Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Анықтамасы

Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жұмыстарын басқарма басшысының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу туралы» 2019 жылғы 11 сәуірдегі №19 бұйрығына сәйкес жүргізді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесі келесі жұмыс тобымен жүзеге асырылды:

1. Абеуов Думан Алиасқарұлы – басқарма басшысының орынбасары;

2. Джабасов Сырым Әменұлы – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімі басшысы;

3. Иманғалиев Кемел Құрманғалиұлы – еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы;

4. Кистаубаев Кайрбай Сайнович – әкімшілік-талдау бөлімінің басшысы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мерзімі:

- 2019 жылдың 17 – 24 шілде аралығы.

Талданатын мерзімі:

- 2019 жылдың бірінші жартыжылдығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдігіне ішкі талдау жүргіздің

бағыты мен нысаны:

1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

2. Мүдделер қақтығысын реттеу;

3. Бақылау функцияларын іске асыру;

4. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы;

5. Қызметтік этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықты сақтау;

6. Талдау кезінде анықталған өзге де мәселелер;

Талданатын объекті туралы мәлімет:

Мемлекеттік органның толық атауы: ««Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - басқарма).

Басқарма - Қазақстан Республикасының заңдылықтарын еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Миссиясы: еңбек қатынастары саласында қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау.

Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Басқарманың ведомстволық бөлімшелері қарастырылмаған.

Басқарма - өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қарашадағы №260 басқарма ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Басқарманың орналасқан жері: 060011, Атырау қаласы, Пушкин көшесі 163 үй, 2 қабат.

1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлық ауысым бойынша:

Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді. Қазіргі уақытта мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің штаттық саны 17 адамнан тұрады, нақты 16 адам, 1 бос лауазым бар (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімі бас маманы - 1).

Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысымен кадрлық ауысу мәселесі, яғни 3 қызметкер өз еркімен жұмыстан босатылып, 2 қызметкер жұмысқа қабылданды.

2. Мүдделер қақтығысын реттеу мәселесі:

Ішкі талдау жүргізу кезінде басқарма қызметкерлерінің арасында жеке қызығушылықтары өздерінің лауазымдық өкілеттігін лайықсыз орындауға әкеп соғатын өзара жеке қызығушылықтарымен болған қарсылықтар, сонымен қатар жеке мүдделері қызметтік міндеттерін дұрыс орындамауға әкелуі мүмкін қарама-қайшылық деректер анықталған жоқ.

3. Бақылау функцияларын іске асыру мәселесі:

2019 жылдың 6 айы бойынша Басқармамен мемлекеттік еңбек бақылау саласында бір қатар жұмыстар атқарылды.

Басқарманың жұмысы ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылуда. Талданып отырған кезеңде Басқармамен облыстағы заңды тұлғалардың қызметіне 241 тексеріс жұмыстары жүргізілді, оның ішінде жоспардан тыс – 235, жоспарлы тексерулер – 6.

Тексеру нәтижесімен 295 заң бұзушылықтар, оның ішінде еңбек қатынастары бойынша - 266, еңбек қауіпсіздігі және және еңбекті қорғау саласы бойынша - 21, жұмыспен қамту мәселелері бойынша – 8 заң бұзушылық анықталды.

Осы мерзім ішінде 129 ұйғарым шығарылып, оның ішінде 77 орындалып, 46 ұйғарым орындау кезеңінде.

Сонымен қатар құқық бұзушыларға қатысты 68 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 9 058 438 теңге көлемінде әкімшілік айыппұлдар салынып, оның 6 041 063 теңгесі мемлекет пайдасына өндірілді.

Өндіріспен байланысты тіркелген жазатайым оқиғалар саны - 12 (17), зардап шекен адамдар саны – 16 (18).

4. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы:

Талдау кезңінде басқармаға 829 (2018ж-627) өтініш келіп түссе, оның 718 қаралып, 111 қаралу кезеңінде.

Қаралған арыздардың ішінде 439 - қанағаттандырылып, 26 - бас тартылып, 57 – заңға түсіндірме беріліп, 118 – өндірістен қысқартылып, 78 – басқа органға жолданылған.

Талдау барысында келіп түскен өтініштер санының былтырғы жылдың өткен мерзімімен салыстырғанда өскендігі байқалады.

Сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау мақсатында басқарма қызметкерлерімен қаралатын жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне және жүргізілетін арнайы тексерулерге бақылау күшейтілген және автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы басқарылып, қадағаланады.

5. Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықты сақтау мәселесі:

Басқармада Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы басқарма басшысының орынбасары Д.Әбеуовке жүктелген.

Д.Әбеуов өз кезегінде қызметкерлер арасында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультативті көмек пен түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді.

Өз кезегінде басқарма қызметкерлеріне күнделікті жұмыс барысында сыбайлас жемқорлық көрінісіне жол бермеу және оның алдын алуға бағытталған барлық шараларды қабылдау қажеттігі үнемі аппараттық жиналыста айтылады.

2019 жылдың 6 айында басқарма қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық сипатында, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды және әдептілік нормалары мен мінез-құлық қағидаларының талаптарын бұзу жағдайларының орын алуына жол берілмеген.

Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары бойынша (интернет-ресурстарында, әлеуметтік желілерде, т.б.) мониторинг тұрақты түрде жүргізілуде, бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни немесе жағымсыз материалдар жарық көрмеген.

Бүгінгі таңда, басқарма ғимаратының көрнекті жерлерінде (дәлізде, қызметтік бөлмелерде) «Пара беру – бұл қылмыс», «Атырау- адалдық алаңы» плакаттары ілінген.

6. Талдау кезінде анықталған өзге де мәселелер бойынша:

Басқармамен өткізілетін бос лауазымдарға үміткерлерді іріктеу конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Үміткерлермен әнгімелесу міндетті түрде байқаушылардың қатысуымен жүргізіледі.

Басқармаға алғашқы және жаңадан қызметке қабылданған қызметкерлер міндетті түрде ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы тексеруінен өткізіледі және тәжірибелі қызметкерлерге бекітіледі.

Басқармаға қатысты нормативтік құқықтық актілерде (оның ішінде Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қарашадағы №260 басқарма ережесі, ҚР Еңбек Кодексі, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР заңы, «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Президентінің Жарлығы, «Мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы бұйрығы) қарама-қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталған жоқ.

Қорытынды:

- Талдау жүргізу кезінде басқармада жемқорлық тәуекелдігі анықталған жоқ.

Басқарма қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлық белсенділігіне жол бермеу жұмысын, құқықтық біліктілікті арттыру және сыбайлас жемқорлық белсенділігіне төзбеушілікті көтеру жұмыстарын жалғастыру.

 

Жұмыс тобы:

Басқарма орынбасары ______________ Д.А.Абеуов

Бөлім басшысы ____________________ С.А. Джабасов

Бөлім басшысы ____________________ К.Қ.Иманғалиев

Бөлім басшысы ____________________ К.С.Кистаубаев


Мақаланың шыққан күні: 27.12.2019 16:46

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.12.2019 16:46

Қаралым саны: 326