Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.04.2020

Қызметтер

Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

06.12.2018-ғы № 10-51/242 шығыс хаты -ғы № кіріс хаты "Утверждаю"

и.о. руководителя Кызылкогинского

районного отдела жилищно-

коммунального хозяйства, пассажирского

транспорта и автомобильных дорог

 

__________________К.Гайнуллин

 

 

 

1. Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың объектісі.

Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

2. Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.

Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының 2018 жылғы 20 қарашадағы №88 бұйрығымен бекітілген, бөлім қызмтіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді.

Жұмыс тобының басшысы:

В.Жумалиева-бас маман.

Жұмыс тобының мүшелері:

И.Сисенбаева-шаруашылық меңгерушісі.

Ә.Нұрадинова-есепші.

4. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді.

1. Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау.

Бөлім бойынша басшылыққа алынатын Кодекстер, Заңдар және нормативтік-құқықтық актілерге талдау жасалып, нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар қаупін туғызатын нормалар мен өкілеттіктер анықталды жоқ.

2. Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау объектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау.

Бөлім Қызылқоға ауданы әкімдігінің бөлімшесі болып табылады. Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны-2, штаттан тыс қызметшілер саны-3 (есепші, көлік жүргізушісі, шаруашылық меңгерушісі) барлығы 5 қызметкер жұмыс жасайды.

2018 жылдың шілде - қараша айлары қорытындысы бойынша барлығы 18 бұйрық қабылданды. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі. Кадрлар қозғалысы 5 бірлік. Бөлімнің басшысы Р.Кәдірғалиев 2018 жылдың 15 қазаннан бастап, бөлім еспшісі А.Құбанова жұмыстан өз еркімен босатылды. Бөлімнің бас маманы ретінде Қ.Ғайнуллин, В.Жумалиева конкурстық комиссия отырысының хаттамасы негізінде уақытша міндетін атқарушы болып жұмысқа алынды. Бөлім есепшісі Ә.Нұрадинова қызметке алынды.

Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген. Аудан әкімі аппаратына есеп тапсырылуда. Бөлімде сенім телефоны жұмыс жасайды. Арыз-шағым жәшігі орнатылған.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс Кодексі, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының,қатаң сақтауы қадағаланып отырады. Қоғамдық орындарда мемлекеттік қызметшілерге бейәдеп қылықтар танытпау және әлеуметтік желі аккаунттарына жариялаумау жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.Сондай-ақ, бөлім ішкі жұмыс барын тысқа жарияламау, құпиялықты сақтау шаралары түсіндірілді.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген.

Қазіргі таңда бөлімде 1 мемлекеттік қызмет көрсетілуде. Қызмет алушының өтініші мемлекеттік коорпорация арқылы қабылданады. Бүгінгі күнге дейін «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметі бойынша 13 қызмет көрсетілді.

«Қызылқоға» аудандық қоғамдық-саяси газетіне мақала жарияланды.

Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Есепті мерзімде Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы 28 келісім шарт жасақталды.

5.Қорытынды.

«Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлық тәукелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жалғастыру;

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру, БАҚ-та кеңінен ақпарттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;

3. Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.

 

В.Жумалиева- бас маман, жұмыс тобының жетекшісі.

И.Сисембаева- шаруашылық меңгерушісі, жұмыс тобының мүшесі.

Ә.Нұрадинова -есепші, жұмыс тобының мүшесі.


Мақаланың шыққан күні: 12.12.2018 16:41

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.12.2018 16:41

Қаралым саны: 742