Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
09.04.2020

Қызметтер

Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша 2019 жылдың 24 желтоқсандағы жай-күйі туралы талдамалық анықтама

Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының 2019 жылғы 28 маусымдағы №24-01-5/61 бұйрығына сәйкес басқарманың Тіл саясаты, талдау және мониторинг бөлімі мен бас маман-заңгерінің қызметіне 2019 жылдың 1 қаңтары мен 24 желтоқсан аралығындағы жұмыс кезеңіне ағымдағы жылдың 24 желтоқсан күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама төмендегі жұмыс тобымен жасақталды:

1. Дияшева Жеміс Сәлуқызы – бөлім басшысы;

2. Нұғыманова Арайлым Бауыржанқызы – басқарманың бас маман-есепшісі;

3. Досмаганбетова Айгүл – бөлімнің бас маманы.

Тіл саясаты, талдау және мониторинг бөлімінің және бас маман-заңгердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;

- 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы;

- «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы;

- «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңы;

- «Қазақстан Республикасының тіл саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы № 3186 Өкімі;

- Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №428 қаулысымен бекітілген «Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы туралы ережесі» (Облыстық әкімдіктің 2013 жылғы 31 мамырдағы №201 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

- «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Атырау облысының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар

жоспарын бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 38 қаулысы.

Бас маман-заңгердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;

- 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы;

- «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы;

- «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңы;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №434-V Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек Кодексі»;

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №120-VI Кодексі;

- Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №428 қаулысымен бекітілген «Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы туралы ережесі» (Облыстық әкімдіктің 2013 жылғы 31 мамырдағы №201 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген);

- «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Атырау облысының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 38 қаулысы.

- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1193 қаулысы;

- «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы;

- «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы.

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік-құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.

Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

Тіл саясаты, талдау және мониторинг бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – аталған бөлімде екі бірлік, бөлім басшысы тұрақты қызмет атқаруда және бөлімнің бас маманы басқарма басшысының 2019 жылғы 7 маусымдағы №24-04-6/35 бұйрығы негізінде қызметке тағайындалды;

2) мүдделер қақтығысы – ағымдағы жылдың 24 желтоқсандағы жағдай бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;

4) рұқсат беру функциялары іске асырылмайды;

5) басқармамен Атырау облысы әкімінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі №132-ө «Тіл туралы заңнаманың сақталуына бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2019 жылдың 2 жартыжылдығына арналған тізімін бекіту туралы» өкіміне сәйкес тіл туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында Құрманғазы ауданы әкімінің аппаратына және Атырау облысында орналасқан 3 (үш) департаментке (Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Атырау облысы бойынша Экология департаменті, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізілді;

Талдау нәтижесі бойынша құқықбұзушылықтар анықталған жоқ;

6) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер жоқ;

7) Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында ағымдағы жылдың І жартыжылдығында Атырау облысы әкімінің мемлекеттік

мекеменің қызметін тиімділік, үнемділік, нәтижелілік нысанына талдау жүргізу мақсатындағы 2019 жылғы 3 маусымдағы №01-23-7/16 аудиторлық іс-шараны жүргізуге берілген тапсырмасына сәйкес 2019 жылдың 10 маусымы мен 5 шілде аралығында Атырау облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметімен ішкі мемлекеттік аудит жүргізілді;

8) бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

9) бөлім қызметкеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;

10) прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

11) бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

Басқарманың бас маман-заңгерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – басқарманың бас-маман заңгері басқарма басшысының 2019 жылғы 7 маусымдағы №24-04-6/34 бұйрығы негізінде қызметке тағайындалды;

2) мүдделер қақтығысы – ағымдағы жылдың 24 желтоқсандағы жағдай бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) басқарма бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;

4) рұқсат беру функциялары іске асырылмайды;

5) басқармамен Атырау облысы әкімінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі №132-ө «Тіл туралы заңнаманың сақталуына бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің 2019 жылдың 2 жартыжылдығына арналған тізімін бекіту туралы» өкіміне сәйкес тіл туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу мақсатында Құрманғазы ауданы әкімінің аппаратына және Атырау облысында орналасқан 3 (үш) департаментке (Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы, Атырау облысы бойынша Экология департаменті, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізілді;

Талдау нәтижесі бойынша құқықбұзушылықтар анықталған жоқ;

6) бас-маман заңгердің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер жоқ;

7) Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында ағымдағы жылдың І жартыжылдығында Атырау облысы әкімінің мемлекеттік мекеменің қызметін тиімділік, үнемділік, нәтижелілік нысанына талдау жүргізу мақсатындағы 2019 жылғы 3 маусымдағы №01-23-7/16 аудиторлық іс-шараны жүргізуге берілген тапсырмасына сәйкес 2019 жылдың 10 маусымы мен 5 шілде аралығында Атырау облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметімен ішкі мемлекеттік аудит жүргізілді;

8) бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

9) басқарма қызметкеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;

10) прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

11) басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

 

Қорытынды және ұсыныстар:

1. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету.

2. Тілдерді дамыту мәселесі бойынша шараларды ұйымдастыру, түсіндіру жұмыстарын жандандыру, орындалуын қамтамасыз ету.

3. Құжаттарды, актілерді, келісім-шарттарды жасақтау кезінде қолданыстағы заңнамаларды басшылыққа алу.

4. «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесімен тұрақты түрде жұмыс жасау.

5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жан-жақты қарауды қамтамасыз ете отырып, бақылауға алу.

Жұмыс тобы:

__________________Ж.С.Дияшева

 

__________________А.Б.Нұғыманова

 

___________________А.Досмаганбетова

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелген лауазымды тұлға:

___________________Ә.Б.Қыстаубаева


Мақаланың шыққан күні: 24.12.2019 16:46

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.12.2019 16:46

Қаралым саны: 121