Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.04.2020

Қызметтер

Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша 2019 жылдың 28 маусымдағы жай-күйі туралы талдамалық анықтама

Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының 2019 жылғы 28 маусымдағы №24-01-5/61 бұйрығына сәйкес басқарманың Ономастика және тілдерді дамыту бөлімі мен бас маман-есепшінің қызметіне 2019 жылдың 1 қаңтары мен 28 маусымы аралығындағы жұмыс кезеңіне ағымдағы жылдың 28 маусымы күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама төмендегі жұмыс тобымен жасақталды:

1. Қуанышева Айгүл Базарбайқызы – бөлім басшысы;

2. Жұмағалиева Индира Абайқызы – бөлімнің бас маманы;

3. Есенов Ринат Шонаұлы – басқарманың бас маман-заңгері.

Ономастика және тілдерді дамыту бөлімінің және бас маман-есепшінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;

- 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы;

- «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы;

- «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңы;

- «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы №2572-XII Заңы;

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы №72-V Заңы;

- «Қазақстан Республикасының тіл саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы № 3186 Өкімі;

- «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық

және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 Қаулысы;

- «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 Қаулысы;

- «Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 396 Қаулысы;

- Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №428 қаулысымен бекітілген «Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы туралы ережесі»;

- «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Атырау облысының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 38 қаулысы.

Бас маман есепшінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы;

- 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы;

- «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы;

- «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңы;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №434-V Заңы;

- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының №120-VI Кодексі;

- «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Кодексі;

- Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №428 қаулысымен бекітілген «Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы туралы ережесі»;

- «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Атырау облысының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 38 қаулысы.

- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1193 қаулысы;

- «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы;

- «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы.

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік-құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.

Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

Ономастика және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – аталған бөлімде екі бірлік, бөлім басшысы тұрақты қызмет атқаруда және бөлімнің бас маманы басқарма басшысының 2019 жылғы 6 мамырдағы №24-04-6/26 бұйрығы негізінде қызметке қабылданды;

2) мүдделер қақтығысы – ағымдағы жылдың 28 маусым жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;

4) рұқсат беру функциялары іске асырылмайды;

5) бөлімде 2019 жылдың I жартыжылдығына бақылау функциясы іске асырылмаған;

Талдау нәтижесі бойынша құқықбұзушылықтар анықталған жоқ;

6) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер жоқ;

7) Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында ағымдағы жылдың І жартыжылдығында Атырау облысы әкімінің мемлекеттік мекеменің қызметін тиімділік, үнемділік, нәтижелілік нысанына талдау жүргізу мақсатындағы 2019 жылғы 3 маусымдағы №01-23-7/16 аудиторлық іс-шараны жүргізуге берілген тапсырмасына сәйкес 2019 жылдың 10 маусымынан бастап Атырау облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметімен ішкі мемлекеттік аудит жүргізілуде;

8) бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

9) бөлім қызметкеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;

10) прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

11) бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

Басқарманың бас маман-есепшісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – басқарманың бас-маман есепшісі 2017 жылдан бері тұрақты қызмет атқаруда.

2) мүдделер қақтығысы – ағымдағы жылдың 28 маусым жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) басқарма бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;

4) рұқсат беру функциялары іске асырылмайды;

5) бақылау функциясы іске асырылмайды;

Талдау нәтижесі бойынша құқықбұзушылықтар анықталған жоқ;

6) бас-маман есепшінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер жоқ;

7) Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында ағымдағы жылдың І жартыжылдығында Атырау облысы әкімінің мемлекеттік мекеменің қызметін тиімділік, үнемділік, нәтижелілік нысанына талдау жүргізу мақсатындағы 2019 жылғы 3 маусымдағы №01-23-7/16 аудиторлық іс-шараны жүргізуге берілген тапсырмасына сәйкес 2019 жылдың 10 маусымынан бастап Атырау облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметімен ішкі мемлекеттік аудит жүргізілуде;

8) бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

9) басқарма қызметкеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;

10) прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

11) басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

Қорытынды және ұсыныстар:

1. Ономастика мәселесіне қатысты арыз-шағымдарға уақытылы және сапалы жауап беру, ономастика саласына қатысты құқықтық ағарту, түсіндіру жұмыстарын халық арасында БАҚ арқылы жандандыру, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету.

2. Атырау облысының ономастикалық комиссиясының отырысын уақытылы өткізіп, қабылданған хаттамалық шешімдердің орындалуын қадағалау және комиссия жұмысы туралы ақпаратты БАҚ-та жариялау;

3. Тілдерді дамыту мәселесі бойынша шараларды ұйымдастыру, түсіндіру жұмыстарын жандандыру, орындалуын қамтамасыз ету.

4. Бюджеттен бөлінген қаражатты қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жоспарлау, тиімді және толық игеру, мемлекеттік сатып алуды жүргізуде заң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету.

Жұмыс тобы:

__________________А.Б.Қуанышева

 

__________________И.А.Жұмағалиева

 

___________________Р.Ш.Есенов

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелген лауазымды тұлға:

___________________Ә.Б.Қыстаубаева


Мақаланың шыққан күні: 04.07.2019 16:25

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.07.2019 16:25

Қаралым саны: 469