Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.09.2020

Қызметтер

Мақат аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық ақпарат.

«Мақат аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі»мемлекеттік мекемесі Мақат кенті, көшесі С. Мұқашева 36, тел: 8/71239 / 3-23-45;

1) бөлімнің қызметіне әсер ететін нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Мақат аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Әрі қарай -Бөлім) өз қызметін аудан әкімдігінің 2015 жылғы 4 ақпандағы №08 қаулысымен бекітілген , Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Еңбек тәртібінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі қатаң сақталады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері қатаң сақталуға үздіксіз міндеттелген.

Штат саны -6, оның ішінде бос орын -2 (бас маман ветеринар), азаматтық қызметшілер -4. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Мақат аудан әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №294 қаулысымен «Мақат аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы аудандық ветеринариялық стансасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны құрылды.

Аудандық ветеринариялық стансаның штат саны барлығы -9, оның ішінде ветстанса -1 директор, 1- ветврач, 1 есепші,1 көлік жүргізуші, 1 маман, ветеринариялық пунктте – 4 адам, оның ішінде 3 ветфельдшер,1 ветсанитар, мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

2017 жылғы Жеке және заңды тұлғалардан І жартыжылдық бойынша аталмыш бөлімге келіп түскен өтініштер саны – 165; оның ішінде техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер саны -51, оның ішінде ауыл шаруашылығы, жол құрылысы және арнайы техникаға берілген паспорттар саны- 5, техникалық төлқұжаттардың ауыстырылуы - 4, берілген телнұсқалардың саны - 1, арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер алғандар саны-8, оның ішінде ауыстырғандар саны- 4, ауыл шаруашылық, жол және арнайы техникаларды жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу саны-116, ветеринария саласы бойынша

жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер саны-114, оның ішінде ветеринариялық паспорт бере отырып бірдейлендіру саны-82, ветеринариялық анықтама саны-30, ветеринариялық–санитариялық анықтама алғандар саны-2. Веб-портал арқылы алғандар саны – 114.

Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған.

Сыбайлас жемқорлық бойынша ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің қызметіне байланысты мақалалар жариялануда. Сыни материалдар орын алған жоқ.

Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 3-23-45 бекітілген.

2017 жылғы 16 ақпанда Мақат аудан прокурорының тексеру тағайындау туралы №7171923520100002 қаулысына сәйкес, 2015-2016 жылдары аралығында ветеринария туралы заңнаманың сақталуына және жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеріс барысында ауыл шаруашылғы жануарларынан қан сынамаларын алу және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу кезінде кемшіліктер анықталды. Бөлімнің бас маманына және ветстанса мал дәрігеріне «ескерту» түрінде тәртіптік жаза берілді. Кемшіліктер жойылды.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша төмендегідей Ұсыныс береміз:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1)көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Бөлімнің кеңсесі арқылы көрсетілетіндігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына жол береді.

Осыған орай, көрсетілген стандарттарға өтініштерді қабылдау мен нәтижесін беру тек «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүргізілсін деген ұсыныс береміз.


Мақаланың шыққан күні: 12.10.2017 07:55

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.02.2019 05:07

Қаралым саны: 1342