Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы 2020 жылғы 15 мамырдағы қорытындысы бойынша

Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) басшысының 2020 жылғы 14 мамырдағы №11 бұйрығына сәйкес, Мемлекеттік қала құрылысы кадастры және бас жоспарларды іске асыру бөлімі мен бас маман-бас есепшінің қызметіне 2020 жылдың І жарты жылдығындағы жұмыс кезеңіне ағымдағы жылғы 15 мамыр күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Басқармамен жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілмейді. Рұқсат беру, қадағалау және бақылау функциялары іске асырылмайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтама төмендегі жұмыс тобымен жасақталды:

1. Бекпанова Дина Қалыбекқызы-бөлім басшысы;

2. Төремұратова Айнаш Амангелдіқызы-бас маман;

3. Әділхан Інкар Әділханқызы-бас маман.

Мемлекеттік қала құрылысы кадастры және бас жоспарларды іске асыру бөлімінің және бас маман-бас есепшінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:

- «Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі;

- «Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі»;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызмет туралы» Заңы;

- 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңы;

- «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңы; - Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңы;

- ҚР ҚН 3.01-00-2011 «Қазақстан Республикасындағы қала құрылысы жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту тәртібі туралы Нұсқаулығы»;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы №706 «Барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №234 «Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы» бұйрығы;

- Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы №307 «Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының кейбір мәселелері туралы» қаулысы.

Бас маман-бас есепшінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:

- Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексі;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 28 ақпан 2007 жылғы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы;

- «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1193 қаулысы;

- «Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №256 қаулысы;

- «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы №1127 қаулысы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы Ереже.

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік-құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталған жоқ.

Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

Мемлекеттік қала құрылысы кадастры және бас жоспарларды іске асыру бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

1) Бөлімде 3-бірлік, бөлім басшысы мен бас маман тұрақты қызмет атқаруда және бөлімнің бір бас маманы облыс әкімдігінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі №64 «Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы №307 «Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес, басқарма басшысының 2020 жылғы 30 сәуірдегі №21 бұйрығы негізінде қызметке тағайындалды;

2) Ағымдағы жылғы 15 мамырдағы жағдай бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) Бөлімнің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінен туындайтын мәселелер жоқ;

4) Бөлімнің қызметін қозғайтын мемлекеттік органдардан тексерулер жүргізілген жоқ.

5) Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлім қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ.

6) Бөлім қызметкерлеріне ағымдағы жылғы 15 мамырға жеке және заңды тұлғалар тарапынан барлығы-1 өтініш түскен. Өтінішке қолданыстағы заң талаптарына сәйкес уақытында, жан-жақты әрі толық жауап берілді.

7) Прокурорлық қадағалау актілері болған жоқ.

8) Бөлім бойынша сот актілері түскен жоқ.

Басқарманың бас маман-бас есепшісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:

1) Бас маман – бас есепшісі басқарма басшысының 2019 жылғы 1 шілдедегі №35 бұйрығы негізінде қызметке тағайындалды. Сонымен қатар, облыс әкімдігінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі №64 «Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 27 желтоқсандағы №307 «Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес, бас маман – бас есепші тікелей Басқарма басшысына бағынады.

2) Ағымдағы жылғы 15 мамырдағы жағдай бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) Бас маман-бас есепшінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын мәселелер жоқ;

4) Бас маман-бас есепшінің қызметін қозғайтын мемлекеттік органдардан тексерулер жүргізілген жоқ.

5) Бұқаралық ақпарат құралдарында бас маман-бас есепшіге қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ.

6) Бас маман-бас есепшіге жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ.

7) Прокурорлық қадағалау актілері болған жоқ.

8) Бас маман-бас есепшіге қатысты сот актілері түскен жоқ.

Қорытынды және ұсыныстар:

1. Елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) әзірлеуді ұйымдастыру және іске асыру;

2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының жүйелі, сапалы толықтырылуын қалалық Сәулет және қала құрылысы бөлімімен тығыз байланыс орната отырып жүргізу;

3. «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінің жұмысын үйлестіру, қалалық және аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен тығыз байланыс орната отырып жүргізу;

4. Құжаттарды, актілерді, келісім-шарттарды жасақтау кезінде қолданыстағы заңнамаларды басшылыққа алу;

5. Облыстық бюджеттен бөлінген қаражаттың уақытылы игерілуін қамтамасыз ету;

7. Басқарманың стратегиялық жоспары мен операциялық жоспарын жасақтау.

 

Жұмыс тобы:

__________________Д.Бекпанова

 

__________________А.Төремұратова

 

___________________І.Әділхан

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелген лауазымды тұлға:

___________________Г.Ж.Арыстанова


Мақаланың шыққан күні: 20.05.2020 17:24

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.05.2020 17:24

Қаралым саны: 26