Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
17.07.2018

Қызметтер

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша 2018 жылдың 14 маусымындағы жай-күйі туралы талдамалық анықтама

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының 2017 жылғы 25 желтоқсанындағы №160 бұйрығына сәйкес басқарманың қызметіне 2018 жылдың 1 қаңтары мен 14 маусымы аралығындағы жұмыс кезеңіне ағымдағы жылдың 14 маусымы күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалы анықтама жұмыс тобымен жасақталды:

  1. Елеусинов Нұрболат Мақсотұлы – бөлім басшысы;

  2. Наурызбаева Сымбат Тұрсынғалиқызы – бөлімі басшысы:

  3. Құспанова Айгерім Сабитқызы – бөлім басшысы;

  4.  Теміржанов Алмат Маратұлы –бас маман-заңгері

«Басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:

- Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер бойынша құқық бұзушылық туралы ақпарат болмады;

- Сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша басқарма қызметкерлерінің қызметтері толықтай қаралды;

- Бұқаралық ақпарат құралдарында Басқарманың және оған қарасты мекеме қызметкерлерінің Заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткен аралықта Басқармаға заңды және жеке тұлғалар тарапынан арыз-шағымдар түскен жоқ;

- Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

- Басқарманың және оған қарасты мекеменің қызмекерлері атынан сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша тәртіп бұзушылықтар орын алған жоқ.

Қорытынды және ұсыныстар:

  1. Басқармаға мемлекеттік қаражат есебінен бөлінген қаржыны уақытылы және тиімді игеру мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурстарын жыл сайын І жартыжылдығында жариялап, аяқтау;

  2. Басқарманың бос орын бірліктеріне конкурсты жариялау және бос орынды толықтыру жұмыстарын қамтамасыз ету. 

Жұмыс тобы:

_____________________Н.М.Елеусинов

___________________ С.Т.Наурызбаева

_____________________ А.C.Құспанова

____________________ А.М.Теміржанов

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелген лауазымды тұлға:

 

__________________________Ж.О.Бисембиев


Мақаланың шыққан күні: 15.06.2018 00:46

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.06.2018 00:46

Қаралым саны: 17