Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.04.2020

Қызметтер

Ығылман Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының 2019 жылғы 1 қаңтар- 31 желтоқсан аралығындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы

№ 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жұмыс жүргізілді.

Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

1. Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясында педагогтар саны: 56, техникалық қызметкерлер саны-33.

2. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар (Facebook әлеуметтік желісі, интернет желісіндегі мектепшілік жеке сайтта жарияланады);

3. Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясындажеке тұлғалардан 206 өтініштер келіп түсті, өтініштер толықтай өз шешімін тапты;

4. Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясындақамқорлығынсыз қалған оқушы Тұрғанбек Гүлмаржан 13.07.2008жыл. Тұрғанбекова Айғанша 2011жылы 23-қыркүйектегі №56 бұйрық нәтижесінде қамқоршысы болып тағайындалды;

5. Ы.Шөреков атындағы мектеп – гимназиясында жекеленген әлеуметтік санаттағы және бастауыш сыныптар бойынша барлығы 191 оқушы Қазақстан Респупбликасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598бұйрығы бойынша тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр;

6. Ы.Шөреков атындағы мектеп – гимназиясында мектепшілік компьютерлік сауаттылықты арттыру және ағылшын тілін үйрету мақсатында ұйымдастырылған лагерге 50-оқушы, жекелеген санаттар бойынша қала сыртындағы лагерлерге 14-оқушы қатынастырылды;

7. Ы.Шөреков атындағы мектеп – гимназиясынданегізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беріледі, 2018-2019 оқу жылында 9 сынып - 11оқушы, 11 сынып - 18 оқушы;

8. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау бойынша барлығы 48 оқушы 1 сыныпқақұжаттарын тапсырды;

9. Ы.Шөреков атындағы мектеп – гимназиясында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын аттестаттаудан өткізуге 13 педагог мамандар құжаттарды тапсырды;

Ы.Шөреков атындағы мектеп – гимназиясына бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіледі.Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралыхаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық түрде өткізіледі. Есептік кезеңде Ы.Шөреков атындағы мектеп – гимназиясы қызметкерлері тарапынансыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

Ы.Шөреков атындағы мектеп – гимназиясында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.Қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

 

Ы.Шөреков атындағы мектеп – гимназиясы директоры: Ө.Дүйсәл


Мақаланың шыққан күні: 13.01.2020 11:59

Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.01.2020 11:59

Қаралым саны: 128