Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Индер ауданы Жарсуат ауылдық округі әкімі аппаратының «Құрылыс-Мәдениет» МКҚКәсіпорынының 2019 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Индер ауданыЖарсуат ауылдық округі әкімінің аппаратының «Құрылыс-Мәдениет» МКҚКәсіпорынында2019 жыл бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында«Құрылыс-Мәдениет»МКҚКәсіпорыны өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар,құқықтық актілер нормативті құқықтық актілер, қарастырылды.

«Құрылыс-Мәдениет» МКҚКәсіпорыны бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары нормативтік-құқықтық актілер Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, кәсіпорынға келіп түскен жеке өтініштері, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша жасалды.

Индер ауданыЖарсуат ауылдық округі әкімінің аппаратының «Құрылыс-Мәдениет»МКҚКәсіпорыны бойынша 2019 жылға көрсетілген қызметтер.

1) 2019 жылғы кәсіпорынның штаттық кестесі бойынша 12 штатты құрады.

2) Мүдделер қақтығысы – 2019 жыл ішінде болған жоқ.

3) Кәсіпорынның Жарғысы негізінде халыққа қызмет көрсетілді.

Жыл ішінде 33 шара ұйымдастырылып, шараға 3190 көрермен қамтылды.

Ақылы қызметтен жылға 102 000 қаржы түсірілді.

4) Өтініштер болған жоқ.

Жалпы кәсіпорынға 11470,0 теңге қаражат бөлініп, толықтай игерілді.

Көрсетілген қызметтерді мерзімнен кешіктіру және қызмет алушылар тарапынан қызмет көрсету сапасына арыз шағымдар болған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында мәдениет қызметкерлеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.

2019 жылы мәдениет қызметкерлері арасында 2 жиналыс өткізілді.

Есептік кезеңде Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппаратының «Құрылыс-Мәдениет» МКҚКәсіпорынында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

 

Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппаратының «Құрылыс-Мәдениет» МКҚКәсіпорыны


Мақаланың шыққан күні: 03.02.2020 10:41

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.02.2020 10:41

Қаралым саны: 139