Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Индер ауданы Көктоғай ауылдық округі әкімі аппаратының «Көктоғай -Мәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2019 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Индер ауданы Көктоғай ауылдық округі әкімі аппаратының «Көктоғай -Мәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2019 жыл бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мәдениет үйі әкімшілігі өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар,құқықтық актілер нормативті құқықтық актілер, қарастырылды.

«Көктоғай -Мәдениет» МКҚ кәсіпорны бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары нормативтік-құқықтық актілер Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, кәсіпорынға келіп түскен жеке өтініштері, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша жасалды.

Индер ауданы Көктоғай ауылдық округі әкімі аппаратының «Көктоғай -Мәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының 2019 жылға жасалған шаралары. Олар:

1) 2019 жылы кәсіпорынның штаттық кестесі бойынша 15 штатты құрады.

2) Мүдделер қақтығысы- 2019 жыл ішінде болған жоқ.

3) Кәсіпорынның жарғысы негізінде халыққа қызмет көрсетіледі.

Жыл ішінде 52 шара ұйымдастырылып, шараға 5928 көрермен қамтылды.

Ақылы қызметтен жылға 155 000 қаржы түсірілді.

4) Өтініштер болған жоқ.

Жалпы кәсіпорынға 15469,0 тенге қаражат бөлініп, толықтай игерілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарына кәсіпорын қызметкерлеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.

2019 жылы қызметкерлер арасындағы «Сыбайлас жемқорлық қоғамдық дерт» тақырыбында 2 жиналыс өткізілді.

Есептік кезеңде «Көктоғай -Мәдениет» МКҚ кәсіпорнында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

 

 «Көктоғай -Мәдениет» МКҚК


Мақаланың шыққан күні: 03.02.2020 10:41

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.02.2020 10:41

Қаралым саны: 159