Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.07.2020

Қызметтер

«Исатай ауданының Исатай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың ІІ жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындылары бойынша талдау анықтамасы

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 - бабына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығының талаптарын орындау мақсатында Исатай ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы   5 қаңтардағы   № 1 өкімімен бекітілген «Исатай ауданының Исатай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмысшы тобы құрылды.

Осы өкімге сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде және мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша жүзеге асырылады.            

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 01.07.2019 -31.12.2019

жылғы кезеңдері аралығында жүргізілді.

Атап айтқанда,аталған мерзім аралығында округ әкімімен 10 шешім , 33 өкім қабылданды. Қабылданған актілер бойынша заң бұзу фактілері анықталған жоқ.

1) персоналды басқару

Бекітілген штаттық кесте бойынша   5 мемлекеттік әкімшілік қызметшілер(1 - әкім ,1 - құрылымдық бөлімше басшысы, 3 - бас маман). Исатай ауылдық округінің әкімі Ұ.Хисым зейнеткерлік жасқа келуіне байланысты1 жылға ұзартылған еңбек шарты мерзімінің аяқталуына байланысты 2019 жылдың 5 шілдесінде № 194 аудан әкімінің өкімімен жұмыстан босатылды. 2019 жылдың 25 қазанында аудан әкімінің № 310 өкіміне сәйкес А.Ғұбаш Исатай ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

2) мемлекеттік қызмет көрсету:

Ауылдық округі әкімі аппаратына көрсетілген мерзім ішінде жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер мен арыздар саны -27.Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы № 221 Заңына сай, барлық өтініштер уақытылы қаралып, жауабы өтініш иелеріне жазбаша хабарланды.

Мекемеге түскен кіріс және шығыс құжаттары электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне енгізілуі арқылы уақытылы жүргізіліп келеді.

«Egov.kz» порталы арқылы 11 бағыт бойынша тұрғындарға -295электрондық цифрлық қолтаңба алынып, басқалай 632қызмет көрсетілді.

3) рұқсат етілген және бақылау функцияларын жүзеге асыру:

2019 жылдың күзгі әскерге шақырушылар саны - 17 адам. Шақыру қағаздары таратылып, округтің құрылымдық бөлімше басшысы мен учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, күзгі әскерге шақырылушыларға Қазақстан Республикасының заңдарындағы нормаларға сәйкес, түсінік жұмыстары жүргізіліп, округ бойынша 1 сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге кетті.

2019 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша аудандық Жұмыспен қамту орталығына   ресми жұмыссыздарға тіркелгендер саны - 57. Ақылы қоғамдық жұмысқа қабылданғандар саны - 35 адам.

Исатай ауданының Исатай ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінде 2019жылдың6 айлық қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

Жұмыс тобының құрамы:

М.Тимралиева

Б.Нармаганбетова

Келісілді: А.Ж.Ғұбаш


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 12:05

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 12:05

Қаралым саны: 228