫҚТАМА

«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Атырау облысы, Индер ауданы, Өрлік ауылы, Үсенов көшесі, 16 үй.

Мекемеде 5 мемлекеттік қызметкер, оның ішінде: округ әкімінің міндетін атқарушы–Сисатов Серік Ғабығапарұлы аудан әкімінің 2018 жылғы 06 желтоқсандағы №123-к өкімімен тағайындалды. Аппараттың бас мамандары – Қаженов Мұратбек Ермекұлы, бас маман-есепші – Идрисова Тоғжан Нұрмұханқызы, бас маман – Даулетова Жансая Қайырғалиқызы, бас маман – Қабышев Ықылас Айбекұлы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында бөлім өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативті құқықтық актілер, құқықтық актілер қарастырылды.

Округ аппаратында мүдделер қақтығысы орын алмаған.

1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» бойынша 2018 жылдың ІІ жартыжылдығында мемлекеттік қызмет көрсетілген жоқ.

2. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» бойынша 2018 жылдың ІI жартыжылдығында электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілген жоқ.

3. 2018 жылдың II жартыжылдығында заңды және жеке тұлғалардан арыздар мен өтініштер түскен жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа жол берілмей, сыбайлас жемқорлықтың орын алуына жағдай жасайтын фактілерді болдырмау оларды жою шаралар жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген.

Өрлік ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеліп, қосымшалар енгізілген.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша түрлі тақырыпта аппарат қызметкерлерімен 2 жиын, 3 дөңгелек үстел өткізілді. Өрлік ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлық жағдайларының алдын алу мақсатында ауыл тұрғындары және мекеме қызметкерлеріне екі (қазақ, орыс) тілде брошюралар таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тақырыбында баннерлер орнатылған.

Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшік» жұмысын жалғастырылуда.

Өрлік ауылдық округі әкімі аппаратында сенім телефоны ретінде 27-3-47 нөмірі бекітілген.

 

Округ әкімі С.Сисатов


Мақаланың шыққан күні: 24.01.2019 11:40

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.01.2019 11:40

Қаралым саны: 869