Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.04.2020

Қызметтер

Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қортындысы бойынша 2020 жылдың 9 қаңтардағы жай-күйі туралы талдамалық анықтама

Аққыстау ауылы                                                                                                                09.01.2020 жыл

Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімінің 2020 жылғы 8 қаңтардағы №13-ө бұйрығына сәйкес 2019 жылдың 18 шілде мен 31 желтоқсаны аралығындағы жұмыс кезеңіне ағымдағы жылдың 8-9 қаңтар күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы:

Топ басшысы:

1. Б.К.Кабиева – экономика және бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі.

Топ мүшелері:

1. Е.Н.Махашов – коммуналдық мүлікті түгендеу, басқару және заңды тұлғалармен жұмыс жасау секторының меңгерушісі;

2. М.К.Мухамеджанова - бюджетті атқару және бухгалтерлік есеп секторының бас маманы.

«Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:

- Қазақстан Республикасының   2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV  Мемлекеттік

мүлік туралы заңы;

- Қазақстан  Республикасының 2015   жылғы 23   қарашадағы №414-V Еңбек кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджет кодексі;

-Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан  Республикасы Ұлттық экономика  министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы

№72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан    Республикасы    Қаржы    министрінің  2014 жылғы 24 қарашадағы №511

«Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Исатай    ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 шілдедегі №141 қаулысымен бекітілген

Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі туралы ережесі.

Ішкі талдаудың бағыттары:

Ішкі талдау анықтамасы бойынша - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің                2014 жылғы 24 қарашадағы №511 «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес елді мекендерге арнайы жұмыс жасау үшін келген мамандардан түскен құжаттар, мемлекеттік мекемелерден бюджеттік өтінімдерді қабылдау электронды түрде жүзеге асса, бюджетті жоспарлау бойынша тиісті интеграцияланған база жасақталып нормативтік-құқтық актілерде және бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мүмкіндігі артатындығы туралы ұсыныс етіледі.

Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

«Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Бөлімнің құрылымы, штат саны аудан әкімімен бекітеді, 1-бөлім басшысы,                      3-құрылымдық сектор меңгерушісі, 4-бас маман. Бос ваканттың орнына қызметкер алу жалпы және ішкі конкурсты өткізу аудан әкімі аппаратының кадр бөлімімен өткізіледі. Бөлімде кадрлардың жиі ауысуы, сотталған және айыппұл алған мемлекеттік қызметкер жоқ;

2) Мүдделер қақтығысы-2019 жылдың 31 желтоқсан жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;    

3) Мемлекеттік қызмет көрсету - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес тиісті мамандарға бір жолғы жәремақы мен тұрғын үй алу үшін кредит беру қызметтерін көрсетеді.

4) Рұқсат беру функциялары іске асырылмайды;

5) Бөлімде бақылау функциялары іске асырылмайды;

6) Бөлімде ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер де жоқ;

7) Бөлімге қатысты мемлекеттік органдардан 2019 жылғы 18 шілде мен 31 желтоқсан аралығында тексеру жүрген жоқ;

8) Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ;

9) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;

10) Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

11) Сот актілері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

Жұмыс тобы ұсыныс етеді: мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық тәуекелділігін болдырмау үшін жұмыс бағытында тиісті нормативтік-құқықтық актілермен уақтында танысып, қызметкерлердің біліктігін көтеру жұмыстарын жетілдіру.

 

            Жұмыс тобы:

            _________________ Б.К.Кабиева

 

            _________________ Е.Н.Махашов

 

            _________________ М.К.Мухамеджанова

Келісілді:

Исатай аудандық экономика

және қаржы бөлімінің басшысы _______________ А.О.Сапаева


Мақаланың шыққан күні: 14.01.2020 18:31

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.01.2020 18:31

Қаралым саны: 99