Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

Қызылқоға аудандық ветеринария бөліміндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

"Бекітемін"

Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы:

_____________ С.Латиев

М.П "20" қараша 2018

 

1. Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың обьектісі –Қызылқоға аудандық ветеринария бөлімі мемлекеттік мекемесі.

2. Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.

Қызылқоға аудандық ветеринария бөлімі басшысының 2018 жылғы 18 маусымдағы №44 бұйрығымен бекітілген, бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.

3. Ішкі талдау төмендегі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:

1) Карабалин Абзал Тайпакович-бөлімнің бас маманы, жұмыс тобының басшысы;

2) Нысанов Аманкелди Сатуович-бөлімнің бас маманы, жұмыс тобының мүшесі;

3) Сәрсенқұлова Гүлсезім Шапағатқызы-бөлімнің есепшісі, жұмыс тобының мүшесі;

4) Ішкі талдау жүргізу келесідей бағыттар бойынша жүргізілді:

1) Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

2) Персональды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас қауіптерін анықтау:

1) Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жұмыс тобы бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативтік-құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіктер анықталған жоқ.

Бөлім Қызылқоға ауданы әкімдігінің бөлімшесі болып табылып, дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының біртұтас жүйесіне кіреді, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын тиісті саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.

Қызылқоға аудандық ветеринария бөлімінде мемлекеттік қызметшілердің саны-4; азаматтық қызметшілер саны-4; Олар: 4 мемлекеттік қызметшілер (бөлім басшысы, 3 бас маман) мен штаттан тыс қызметкерлер (есепші, статистик, автокөлік жүргізушісі, хатшы) барлығы 8 қызметкер жұмыс жасайды.

Есептілік кезеңінде, 2018 жылдың қаңтар айының 31 күні бөлімдегі бос тұрған бас маман лауазымына 1 бас маман және ақпан айында мұрағатшы маман зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты жұмыстан босатылып оның орнына 1 маман алынды. Жұмыстан босатылған маманның сыбайлас жемқорлықпен байланысы болған жоқ. Шілде айында 1 бас маман зейнеткерлікке шығуына байланысты жұмыстан босады. Ол орын қазіргі уақытта бос тұр.

Сондай-ақ, бөлім басшысының өзiнiң жақын туыстарын жұмысқа қабылдау бойынша жағдайлар орын алған жоқ. Жұмысқа қабылдау заң нормаларына сәйкес конкурс арқылы және «Жұмыспен қамту орталығы» арқылы жолдамамен жүзеге асырылды. Бөлімде 2018 жылдың осы мерзіміне 72 бұйрық шығарылған. Шығарылған бұйрықтарда сыбайлас жемқорлықтың туындауына әсер ететін нормалар анықталмады.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлар тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

Кадрлардың қозғалысы-3 бірлік.

Бөлімдегі мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларын тапсыруы уақытылы қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына, аудан әкімі аппаратына айлық есептер уақытында тапсырылуда. Сонымен қатар , бөлімде «сенім телефоны» жұмыс істейді. Арыз шағым жәшігі ілінген.

Бөлімде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, «Әдеп» кодексінің талаптары қатаң бақыланады.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бөлімнің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар анықталмады.

Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің атына сыбайлас жемқорлыққа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарына материалдар жарияланған жоқ. Мемлекеттік қызметшілер атына Әдеп кодексін бұзған және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беретін мәліметтер түскен жоқ.

Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сай жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сай жүзеге асырылады. Бөлімдегі есепші қызметкер 2018 жылы «Премьер оценка» ЖШС директоры Е.Ғабдрахмановтың қатысуымен негізгі құралдарды пайдалану және есептеп шығару жөнінде, қазынашылық басқармасымен бірлесіп «Қазынашылық клиент» арқылы өткен төлем құжаттардағы кемшіліктер туралы семинар –кеңеске қатынастырылды. Бұл басқосудың мақсаты: бухгалтерлік шаруашылық есепті стандарттарға сәйкес жүргізу мен мемлекеттік сатып алу заңнамаларының өзгерістерімен таныстыру арқылы олардың білімін жетілдіру.

Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар,

конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.

2018 жылдың 11 ай қорытындысымен 1 заңды тұлғадан мал сою алаңына ветеринариялық-санитариялық қортынды алу үшін (мемлекеттік көрсетілетін қызмет) 1 өтініш түсті. Өтініші қанағаттандырылды.

Аталған мемлекеттік қызметті көрсету процесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 7-1/1031 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Бөлімнің арыз-шағым жәшігіне ешқандай арыз, шағым, өтініш, ұсыныс, талаптар түспеген.

Бөлімге уақыттың тығыздығына байланысты «шұғыл», «өте шұғыл» деп келген хаттар болды. Ол хаттардың қайсыбіріне мәліметтерді нақты беру үшін жауаптары мерзімінен кешіктіріліп берілді.

Бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланымдар:

21.06.2018 жылы «Қызылқоға» аудандық газетіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында мақала берілді.

Бюджет қаражатын игеру:

Бөлімде негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде 43 мемлекеттік сатып алу жұмысы Заңға сәйкес өткізілді.

Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі тексерушілік органдардан анықталғаны:

Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2017 жылғы 20 қарашадағы №10-04/2217 қатынасы бойынша аудан әкімінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №396-ө өкімімен бөлім басшысы С.Латиевке «ескерту» беріліп 2018 жылдың 4 маусымында №208-ө өкімімен тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын түсірген (Бұйрық көшірмелері жалғанды).

Ұсыныстар назарға алынып кемшіліктер жойылды.

2018 жылдың 12 қарашада аудан әкімінің №418-ө өкімімен бөлім басшысы С.Латиевке өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны және тиісінше орындамағыны үшін «ескерту» берілді.

Қортынды:

«Атырау облысы Қызылқоға аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қортындысы бойынша ұсынады:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді ұйымдастыру;

2. Сыбайлас жемқорлықтың алдан алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.

3. Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.

 

Жұмыс тобының басшысы, бас маман ______________________ А.Карабалин

Жұмыс тобының мүшесі, бас маман _________________________ А.Нысанов

Жұмыс тобының мүшесі ______________________________ Г.Сәрсенқұлова


Мақаланың шыққан күні: 21.11.2018 18:14

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.11.2018 18:14

Қаралым саны: 808