Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
15.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы Білім беру басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалы анықтама

Атырау облысы Білім беру басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу Басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушының 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №498 «Ішкі талдау жұмыстарын жүргізетін жұмыс тобын құру туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

1. Қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімшенің атауы: педагог кадрларды аттестаттау және басқару бөлімі.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыттары:

1)    Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі;  

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығы;

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы;

- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегі №319 «Білім туралы» Заңы.

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 «Мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы №15 «Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығы;

- Атырау облыстық әкімиятының 2008 жылғы 10 сәуірдегі №85 «Атырау облысы Білім беру басқармасының мәселелері» қаулысы;

2) «Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша бөлім қызметкерлерінің мүдделер қақтығысы, теріс түсінік деректері анықталған жоқ.

Персоналды басқару қызметі

Педагог кадрларды аттестаттау және басқару бөлімінің құрылымы: бөлім басшысы, педагог қызметкерлерді аттестаттау жөніндегі бас маман, кеңсе және арнайы бөлімшенің жетекші маманы. Ағымдағы жылдың 31 желтоқсан қорытындысы бойынша кадрлардың ауысуы: жұмыстан босатылған қызметкер: бас маман М.Аухадиев 08.11.2019ж. Ауыл шаруашылығы басқармасына жұмысқа ауысты.

    Педагог кадрларды аттестаттау және басқару бөлімі мемлекеттік қызмет көрсетеді және рұқсат беру функцияларын іске асырмайды. Бақылау функциясы ұжым қызметкерінің еңбек тәртібін, әдеп нормаларын сақтауын бақылауға қатысты іске асырады, бұл функция өзге жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғамайды. 

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша нормативтік құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмады.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар – жарты жыл сайын жергілікті «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттеріне басқарма басшысының қалалық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында тұрғындарды қабылдау кестесі, сенім телефон нөмірлері жарияланып тұрады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментімен 29.12.2018 ж. Атырау облыстық білім беру басқармасының лауазымды тұлғаларына және де басқа да адамдарға қатысты №182300131000182 (біріктірілген) қылмыстық іс тергелді.

Тергеу барысында К.Кенжегалиев, Р.Кабдулова, Г.Кабекенов және Н.Мажитова ҚР-сы ҚК-нің 189-бабының 2-бөлігімен айыпталушы деп танылып, оларға қатысты сот процесі жүргізілуде.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы ақпарат

Ағымдағы жылы Атырау облысы Білім беру басқармасына 222 арыз-шағым түсті. Барлығы жеке және заңды тұлғалардан. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес өтініштер уақытылы қаралды.

Прокурорлық қадағалау және сот актілері орын алған жоқ.

3. Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы міндетін уақытша атқарушының 2018 жылдың 29 желтоқсандағы №498 «Ішкі талдау жұмыстарын жүргізетін жұмыс тобын құру туралы» бұйрығына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесі құрамда құрылды:

А.Исанбергенова – жалпы орта білім беруді дамыту бөлімінің басшысы, А.Каюпова – қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің басшысы, А.Кайрлиева – қосымша білім беру және тәрбие бөлімінің басшысы, Т.Колбаева – бухгалтерлік есеп және қаржыландыру бөлімінің басшысы, Р.Тлепбергенова – кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау бөлімінің басшысы, З.Магзумова – педагог кадрларды аттестаттау және басқару бөлімінің басшысы.

4. Ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2019 жылғы 1 қаңтар және 31 желтоқсан аралығы.

5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы – Магзумова Зульфия Нәсіпкерейқызы.

6. Дискрециялық  өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.     

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсынымдар:

1) Басқармадағы уақытша бос орын бірлігіне уақытылы орналастыру жөнінде шаралар қабылдау; 

2) Басқармаға түскен өтініштерді уақытылы жауап берілуін қамтамасыз ету;

3) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау шараларын алу.


Мақаланың шыққан күні: 15.01.2020 17:46

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.01.2020 17:46

Қаралым саны: 236