Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.07.2020

Қызметтер

«ИСАТАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰЩЫҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ 2019 ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЛЫҒЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ БОЙЫНША ТАЛДАУ АНЫҚТАМАСЫ

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығының талаптарын орындау мақсатында Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 22 қаңтардағы №8 өкімімен «Исатай ауданының Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Осы өкімге сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде және мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 03.01.2019-28.06.2019 жылғы кезеңдері аралығында жүргізілді.

Атап айтқанда, аталған мерзім аралығында округ әкімімен барлығы - 54, оның ішінде жер туралы заңнамаға қатысты шешім (жеке тұлғаларға -38, заңды тұлғаларға -9) және өкім – 94 (негізгі қызмет -50, жеке құрам-24, демалыс, жаза, іссапар-23) қабылданған. Қабылданған актілер бойынша заң бұзу фактілері анықталған жоқ.

1) персоналды басқару:

Бекітілген штаттық кесте бойынша 8 мемлекеттік әкімшілік қызметшілер (әкім, әкім орынбасары, бөлімше басшысы, 5 бас маман) жұмыс жасайды.

Жағымсыз себептермен жұмыстан босатылғандар және персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы, бұқаралық ақпарат құралдарында мекеменің мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдардың жариялануы орын алған жоқ.

Мүдделер қақтығысы орын алмаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер басқармасына декларацияларды уақытында тапсырған.

2) мемлекеттік қызмет көрсету:

Ауылдық округ әкімі аппаратына көрсетілген мерзім ішінде 78 арыздар мен өтініштер түскен (77- жеке тұлға, 1- заңды тұлға). Өтініштер Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес уақытылы қаралу арқылы шешілген.

Мекемеге түскен кіріс және шығыс құжаттары да электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне енгізілу арқылы уақытылы жүргізіліп келеді.

«Еgov.kz» порталы арқылы 9 бағыт бойынша тұрғындарға 74 электрондық цифрлық қолтаңба алынып, басқалай 587 қызмет көрсетілді.

3) рұқсат етілген және бақылау функцияларын жүзеге асыру:

2019 жылдың көктемгі әскерге шақырушылар саны – 57 адам. Шақыру қағаздары таратылып, округтің бас маманы мен учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, әскерге шақырушыларға Қазақстан Республикасының заңдарындағы нормаларға сәйкес, түсінік жұмыстары жүргізілді.

2019 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша аудандық Жұмыспен қамту орталығына ресми жұмыссыздарға тіркелгендер саны – 59 адам. Ақылы қоғамдық жұмысқа қабылданғандар саны – 48 адам.

Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және болдырмау мақсатында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу тақырыбында» 170 жаднама таратылды.

Аудандық «Нарын таңы» газетінің 2019 жылғы 27 маусымдағы №26 санында округ әкімі аппаратының бас маманы Т.Каримованың «Тура жолдан таймайық» атты мақаласы жарияланды.

«Исатай ауданының Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысымен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Жұмыс тобының құрамы:

М.Утегалиев

Қ.Қинешов

Г.Дюсенова

Т.Каримова

Ә.Мұратова


Мақаланың шыққан күні: 23.07.2019 12:53

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.07.2019 12:53

Қаралым саны: 578