Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.04.2020

Қызметтер

Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша 2017 жылдың 8 маусымдағы жай-күйі туралы талдамалық анықтама

Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының 2018 жылғы 6 маусымындағы №24-01-5/56 бұйрығына сәйкес басқарманың ономастика және көрнекі ақпаратқа бақылау жасау бөлімінің қызметіне 2018 жылдың 1 қаңтары мен 8 маусымы аралығындағы жұмыс кезеңіне ағымдағы жылдың 8 маусымы күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалы анықтама жұмыс тобымен жасақталды:

1. Қуанышева Айгүл Базарбайқызы – бөлім басшысы;

2. Мұханбетқалиева Мәншүк Тастемірқызы – бөлім басшысы;

3. Хамидуллина Гүлшат Хамидуллақызы – бөлім басшысы;

4. Нұғыманова Арайлым Бауыржанқызы – бас маман-есепші.

«Ономастика және көрнекі ақпаратқа бақылау жасау бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы;

- 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы;

- «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы;

- «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі Заңы;

- «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы;

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңы;

- «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығы;

- «Қазақстан Республикасының тіл саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы № 3186 Өкімі;

- «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 Қаулысы;

- «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 Қаулысы;

- «Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 396 Қаулысы;

- Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №428 қаулысымен бекітілген «Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы туралы ережесі»;

- «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Атырау облысының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 42 қаулысы (Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 207 , 2018 жылғы 27 ақпандағы №39, 2018 жылғы 24 сәуірдегі №91 қаулыларымен өзгерістер енгізілген);

- «Атырау облысының ведомоствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі консультативтік-кеңесші органдарын құру туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 321 қаулысы (Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 59, 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 269, 2012 жылғы 11 қазандағы № 283, 2012 жылғы 2 қарашадағы № 338, 2013 жылғы 15 наурыздағы № 102, 2013 жылғы 12 шілдедегі № 271, 2014 жылғы 28 қарашадағы № 368, 2015 жылғы 13 ақпандағы № 32, 2015 жылғы 6 наурыздағы № 62, 2015 жылғы 12 маусымдағы № 178, 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 298, 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 375, 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 76, 2016 жылғы 18 шілдедегі № 149, 2017 жылғы 10 қарашадағы № 275, 2017 жылғы 28 желтоқсандағы №346 және 2018 жылғы 6 наурыздағы №43 қаулыларымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік-құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.

Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

«Ономастика және көрнекі ақпаратқа бақылау жасау бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – аталған бөлімде бір бірлік, яғни, бөлім басшысы тұрақты қызмет атқаруда. Кадрлардың алмасуы болған жоқ;

2) мүдделер қақтығысы – ағымдағы жылдың 8 маусым жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;

4) рұқсат беру функциялары іске асырылмайды;

5) бөлімде бақылау функциясы іске асырылмайды.

Талдау нәтижесі бойынша құқықбұзушылықтар анықталған жоқ.

6) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер жоқ.

7) Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында ағымдағы жылдың І жартыжылдығында мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша тексерістер болған жоқ.

8) бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

9) бөлім қызметкеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;

10) прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

11) сот актілері – бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

Қорытынды және ұсыныстар:

1. Ономастика мәселесіне қатысты арыз-шағымдарға уақытылы және сапалы жауап беру, ономастика саласына қатысты құқықтық ағарту, түсіндіру жұмыстарын халық арасында, БАҚ арқылы жандандыру;

2. Атырау облысының ономастикалық комиссиясының отырысын уақытылы өткізіп, қабылданған хаттамалық шешімдердің орындалуын қадағалау және комиссия жұмысы туралы ақпаратты БАҚ-та жариялау.


Мақаланың шыққан күні: 20.06.2018 08:37

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.07.2018 12:56

Қаралым саны: 1038