Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша 2018 жылдың 21маусымындағы жай-күйі туралы талдамалық анықтама

Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы Қаазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Үлгілік ережеге сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Мекеме: Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілген мерзімі:.

2018 жылдың 1- жартыжылдығы

2018 жылдың 1 қаңтары мен 21 маусымы аралығындағы жұмыс кезеңіне ағымдағы жылдың 21 маусымы күні «Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:

- Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер бойынша құқық бұзушылық туралы ақпарат болмады;

-Сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша басқарма қызметкерлерінің қызметтері толықтай қаралды;

- Бұқаралық ақпарат құралдарында Басқарманың және оған қарасты мекеме қызметкерлерінің Заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткен аралықта Басқармаға заңды және жеке тұлғалар тарапынан арыз-шағымдар түскен жоқ;

- Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

- Басқарманың және оған қарасты мекеменің қызмекерлері атынан сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша тәртіп бұзушылықтар орын алған жоқ.

Кадрлер мәселесі бойынша мемлекеттік қызметшілердің көрсетілген мерзімде таза ауысуы болған жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету:

Басқармамен 10 мемлекеттік қызмет көрсетіледі: мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту; жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту; жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; іздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру; суармалы егiстiктi алқаптардың суарылмайтын түрiне ауыстыруға рұқсат беру; ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға

рұқсат беру; елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру; сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау; бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру.

Мемлекеттік қызмет көрсету бағытында заңнамалар талаптарының бұзылу фактілері анықталмады

Қорытынды және ұсыныстар:

1. Басқармаға мемлекеттік қаражат есебінен бөлінген қаржыны уақытылы және тиімді игеру мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурстарын жыл сайы І жартыжылдығында жариялап, аяқтау;

2. Басқарманың бос орын бірліктеріне конкурсты жариялау және бос орынды толықтыру жұмыстарын қамтамасыз ету.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелген лауазымды тұлға:

Бас маман-заңгер __________________С.Мурзагалиев


Мақаланың шыққан күні: 22.06.2018 01:46

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.07.2018 08:26

Қаралым саны: 1166