Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының «Бөдене-Мәдениет» МКҚ Кәсіпорынының 2019 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімінің аппаратының «Бөдене-Мәдениет» МКҚКәсіпорынында 2019 жыл бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында«Бөдене-Мәдениет» МКҚКәсіпорыны өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар,құқықтық актілер нормативті құқықтық актілер, қарастырылды.

«Бөдене-Мәдениет» МКҚКәсіпорыны бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары нормативтік-құқықтық актілер Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, кәсіпорынға келіп түскен жеке өтініштері, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша жасалды.

Индер ауданы Бөдене ауылдық округі әкімінің аппаратының «Бөдене -Мәдениет»МКҚКәсіпорыны бойынша 2019 жылға көрсетілген қызметтерге тоқталсақ,

1) 2019 жылғы кәсіпорынның штаттық кестесі бойынша 26 штатты құрады.

2) 2019 жыл ішінде мүдделер қақтығысы болған жоқ.

3) Кәсіпорынның Жарғысы негізінде халыққа қызмет көрсетілді.

Жыл ішінде 44 шара ұйымдастырылып, шараға 4473 көрермен қамтылды.

Ақылы қызметтен жылға 20 000 қаржы түсірілді.

4) Өтініштер болған жоқ.

Жалпы кәсіпорынға 27175,0 теңге қаражат бөлініп, толықтай игерілді.

Көрсетілген қызметтерді мерзімнен кешіктіру және қызмет алушылар тарапынан қызмет көрсету сапасына арыз шағымдар болған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында мәдениет қызметкерлеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.

2019 жылы мәдениет қызметкерлері арасында 3 жиналыс өткізілді.

Есептік кезеңде Бөдене ауылдық округі әкімінің аппаратының «Бөдене -Мәдениет» МКҚКәсіпорынында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

 

Бөдене ауылдық округі әкімінің аппаратының «Бөдене-Мәдениет» МКҚ Кәсіпорыны


Мақаланың шыққан күні: 03.02.2020 11:08

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.02.2020 11:08

Қаралым саны: 181