Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Индер ауданы Өрлік ауылдық округі әкімі аппаратының «Өрлік -Мәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2019 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

«Өрлік -Мәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, Индер ауданы Өрлік ауылы, І.Үсенов көшесі 54 үй. Телефон 8(71234) 2-75-90.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Индер ауданы Өрлік ауылдық округі әкімі аппаратының «Өрлік -Мәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2019 жыл бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мәдениет үйі әкімшілігі өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, құқықтық актілер нормативті құқықтық актілер, қарастырылды.

«Өрлік -Мәдениет» МКҚ кәсіпорны бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары нормативтік-құқықтық актілер Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, кәсіпорынға келіп түскен жеке өтініштері, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша жасалды.

Индер ауданы Өрлік ауылдық округі әкімі аппаратының «Өрлік-Мәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының 2019 жылға жасалған шаралары:

1) 2019 жылы кәсіпорынның штаттық кестесі бойынша 13 штатты құрады.

2) Мүдделер қақтығысы 2019 жыл ішінде болған жоқ.

3) Кәсіпорынның жарғысы негізінде халыққа қызмет көрсетіледі.

Жыл ішінде 45 шара ұйымдастырылып, шараға 5618 көрермен қамтылды. Ақылы қызметтен жылға 140 000 қаржы түсірілді.

4) Өтініштер болған жоқ.

Жалпы кәсіпорынға 11996,0 тенге қаражат бөлініп, толықтай игерілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарына кәсіпорын қызметкерлеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша түрлі тақырыпта қызметкерлерімен 3 жиын, 3 дөңгелек үстел өткізілді.

Есептік кезеңде «Өрлік-Мәдениет» МКҚ кәсіпорнында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

 

«Өрлік -Мәдениет» МКҚК


Мақаланың шыққан күні: 03.02.2020 10:41

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.02.2020 10:41

Қаралым саны: 149