Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.11.2017

Қызметтер

Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша 2017 жылдың 26 маусымындағы жай-күйі туралы талдамалық анықтама

Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының 2017 жылғы 23 маусымындағы №55 бұйрығына сәйкес басқарманың әкімшілік бөлімінің қызметіне 2017 жылдың 1 қаңтары мен 26 маусымы аралығындағы жұмыс кезеңіне ағымдағы жылдың 26 маусымы күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалы анықтама жұмыс тобымен жасақталды:

1. Хабиров Ғабдібек Рахипұлы – бөлім басшысы;

2. Дияшева Жеміс Сәлуқызы – бөлім басшысы;

3. Сағынов Азамат Серікұлы – бас маман-заңгер.

«Әкімшілік бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы; - «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы; - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі; - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Салық кодексі;

- «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы N 393 бұйрығы;

- «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыз N 1127 қаулысы;

- «Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 қаулысы;

- «Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы N 281 бұйрығы;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы;

- «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығы;

- «Мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығы;

- «Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы №15 бұйрығы;

- Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №428 қаулысымен бекітілген «Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы туралы ережесі»; - «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі Заңы.

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік – құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.

Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

«Әкімшілік бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы - ағымдағы жылдың 26 маусым қорытындысымен: басқарманың әкімшілік бөлімінің басшысы М.Құбышев Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өз еркімен қызметінен босатылды;

2) мүдделер қақтығысы – ағымдағы жылдың 26 маусым жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;

4) рұқсат беру функциялары іске асырылмайды;

5) Әкімшілік бөлімінің бақылау функциясына ұжым қызметкерлерінің еңбек тәртібі мен Әдеп кодексінің талаптарының сақталуы, мекеме қаржысының тиімді жұмсалуы жатады. Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың – өтініштерін заңнамаға сәйкес қаралуын қадағалайды. Талдау нәтижесі бойынша құқықбұзушылықтар анықталған жоқ.

6) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер жоқ.

7) Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында ағымдағы жылдың І жартыжылдығында Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының жүргізген мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық салдары анықталған жоқ.

8) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар – әр тоқсан сайын жергілікті «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттеріне басқарма қалалық «Мемлекеттік корпорация – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында тұрғындарды қабылдау кестесі, сенім телефон нөмірлері жарияланып тұрады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

9) басқарма қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;

10) прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

11) сот актілері-басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

Қорытынды және ұсыныстар:

1. Басқармаға мемлекеттік қаражат есебінен бөлінген қаржыны уақытылы және тиімді игеру мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурстарын жыл сайын І тоқсанда жариялап, аяқтау;

2. Бөлімдегі бос орын бірлігіне конкурсты жариялау және бос орынды толықтыру жұмыстарын қамтамасыз ету.


Мақаланың шыққан күні:: 27.06.2017 08:44
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.06.2017 08:44